«Журналист болам десеңіз…» байқауының жеңімпаздары анықталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 23 қараша 2023
  • 1025

«Журналист болам десеңіз…» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті білім алушыларының арасында «Журналист болам десеңіз…» байқауы өтті. Сайысқа журналистика мамандығының 1-4 курс студенттерінен құралған 7 топ  қатысты.

Байқау мақсаты – журналистика мамандығы студенттерінің мамандыққа деген құлшынысын арттыру, шығармашылығын шыңдау.

Қатысушылар «Жастар мәселесі» тақырыбында арнайы сюжет дайындап, ақпарат әзірлеп, мамандыққа қатысты тест сұрақтарына жауап берді.  Сонымен қтар, жеребе әдісі арқылы түрлі жағдаяттарды шешті.

P2544200.jpg

P2544083.jpg

Болашақ журналистердің жұмысын «Сыр бойы» газетінің аға тілшісі Айнұр Батталова, «Қоғам ТВ» телеарнасының шеф-редакторы Баян Құлтанова, университеттегі әлеуметтік және тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы Жанар Бимұратқызы, Қызылорда облыстық телерадиокомпаниясының тілшісі Әйгерім Нәжмадин, Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Құралай Жақсылық бағалады.

«Байқау халықаралық студенттер күні өткізілді. Журналистика мамандығы бойынша білім алатын студенттеріміздің шығармашылығын шыңдау  және  олардың арасындағы достық байланысты нығайту мақсатында өткен сайысты 3-курс студенттері  жоғары деңгейде ұйымдастырды», – деді «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы, Ж-21-1 оқу тобының тәлімгері Асыл Қожабайқызы.

P2544227.jpg

P2544299.jpg

P2544116.jpg

Нәтижесінде І орын иеленген «Шың» тобы 30 000 теңге, ІІ орынға тұрақтаған «Шаңырақ» тобы 20 000 теңге, ІІІ орын еншілеген «Медиа-магнаттар» тобы 10 000 теңге ұтып алды.  Ал қалған қатысушы топтарға алғыс хатпен бірге ынталандыру мақсатында сыйақы табысталды.

Айта кету керек, байқауды «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасы, Ж-21-1 оқу тобы ұйымдастырды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...