Cтуденттер сарайы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

Cтуденттер сарайы

nurlibek.jpg

Асанбаев Нұрлыбек Балтабайұлы
Студенттер сарайының директоры 

Міндеттері:

1. Студенттер сарайының мәдени-көпшілік жұмысына жетекшілік етеді.

2. Шығармашылық, әдістемелік, мәдени-бұқаралық жұмысты жүзеге асыруды ұйымдастырады, байқаулар мен фестивальдерді, халық шығармашылығы конкурстарын, көркемөнерпаздар жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді.

3. Көркемөнерпаздар ұжымдарының қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

4. Әдістемелік құралдарды, сценарийлерді әзірлеу, репертуар жасау, осы материалдарды рецензиялау және көркемөнерпаздар ұжымдарына шығармашылық көмек көрсету үшін білікті мамандарды тартады.

5. Біліктілікті арттыру үшін жағдай жасайды, қызметкерлердің шығармашылық бастамасын қолдайды, ынталандырады.

6. Ұйым қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылайды.

7. Мәдени - бұқаралық іс-шараларды өткізуде институттарға әдістемелік көмек көрсетеді.

8. Өткізілетін іс-шаралардың мазмұны мен жоғары көркемдік деңгейін қамтамасыз етеді.

9. Студенттер сарайының шығармашылық, әдістемелік және мәдени-бұқаралық жұмыс жоспарының орындалуын жоспарлайды және бақылайды.

10. Іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге жәрдемдеседі.

11. Шығармашылық топтарды бақылауды және тиісті жағдайлармен қамтамасыз етеді.

12. Қызметкерлердің өндірістік және еңбек, техникалық ережелерінің, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

13. Тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімі жүктеген жұмыстар мен тапсырмаларды орындайды.

14. Әлеуметтік және тәрбие жұмысы басқармасымен бірлесіп, университет студенттері арасында түрлі бағыттарға: пікірталас, көңілді старттар, ән, хореография, дәстүрлі өнер және т.б. бейімділігі бар жастармен іс-шаралар үлесін арттыру бойынша жұмыс жүргізеді.

15. Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес іс-шараларды өткізудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

16. Университет студенттерінің мәдени іс-шараларға деген сұранысына қатысады.

17. Университет студенттерінің қажеттіліктеріне байланысты жылдық жұмыс жоспарының өзгеруін қамтамасыз етеді.

18. Түрлі бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыру кезінде қажетті музыкалық қондырғылармен және басқа да техникалық құралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

19. Іс-шараларды ұйымдастыру кезеңінде алдын ала белгіленген мерзімге дайындық жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады.

20. Студенттер сарайының жетістіктері мен техникалық мүмкіндіктері туралы ақпараттық материалдарды университеттің ресми интернет-ресурсында, әлеуметтік желілерде орналастыруды ұйымдастырады.

21. Университет басшылығына Студенттер сарайының жаңа техникалық жабдықтармен жабдықталуы мен қажеттілігі туралы ұсыныстар енгізеді.

22. Студенттер сарайының сыртқы және ішкі мүлкінің сақталуын және ғимараттың тазалығын ұйымдастырады.

23. Қолданыстағы мүліктік заңнамаға сәйкес ғимараттағы мүліктің сақталуын ұйымдастырады.

 

Негізгі міндеттері:

1. Осы лауазымдық нұсқаулық «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ Студенттер сарайы директорының (бұдан әрі – Студенттер сарайының директоры) функционалдық міндеттерін, құқықтары мен жауапкершілігін айқындайды.

2. Студенттер сарайының директоры Басқарма Төрағасы-университет Ректорының бұйрығымен қабылданады және қызметтен босатылады.

3. Студенттер сарайының директоры өз қызметінде Әлеуметтік және тәрбие про жөніндегі проректорға есеп береді және бағынады.

4. Студенттер сарайының директоры өз жұмысын басшылыққа алады:

- Қазақстан Республикасының Конституциясымен;

- «Білім туралы» ҚР Заңымен;

- Білім беру саласын реттейтін ҚР Үкіметінің қаулыларымен;

- ҚР Білім және ғылым министрлігінің Нормативтік-құқықтық актілерімен;

- Университет Жарғысымен;

- Университет басшылығының бұйрықтарымен және өкімдерімен;

- Студенттер сарайы туралы ережемен;

- Осы лауазымдық нұсқаулықпен.

5. Осы лауазымдық нұсқаулық Студенттер сарайының директорына жүктелген функциялар немесе міндеттер өзгерген кезде қайта қаралады.

 

Байланыс: +7 (7242) 27 67 74
Мекен-жайы: Жақаева көшесі 75

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

e-univer.korkyt.edu.kz

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...