«Түгел сөздің билігі- Төле би» дөңгелек үстел
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 21 қараша 2023
  • 1154

«Түгел сөздің билігі- Төле би» дөңгелек үстел

Тарих және Археология БББ-ның ұйымдастыруымен тарихи тұлға Төле биге арналған "Түгел сөздің билігі-Төле би" тақырыбында іс-шара өткізілді.

Шараға Тарих және Археология БББ магистранттары мен студенттері қатысты.БББ-ның оқытушылары мен 2 курс магистранттары қазақ халқының шешендік өнеріне, ел бірлігін нығайтуға орасан үлес қосқан ойшыл, дана, туралығын айтар  шешен Төле би бабамыздың жас ұрпаққа өнеге болар ғибратты ғұмыры мен өсиеттері  даналығы мен жеке қасиеттеріне арналған баяндамалар жасады. Баяндамада жастарға Төле бидің тарихи биік тұлға дәрежесіне жетуіне себеп болған "Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ" деген сөзі адалдық пен парасаттылықтың, әділдік пен туралықтың биік өлшемі екендігі айтылды. Нақты осы қасиеттері бүгінгі өскелең жас ұрпақ үшін таптырмас өнеге. Сондықтан да бабамыздың әрбір сөзі тәрбиелік мәні зор адамгершіліктің алтын қоймасы іспеттес. Бабамыздың ізгі әрекеттері мен биік болмысы, даналығы мен тапқырлығы, туралығы, әділ шешімі мен билік кесімдерді елге қызмет етемін деген әрбір азаматқа үлгі болуы тиіс.

WhatsApp Image 2023-11-23 at 11.08.00.jpeg

WhatsApp Image 2023-11-23 at 11.08.14.jpeg

WhatsApp Image 2023-11-23 at 11.08.35.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...