«Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

«Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені

Абдулхасанов.jpeg

Абдулхасанов Алексей Ильясович
«Сейхун» Спорттық-сауықтыру кешенінің директоры 

«СЕЙХУН» Спорттық-сауықтыру кешенінің қызметі мыналарға бағытталған:
- Қорқыт Ата атындағы ҚУ студенттерінің мамандықтардың оқу жоспарлары мен бекітілген сабақ кестелеріне сәйкес дене тәрбиесін ұйымдастыруға;
- университеттік, қалалық, облыстық және республикалық ауқымда спорттық-бұхаралық іс-шараларды ұйымдастырып, өткізуге (спартакиадалар, турнирлер, спорт түрлерінен жарыстар);
- Қорқыт Ата атындағы ҚУ оқытушы-профессор құрамы, қызметкерлер мен студенттері арасында денешынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға.

«СЕЙХУН» Спорттық-сауықтыру кешені университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оның негізгі мақсаты Қорқыт Ата атындағы ҚУ оқытушы-профессор құрамы, қызметкерлер мен студенттері арасындасаламатты өмір салтын насихаттау; университеттің ОПҚ, қызметкерлері мен студенттерін денешынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға тартуға.

«СЕЙХУН» Спорттық-сауықтыру кешенінің атқаратын қызметтері мыналар болып табылады:
- университеттің ОПҚ, қызметкерлері мен студенттері денешынықтыру және спортпен айналысу үшін бассейн, спорт залдар мен жабдықтардың дұрыс қалыпта болуын қамтамасыз ету;
- университеттің ОПҚ, қызметкерлері мен студенттерінің белсенді демалыстарын ұйымдастыруға ықпал ету;
- барлық деңгейдегі спорттық-бұхаралық іс-шараларды ұйымдастыруға ықпал ету және қамтамасыз ету;
- бекітлегн баға есептеріне сәйкес ақылы қызметтер көрсету.

1.jfif  2.jfif

3.jfif  5.jfif

4.jpg  6.jpg

«СЕЙХУН» Спорттық-сауықтыру кешенінің материалдық-техникалық базасы мыналарды қамтиды: спорттың ойын түрлеріне арналған көлемі 44х25 метр спорт залдары (футзал, волейбол, гандбол); көлемі 11х25 метр жүзу бассейні, тиісті мүліктері мен жабдықтары бар жаттығу залы; заманауи тас пештермен жабдықталған екі сауна; бильярд және үстел теннисі бар демалыс орны.
Спорттық-сауықтыру кешенінде минифутбол, волейбол, гандболдан жарыстар, барлық деңгей мен ауқымдағы түрлі спартакиадалар үнемі өткізіліп тұрады. Жүзу бассейнініне келушілерді білікті нұсқаушылар, медицина қызметкерлері бақылап отырады.

Бассейнге келушілер келесі ережелерді білуі тиіс:
1. Бассейнге тек дәрігер-дерматологтың медициналық тексеруінен өткен адамдарға ғана рұқсат етіледі.
2. Бассейнге келгенде өзімен бірге сүлгі, сабын, сүйретпе аяқкиім, резенке бас киім, суға түсуге арналған киім болуы тиіс.
3. Бассейнге түсер алдында душқа кіріп сабын және жөкемен жуыну қажет.

Тыйым салынады:
1. Бассейнге сыртқы киіммен және көшеге киген аяқкиіммен кіруге.
2. Бассейн трапымен жүгіруге.
3. Жолдарға кесе-көлденең жүзуге.
4. Бассейнге шыны ыдыстар, тағам өнімдерін алып кіруге.
5. Мүліктерді бүлдіруге. Мүліктерді бүлдіргені үшін келген зиянның 10 есе көлемінде айыппұл өндіріледі.

Байланыс: +7 (7242) 30 16 05
Мекен-жайы: мкр. Сәулет, Құрманғали Ажаров к-сі №36

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...