- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Жұмыс берушілер кеңесі
- 2024-2025 оқу жылына арналған магистратура бойынша кәсіби бағдар беру жол картасы
- Шетелдік студенттер санын көбейту мақсатында атқарылатын жұмыстар бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
- Жасанды интеллект институтының кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша 2024-2025 оқу жылына жылдық жұмыс жоспары
- Түйіндеменің үлгісі
- «Upgrade» алаңы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Тәуелсіздік бастаулары: барысы мен тағылымы
Биыл еліміз Қазақстанның Егемендік декларациясының қабылданғанының 32- ші жылын атап өткелі отыр.
Декларация сөзінің зандық мағынасы ресми құжаттарда «Заңдық мәні бар мәліметтерді хабарлайтын ресми құжат» деп беріледі. Алғашқы Тәуелсіздік Декларациясы АҚШ-та тәуелсіздік үшін соғыс кезінде 1776 жылы 4 шілдеде Филадельфияда өткен ІІ Құрлықтық конгрессте қабылданған.
Тәуелсіздік декларациясының негізіне республикалық және демократиялық рухта жасалған Томас Джефферсонның жобасы алынды. Онда 13 британ отарының метрополиядан бөлініп, дербес, тәуелсіздік мемлекет – Америка Құрама Штаттарының құрылғаны жарияланды. Тәуелсіздік Декларациясы адамдардың заң алдындағы теңдігін, олардың өмір сүруге деген табиғи құқығын, бостандығы мен бақытқа ұмтылуын жариялады. Кейіннен Тәуелсіздік Декларациясының қабылданған күні америка халқының ұлттық мейрамына айналды.
Көптеген елдер өз егемендігін тек ХХ ғасырдың соңында алды. Олардың қатарында Қазақстан да бар.
Тарихы ежелгі заманнан бастау алатын, «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы ерте заманнан бері өзінің іргелі ел, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны – еркіндік сүйгіштік жігерінің, асқақ рухының арқасы. Қазақ мемлекеттілігінің түпкі негізі сонау сақтардан басталып, ғұн, қаңлы, қыпшақ, Ақ орда мен Қазақ хандығының жалғасы – бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасы.
Қазақ елінің еркіндігі, тәуелсіздігі үшін болған, тарихта ерекше орын алған көптеген көтерілістер болды: Олар Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы бастаған және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістер. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, көптеп қазақ қырылған 1930-1933 жылдардағы аштық, ел тізгінін ұстаған азаматтардан айырылған ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы қуғын-сүргін, халқымыздың осынау кең далада өмір сүруін, тарих бетінен ұлт болып жойылып кету қауіпің тудырды.
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Баймұрат, Сартай, Жанқожа батырлар, ХХ ғасырда Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар туған елін қорғауда ерлігімен танымал болып, ел құрметіне бөленген бабаларымыздың есімдері алтын әріппен тарихта қалды. Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған ызғарлы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының қасіреті және қасиеті жетерлік тарихына айналды. Желтоқсан оқиғасы қазақ жастарының қанына боялып, кеңестік тоталитарлық режимнің күшімен басылса да, жанымызға нұр септі. Желтоқсан жаңғырығы қазақтың рухының өшпегендігін, бабалар өсиетінің қазақ жастарының бойында сақталғанын көрсетті.
Қазақ халқының ғасырлар бойы күткен арманы – Тәуелсіздігі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» декларациясы қабылданған 1990 жылдың 25-қазан күні жүзеге аса бастады.
Еңсемізді тіктеп, егемен ел атанып, өз алдына отау тігіп дербес мемлекет атанған Қазақстан қаншама қиындықтарға жолықса да, тастай берік төзімділіктің арқасында, күллі әлемге өзінің бар екенін, өркениетке деген үмітін мойындатты. Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған, әлемде 9 орынды алып жатқан атамекен жеріміз, отарлық жоя алмаған тіліміз, мәдениетіміз тек қана қазақ халқынын рухының күштілігімен сақталды.
Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихындағы барлық жетістіктеріміз, қазақ халқының егеменді заманда жаңаша дамуы, рухани-экономикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземізді теңестірудегі қадамдарымыз, дәулетті елдермен қарым-қатынас жасаудағы жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы –Қазақстан Республикасының егемендігінде.
Тарих толқынында талайды бастан кешірген қазақ елі 32 жыл бұрын өз егемендігін алған тұста көптеген шетел саясаткерлері КСРО-ның шекаралас аймақтарында азамат соғысы болады деп айтқан болатың. (Украйна, Молдавия, Кавказ, Орта Азия республикалары). Басқа өңірлерге қарағанда Қазақстанның азамат соғысына ұрынбауы сол кезеңдегі мемлекет басшыларының дұрыс таңдау жасағандығын дәлелдеп отыр. Бейбітшілік, келісім, тұрақтылық жағдайын ұстанған Қазақстан қазіргі кезенде бұрынғы СССР кеңістігінде алдыңғы қатарға шығып, әлемдегі алдыңғы қатарлы жетекші елдердің қатарына қосылып келеді.
Дегенмен сонғы кезендегі елдің кейбір әлеуметтік-экономикалық дамуы туруалы мәліметтер әлі де көп жұмыстардың бар екендігін, бұрынғы жіберілген қателіктер мен бұрмалаушылықтардың елдің дамуына өзінің кері әсерін тигізіп жатқанын, әсіресе үкіметке, мемлекет басшылығына сенімсіздіктің көлеңкесі түсіп жатқанын көрсетеді. Оның үстіне Қазақстаннын дамуына қызығып, мемлекетіміздің саяси өрлеу бағытын өзгертуге тырысып жатқан күштер баршылық. Онын айқын көрінісі – қаңтар оқиғасы.
Бүгінде Қазақстан – әлемдік қоғамдастықтағы жауапты да құрметті әріптес, Орталық Азияда шешуші дауысы бар ел. Әлемдік денгейде өтетін көптеген игі іс-шаралардың платформасы.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, үкіметтің соңғы кезеңдегі батыл қадамдары ел арасында қолдау тауып, болашағымыздың жарқын екеніне сенім ұялатады. Лайым Қазақстанның алға басқан қадамдары мемлекетіміздің өркендеуіне, халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына әкелсін.
Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік жарияланған күн – ең қастерлі күн. Біз бүгінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.
Егемендігіміздің 32 жылдық мерейтойы тұғырлы, баянды болсын! Әрқашан бейбітшілік болсын! Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз желбірей берсін!
Айтжан ОРАЗБАҚОВ,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты.
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...