Оқу үдерісін ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру басқармасы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45

Оқу үдерісін ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру басқармасы

dinaNEW.JPG

 Жарылғапова Дина Мұратқызы
Басқарма басшысы

Оқу үдерісін ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру басқармасы академиялық саясат басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Басқарма университетте оқу процесін ұйымдастыруды жетілдіруді қамтамасыз етеді. Басқарма тікелей академиялық саясат басқармасының бастығына бағынады.

Міндеті:
1. Білім берудің кредиттік оқыту технологиясы  бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен Қазақстан Республикасы  Ғылым және Жоғары білім министрлігінің  нормативтік  құжаттарына және университет ректоры бекіткен ішкі құжаттарына сәйкес оқу үдерісін  ұйымдастыру және оның орындалуына бақылауды іске асыру;
2. Білім қызметін жүргізу құқығына берілетін мемлекеттік лицензияға сәйкес университетте білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және басқару;
3. Білім беру қызметі сапасын арттыруға ықпал жасау. Оқу үдерісінің кестесіне сәйкес университет бойынша сабақ кестесін жасау, сабақтарды тексеру. Ашық сабақтар кестесін жинақтау, өту барысын қадағалау;
4. Университеттің студенттер контингентінің қалыптасуы мен қозғалысына бақылау жасау;
5. Институттардағы оқу үдерісін ұйымдастыру сапасына зерттеулер жүргізу және құжаттамаларды нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін тексеру;
6. Білім беру формалары мен әдістемелерін даярлау және оларды одан әрі дамыту;
7. Институттарда туындаған жағдайды жақсарту үшін нәтижелілікті анықтау мен мүмкіндіктерді бағалау мақсатында сараптама жүргізу;
8. Профессор-оқытушылар құрамына сағаттық төлемақы жасау бойынша құжаттарын жинақтау;
9. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің талаптарына сай Қорытынды аттестаттау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;
10. Cтуденттерді қабылдау аяқталған соң университеттің қабылдау комиссиясынан жеке іс қағаздарды алу және жүргізу; Бұйрықтарға сәйкес студенттердің жеке іс қағаздарын құжаттамалық рәсімдеу және өзгертулер енгізу; Басқа ЖОО-дан ауысып келген студенттердің құжаттарына жазбаша сұраныс рәсімдеу; Басқа ЖОО-ға ауысып кеткен, сондай-ақ оқудан шығарылған студенттердің құжаттарын рәсімдеу және жөнелту;
11. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша мерзімдерін сақтай отырып жауап даярлау (дипломның телнұсқасын және білім алуды аяқтамағаны туралы анықтама толтыру);
12. Университетті бітірушілердің жеке іс қағаздарын тексеру, сақтау және университеттің  архивіне өткізу;
13. ҰҚК, қаржы полициясы мен басқа да ұйымдардың сұраныстарына жауаптарды қайтару;
14. Қатаң есептегі бланкілерді есепке алу және беру  жұмыстарын жүргізу; Қатаң есептегі бланкілерге сұраныс дайындау (дипломдар, білім алуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін анықтамалар, студенттік билеттер және оларды беру мен есепке алу);
15. Университеттің оқу үдерісінің кестесіне сай кәсіптік практикалардың барлық түрлерінің өтуін жоспарлайды, ұйымдастырады және қадағалайды. Кәсіптік практикаларды өткізу үшін  шығарушы кафедраларға облыс, қала төңірегіндегі мекемелермен, өндіріс орындарымен меморандумдар,келісім-шарттар жасауға ықпал етеді. Практикалардың барлық түрлерін ұйымдастыру, өткізу барысында практика жетекшілеріне жан жақты әдістемелік көмек көрсетеді. Практика бойынша өткізілетін бағыт бағдар беру және қорытынды конференцияларына қатысады.
16. Оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша барлық бұйрық жобаларын дайындайды, соның ішінде студентердің оқу ақысына жеңілдік жасау бойынша бұйрық жобаларын дайындау.
 
Қызметі:

1) Университеттегі жалпы білім беру процесінің ұйымдастырылуына жетекшілік етеді.
2) Оқу сабақтарының өткізілуіне, кафедраларда өткізілетін іс-шараларға, сондай-ақ тексеру барысында анықталған кемшіліктердің жойылуына жетекшілік етеді.
3) Оқу сабақтарының әлеуметтік-ізгілендіру пәндерінің кестесін жасайды және білім алушылардың сабаққа қатысуын тексереді.
4) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі өткізетін жаңа оқу жылына жоғары білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін құжаттар дайындайды.
5) 1-17 нысаны бойынша бакалавриат білім алушыларының контингенті жөніндегі тоқсандық және жылдық есептерді дайындайды.
6) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің талаптарына сәйкес қорытынды аттестаттау комиссиясының жұмысын ұйымдастырады (қорытынды аттестаттау төрағаларының кандидатуралары бойынша ұсыныстар жинайды, келісім хаттар мен шақыру хаттарын жібереді). Түлектердің қорытынды аттестаттау нәтижелерін Ғылыми кеңестің қарауына ұсынады.
7) Бітіруші білім беру бағдарламалары бойынша біліктіліктер тізбесін үш тілде дайындайды.
8) 1-НК, 3-НК нысандары бойынша бакалавриат білім алушылары контингентінің қозғалысы жөніндегі жылдық статистикалық есепті дайындайды. Университет білім алушылары контингентінің қалыптасуы мен қозғалысын бақылайды.
9) Мемлекеттік білім беру гранттары және жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілетін білім беру гранттары негізінде білім алатын білім алушылар контингентіне мониторинг жүргізеді.
10) Қазақстан Республикасы Президенті тағайындаған стипендияға және Қазақстан Республикасы Президенті Қорының стипендиясына құжаттар дайындайды.
11) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің білім беру гранттары бойынша бос орындарға орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар дайындайды.
12) Республикалық олимпиадаларды ұйымдастырады (бұйрықтар мен хат-хабарлардың жобаларын дайындайды).
13) Университеттегі оқу процесін ұйымдастыруға байланысты бұйрықтар мен өкімдердің жобаларын дайындайды, білім алушыларды іссапарға жіберу туралы бұйрықтарды рәсімдейді.
14) Оқу процесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлейді, жоғары оқу орнының ішкі қағидаларын әзірлеуге қатысады, оқу процесін ұйымдастыруға қатысты ішкі нормативтік құжаттарды әзірлейді.
15) Профессор-оқытушылар құрамының ай сайынғы жүктемесінің орындалуын бақылайды, кафедралардың оқу жүктемесін орындауы туралы ай сайынғы есептерін құрастырады.
16) Сағаттық ақы төлеу негізінде профессор-оқытушылар құрамы орындаған сағаттардың есебін жүргізеді және төлем жасау үшін бухгалтерияға береді.
17) Оқу жылына арналған жоғары оқу орнының аудиториялық қорының тізілімін жасайды.
18) Институттар мен кафедралардың оқу-әдістемелік жұмысын талдау және аудиттен өткізу жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады және олардың құрамына қатысады.
19) Оқу процесін ұйымдастыру бөлігінде эдвайзер-кураторлардың жұмысына жетекшілік етеді.
20) Қысқы және жазғы сессиялар кезінде қоғамдық комиссия мен апелляциялық комиссияның жұмысын ұйымдастырады.
21) Қосымша жазғы семестрді өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.
22) Мемлекеттік білім беру гранты бойынша бос орындарға құжаттар дайындайды.
23) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, басқа да уәкілетті органдардың және Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің сұрау салулары бойынша статистикалық деректерді уақтылы ұсынады.
24) Университеттің жұмысқа орналасқан және жұмысқа орналаспаған түлектері туралы ақпарат жинайды.
25) Университет мамандықтарына нарықтағы сұранысқа мониторинг жүргізеді.
26) Түлектермен байланыс орнатады, жұмысқа орналаспаған түлектердің «Бос орындар жәрмеңкесіне» қатысуын ұйымдастырады, түлектердің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндемелерін жинайды және олардың жоғары оқу орнының сайтында орналастырылуына мониторинг жүргізеді.
27) Мемлекеттік гранттар және ауыл квотасы негізінде мамандықтар бойынша білім алған түлектерді жұмысқа орналастыру туралы есепті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ-ға дайындайды.
28) Ауыл квотасы және мемлекеттік тапсырыс негізінде Университетті бітірген білім алушылар туралы деректерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ-ның «Жас мамандарды есепке алу» жүйесіне енгізеді.
29) Мемлекеттік тапсырыс және ауыл квотасы негізінде білім алатын білім алушылар арасында міндетті үш жылдық жұмыспен өтеу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
30) Дуальды оқыту элементтерін оқу процесіне енгізу бойынша жұмыс жүргізеді.
31) ЖАОК-тарды (жаппай ашық онлайн курстарды) дайындауға әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеу жүргізеді.
 

Құрылымы:
Дина Мұратовна Жарылғапқызы - басқарма басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы
Эл.почта: Dina@korkyt.kz
 
Фоменко Елена Вениаминовна- бас әдіскер

Эл.почта: metodist_OOUP@korkyt.kz 

Сапарбаева Алма Бимурзаевна- бас әдіскер

Эл.почта: SAlma@korkyt.kz

Бержанова Ляззат Мергеновна- бас әдіскер

Жуматаева Жазира Байсериковна - практика меңгерушісі 

Эл. почта: Jazira_18_05@mail.ru
Сагынбаева Жанар Ералхановна - әдіскер

Эл. почта: metodist_zhanar@mail.ru

Мусаева Гулсим Кыдыралиевна - әдіскер

Эл. почта:  Gulsim2@korkyt.kz 

Еримбетова Айжан Курманалиевна - әдіскер

Эл. почта: Aizhan11@korkyt.kz 

Сагимбаева Роза Тынымбаевна - әдіскер

Эл. почта: roza.1973@korkyt.kz

Ахметова Зауре Ұзақбайқызы - әдіскер

Эл. почта: Zaure1109@korkyt.kz

Медетбаева Қарлығаш Медетбайқызы - әдіскер

Эл. почта: karlygash_090mkm@korkyt.kz 

Аккулова Жанат Жумабековна - әдіскер

Эл. почта: dizhan.1970@korkyt.kz

Ақышбаева Кенжекүл Үсенқызы - әдіскер

Эл. почта: Decanatistoriy@korkyt.kz 

Нурымбетова Акмарал Сражовна - әдіскер

Эл. почта: Akmaral87_nc@korkyt.kz 

Есбатыр Баян Әділбекқызы - әдіскер

Эл. почта: Bayan98@korkyt.k

Карамергенова Сауле Калдыбековна - инспектор

Эл. почта:  saule.kaldybek@mail.ru  

Казбекова Гульназ Галиевна  - инспектор

Эл. почта: Galievna07@mail.ru 
Кожабекова Алтынай, Альжанова Айнур Онгарбаевна - маман

Эл. почта: Aida@korkyt.kz
Байбатша Гүлфат Есболқызы - офис-менеджер. 

Эл. почта: Gulfat@korkyt.kz 

Cерикбаева Гулбахыт Койбагаровна - методист
Эл.почта: Gulbakhyt@korkyt.kz 

 

E-mail: Dina@korkyt.kz
Байланыс телефондары: 8(7242) 27-09-96, 26-41-64.
Мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Айтеке би көшесі, 29 А, Бас оқу ғимараты

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации