Ұлттық құндылықтар және мәдениет бағыты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

Ұлттық құндылықтар және мәдениет бағыты

 
«Асыл домбыра» ұйымы

Қазақтың сан ғасырлық шежіресінің куәсі болған қасиетті домбыраны дәріптеу. Домбыра аспабын насихаттау, үйрету арқылы жастарды рухани тәрбиелеу, ұлттық үрдістерімізді олардың бойына сіңіру, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру.
 
«Сырлы қалам» жас ақындар ұйымы

Сыр елінің топырағында тәрбиеленіп, дамып  жатқан шығармашыл жастардың өнерін бағалау,  оларды жаңа ортамен қауыштырып,  шығармашылығын дамыту. Көптеген жыр мүшайраларына қатыстырып, әдеби өмірге жолдама беру. Өлеңдерін баспа беттеріне,  электронды БАҚ сайттарына шығару.
 
«Жауқазын» студенттік театры

Жастардың шығармашылық қабілеттерін ашып, таланттарын еркін көрсетуге үлес қосу. Жауапкершілік пен еңбексүйгіштік, сахна мәдениеті мен ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту. Студенттердің көркемдік және халықтық шығармашылығын жан-жақты қолдау.
 
«Қыз Жібек» қыздар ұйымы

Студент қыздарға сұлулық пен денсаулықты сақтаудың, саламатты өмір сүрудің басты қағидаларын ұстанудың және болашақ ұлт анасы ретінде отбасы өміріне даярлау мен үй шаруашылығына қатысты өмірлік қажеттіліктерін үйрету. Сонымен қатар әрбір қыз баласының зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамыту.
 
«Шаңырақ» би ұйымы

Бойында таланты мен биге деген қызығушылығы бар қыз-жігіттердің бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасау. Би өнері арқылы салауатты өмір салтын насихаттау. Студенттеріміз халықтың ұлттық болмысын, эстетикалық талғамын, мәдени тынысы мен идеялық өрнегін меңгеруде жан-жақты шығармашылық ізденістер жүргізіп, ұлттық мотивтердің өнер көгінде еркін қалықтауына жол ашу.
 
«Жайдарман» көңілді тапқырлар клубы

Студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану, олардың арасында достық қарым-қатынас орнату және жастар арасында шығармашылық пен жан-жақты дамуына қолдау көрсету. Қоғамда болып жатқан жаңалықтарды, мәселелерді халыққа астарлап әзілмен жеткізу, қазақ тілінің дамуына үлес қосу, жастардың шығармашылық қабілетін арттыру.
 
«Достық» ұйымы  

Жастар бастамаларын дамыту, жастар арасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, қазақстандық жастардың әлеуметтік деңгейін көтеру. Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтауға және танымал етуге атсалысу, дотық қарым-қатынасты нығайту.
 
«Арлан» спорттық ұйымы  

Студент  жастарды спортпен айналысуға тарту және бұқаралық-спорттық жұмыс арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру. Студенттердің жан–жақты дамуын қамтасыз ету, олардың денсаулығын дене тәрбиесі және спорт құралдары арқылы нығайту мен сақтау. Ұлттық ойындарды насихаттау арқылы мәдени-патриоттық тәрбие беру.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...