Әскери-жұмылдыру және терроризмге қарсы жұмыстар қызметі
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

Әскери-жұмылдыру және терроризмге қарсы жұмыстар қызметі

galimzhan.jpeg
Жармаханов Ғалымжан Алтынбекұлы
Әскери-жұмылдыру және терроризмге қарсы жұмыстар қызметінің  басшысы
 
Міндеті:
Қызметті басқару және қызметкерлердің өз міндеттерін уақытылы орындауы үшін дербес жауапты болу. Терроризмге қарсы жұмыстар және әскери-жұмылдыру қызметімен  қатар АҚ, ТЖ штабының және режимдік-құпия органның бастығы болып табылады.
- Басшылыққа ынталандыру, сондай-ақ қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу.
Әскери жұмылдыру іс-шараларын іске асыру жөніндегі жұмысқа басшылық жасау үшін:   
- әдістемелік құжаттарды зерделеу және оларды тәжірибеде қолдану бойынша жұмысты бағыттау;   
- оқуға қабылданушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес қабылдау;   
- жұмылдыру кезеңiнде мерзiмiнен бұрын босатылған запастағы офицерлердiң, қатардағы сержанттардың куәлiктерiнiң есепке алынуы мен қозғалысына бақылауды жүзеге асыру.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің  барлық объектілерін терроризмге қарсы қорғауға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру жөніндегі жұмысты басқару:   
- университеттің ең алдымен, лаңкестік әрекетке осал нысандарын техникалық жарақтандыру бойынша ұсыныстар енгізу;   
- университет қызметкерлерін оқыту бойынша профилактикалық және тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру;   
- мекеменің тұрақты және ауыспалы қызметкерлерінің терроризмге қарсы санасын қалыптастыруда объект басшыларына көмек көрсету;    
- студенттерді, профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлерді, шаруашылық объектілерін және университет аумағын авариялардан, апаттардан және дүлей зілзалалардан қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша ұсыныстар әзірлеуді және оларды іске асыруды ұйымдастыру.
Қызметтiң мемлекеттiк және қызметтiк құпияларды қорғау және құпия iс қағаздарын жүргiзу жөнiндегi жұмысына басшылық жасау; 
- өз құзыреті шегінде, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар  оқу орнының лауазымды тұлғаларына қатысты тексеру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз етеді;
- мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілер мен бұйрықтардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- қызметте құпия іс қағаздарын жүргізуді, оның ішінде қабылдауды, тіркеуді, орындауға беруді, арнайы хабарламалар арқылы құжаттарды жіберуді, құпия істерді қалыптастыруды және түгендеуді, оларды мұрағаттық сақтауға дайындауды бақылауды жүзеге асырады; 
- қызметтегі құжаттарды, тексеру нәтижелері бойынша актілерді жасайды;
- құпия ақпаратқа қол жеткізу үшін тіркелуге жататын университеттің лауазымды тұлғаларының  лауазымдарының номенклатурасын әзірлейді, осы номенклатураға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, оларды облыстық ҰҚКБ-мен келіседі;
 
Қызметі:
- Терроризмге қарсы қорғаныс қызметінің белгіленген құжаттамасына сараптама жүргізеді;
- Университеттің терроризмге қарсы қорғаныс қызметінің құжаттарында көрсетілген өкілеттіктері мен міндеттеріне сәйкес жұмысты ұйымдастырады және орындайды.
- Университет объектілеріне кіруді бақылайды және оның қатаң сақталуын тексереді.
- Күдікті адамдар мен заттарды анықтау мақсатында объектілердегі және оның маңындағы аумақтағы жағдайды бақылайды. Институт директорларымен бірлесіп қызметкерлер мен студенттер арасында терроризмге қарсы қорғаныс бойынша брифингтер түріндегі профилактикалық және оқыту іс-шараларын өткізеді.
- Қызметкерлер мен студенттер арасында қауіпсіздік мәдениетін, терроризмге қарсы сананы қалыптастырады.
- Объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық шараларды бақылайды. 
- Объектілердің сипаттамаларына барабар лаңкестік сипаттағы ықтимал қауіптерге әрекет ету алгоритмдерін әзірлейді.
- Объектіде терроризм актісі болған жағдайда уәкілетті органдарды уақытылы хабардар етуді ұйымдастыру және объектілерді терроризмге қарсы қауіпсіздік паспортын уақытылы жасау және жүргізу, оны тиісті түрде сақтау жұмыстарын атқарады.
 
Құрылымы:
Жармаханов Ғалымжан Алтынбекұлы - Әскери-жұмылдыру және терроризмге қарсы жұмыстар бөлімінің басшысы
Эл.почта:  iad1306@korkyt.kz
Имашов Қайрат Балғабаевич – инспектор
Эл.почта:  imashov.kayrat@korkyt.kz
Махамбетова Жақсыгүл Сақтағанқызы – инспектор
Эл.почта:  Zhaxygul@korkyt.kz
 
 
Байланыс номерлері: 8 (7242) 27-05-83, iшкі телефон 144
Мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Айтеке би көшесі, 29 А, Бас оқу ғимараты.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...