Интеллектуалды бағыт
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

Интеллектуалды бағыт

 
«Зияткер Qorqyt» интеллектуалды ұйым    

Зияткерлік ойындар қозғалысына тарту арқылы студенттерінің интеллектуалдық әлеуетін дамыту. Студенттердің бос уақытын тиімді өткізуге, өзін-өзі жетілдіруге, сонымен қатар олардың интеллектін дамытуға ұмтылуға қалыптастыру. Ғылымның, техниканың, өнердің түрлі салаларында білімдерін жүйелеп, кеңейтуді, электрондық ақпаратпен жұмыс істеу біліктері мен дағдыларын жетілдіруге және дұрыс қадамдар жасауға үйрету. 
 
«TalkLike» оқырмандар ұйымы    

Білім іздеген жас студенттер арасынан сапалы орта құрып, жас студенттерді кітап оқуға сауатын ашып, уақытты тиімді әрі пайдалы ету. Сондай-ақ жастардың кітап оқу¬ға ынтасын арттыру, кітап оқу мә¬де¬ние¬тін қалыптастыру. Сыни ойлау қабылетін арттыру.
 
«ENACTUS» ұйымы    

Студенттердің кәсіпкерлікке және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін бизнес-жобаларды жасауға үйрете отырып, кәсіпкерлікке баулу. Олардың көшбасшылық қасиетін дамытып, командамен жұмыс жасауға үйрету. Студенттерді өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге және олардың қауымдастықтарында дамуға ықпал ететін жобалар мен бастамаларды құру үшін өз білімдері мен дағдыларын қолдануға шабыттандыру.
 
«Ақиқат» пікірталас ұйымы    

Студенттердің ораторлық қасиетін дамыту,  интеллектуалдық денгейін арттыру. Сөйлеу мәнерін, сөз құрылымын сақтауға баулиды, шешендікке үйретумен қатар, тұлға болып қалыптасуға, кез келген ортада өз ойын айта алатындай жастарды тәрбиелеуге септігін тигізеді. Әр түрлі тақырыптарда ой қозғап, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге ұсыныстар бере алады. Мемлекеттік тілді сақтай отырып, тәрбиелік маңызы зор құндылықтарды ұстанып, студенттердің арасындағы қарым-катынасты нығайту арқылы теріс пиғылды әрекеттерге қарсы күресуді үйрету.
 
«InfoGo» IT ұйымы  

IT- ға қызығатын студенттердің білімін арттырып, қоғамға пайдалы проекттерді биікке көтеру. Пәнаралық технологияларға негізделген цифрлық экономика саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау және оқыту, зерттеу және табысты инновациялар арқылы цифрлық трансформацияны қамтамасыз ету. Қазақстанның IT индустриясын жаңғырту және насихаттау.
 
«ҚОРҚЫТ шақырады» ұйымы 

Университеттің белсенділері арқылы мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу. Белсенді студенттердерің бітіруші түлектерге университеттің қыр-сырын көрсетіп, басқа университеттерін артықшылығын көрсетуге мүмкіншілік жасау. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жайлы ақпаратты барынша дұрыс әрі нақтысын тарату.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...