Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы

kosanov.JPG

Қосанов Самалбек Оразбайұлы
Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығының директоры міндетін атқарушысы

Міндеттері:
1. Аграрлық ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;
2. Орталықтың тәжірибелік-эксперименттік учаскелерінде профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша бейінді кафедралар, басқа да құрылымдардың жұмысын үйлестіру;
3. Ботаникалық бақта ағаш екпелері мен ауыл шаруашылығы дақылдарын күту бойынша агротехникалық жұмыстарды ұйымдастыру;
4. Технологиялық талаптарға сәйкес көкөніс дақылдарының өсімдіктерін жылыжайда өсірудің барлық кезеңінде оларға күтім жасау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
5. Ауыл шаруашылығы, биологиялық және техникалық мамандықтар бойынша студенттер, магистранттар мен докторанттардың ҒЗЖ, оқу-практикалық сабақтарын дайындау және өткізу.

Қызметтері:
1. Өңір экономикасын дамытудың басым және перспективалы бағыттары бойынша инновациялық қызметті, сондай-ақ қолданбалы зерттеулерді дамыту;
2. Коммерциялық іске асыруға бағытталған қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыру және практикалық әзірлемелерді орындау;
3. ПОҚ мен студенттердің ғылыми гранттар мен конкурстарға қатысуын қамтамасыз ету және оларға конкурстық құжаттарды дайындау;
4. Қосымша және бюджеттен тыс қаржы құралдарын іздеу және тарту;
5. Оқу үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру;
6. Бейінді кафедралардың, сондай-ақ инженерлік бейіндегі және химиялық-биологиялық зерттеулер зертханаларының жетекші мамандарымен байланыс орнату және ынтымақтастықты дамыту;
7. Ботаникалық бақты оқу үдерісінде, білімді таратуда ғылыми зерттеулер үшін және ғылыми жетістіктердің көрсету паркі ретінде пайдалану;
8. Ауыл шаруашылығы, биологиялық және техникалық мамандықтар студенттері мен магистранттарының практикасын өткізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;
9. Университет қызметкерлері, студенттер, магистранттар мен докторанттардың ҒЗЖ өткізу және ғылыми жобалар мен гранттарды іске асыруын қамтамасыз ету;
10. Аз көлемді технологиялар мен тамшылатып суару жүйесін пайдалана отырып, ботаникалық бақта ағаш отырғызуға және жылыжайға отырғызылған көкөніс дақылдарына күтім жасау бойынша қажетті агротехникалық іс-шаралар жүргізу;
11. Ғылыми-техникалық және консультациялық қызметтер көрсету;
12. Конференция, семинар, көрмелерді және басқа да ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды негіздеу және енгізу;
13. ҒЗЖ және олардың кезеңдері бойынша алынған нәтижелерді қабылдауды және тапсыруды ұйымдастыруды жүргізу;
14. Нәтижелер бойынша материалдарды баспаға дайындау

Құрылымы
Қосанов Самалбек Оразбайұлы - Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығының директоры міндетін атқарушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Эл.почта: Kosanov@korkyt.kz
 
Телефон: +7 701 333 10 26
Оразалиев Бақытжан Абсамиұлы - кіші ғылыми қызметкер, ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі
Эл.почта: orazaliyevb@mail.ru              
Телефон:  8(7242) 23-80-72
Сейіл Оразбек Орынбасарұлы - техник-көкөніс өсіруші  
Телефон: 8(7242) 30-36-13

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...