Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығының ашылу салтанаты өтті.

Арал өңірінің экожүйелерін зерттеу жөніндегі орталықтың мақсаты -  тұрақты экологиялық жағдайды қамтамасыз ету, су маңы және жер үсті экожүйелерінің табиғи қалпына келу процестерін ашуға септігін тигізу.

Қоғамның экологиялық білімін дамытуда, биологиялық әртүрлілікті сақтау, Арал өңірі халқының денсаулығын жақсарту, сондай-ақ, географиялық, экологиялық бағытта білім беру бағдарламалары мен білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды көздейді.

Орталық шеңберінде биогеоценоздарды табиғи қалпына келтіруді қоса алғанда, Кіші Аралдың және тұтастай қазақстандық Арал өңірінің бұзылған экожүйелерін қалпына келтіру жолдары зерттелетін болады.

Сонымен қатар, өсімдіктер мен жануарлар қауымдастықтарының құрылымы, динамикасы және экологиясы, олардың жіктелуі; ботаникалық, зоологиялық және экологиялық білімді насихаттау жүзеге асырылатын болады; бірегей табиғи объектілерді сақтау бойынша ұсынымдар әзірленеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, жақын және алыс шетелдердің экология саласындағы ғалымдарымен ынтымақтастықты арттыру жоспарланған.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...