АР14870690 - «Сыр өңіріндегі киелі орындар мен ислам құндылықтарының әдеби-танымдық ерекшеліктері»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45

АР14870690 - «Сыр өңіріндегі киелі орындар мен ислам құндылықтарының әдеби-танымдық ерекшеліктері»

projectPhoto-3.png

 

 
 
  Жоба жетекшісі 

  Оралова Гулзира Сапаровна
  Филология ғылымдарының кандидаты 
 
 
 
 
Ғылымды дамытудың басым және мамандандырылған ғылыми бағыттарының атаулары

Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер бағыты

 
Қаржыландыру сомасы

32 653 106 тг
 
Жобаның мақсаты

Сыр өңірінің киелі орындарының әдеби-танымдық ерекшеліктерін көркемдік таным негізінде зерделеу. Қазақ халқы тарихындағы бұрын ғылыми тұрғыдан жеткілікті зерттелмеген мұраны қайта қарастырып, оған ғылыми баға беру және оны ұлттық код ретінде таныту. Сыр өңірінің киелі орындары туралы мәліметтер қамтылған танымдық-фольклорлық жинақтарды талдау, олардың ислам мәселелерін насихаттаудағы және ұлттық әдебиетіміздің дамуындағы рөлін айқындау

 

Міндеттері


Жобаның міндеттері:

- өңірдің киелі орындарын анықтап, олардың ұлттық деңгейдегі орнын айқындау;

- киелі орындардың тарихын, қалыптасу кезеңін, олармен байланысты мифтер мен аңыздардың әлеуметтік сипатын жан-жақты зерттеу;

- өңірдегі киелі орындарға қатысты мифтердің қалыптасуына ислам мәдениетінің ықпалын ашып көрсету және олардың тарихи үдерістегі маңызын айқындау;

- киелі орындардың сакралдық, ұлттық және этнографиялық ерекшеліктеріне назар аударып, олардың әдеби даму бағыттарымен байланысын анықтау;

- өңірдің киелі орындарының мәдени-географиялық белдеуінің қалыптасуына тарихи, саяси және исламдық ықпалға ғылыми қорытынды жасау;

- Орта Азия, Орынбор және Түркия кітапханаларында сақталған араб, парсы, шағатай және орыс тілдеріндегі мифтерді, аңыздар мен хикаяларды жинақтап, қазақ тіліне аудару, олардың жанрлық ерекшеліктерін жүйелеп, ғылыми негіздеу;

- түркі халықтарындағы исламдық құндылықтардың көрінісін зерттеу мақсатында Орта Азия республикалары мен түркітілдес елдерге фольклорлық-этнографиялық экспедициялар ұйымдастыру;

- Жанкент, Асанас, Сығанақ және басқа да ортағасырлық қалалардағы археологиялық зерттеу материалдарын әдеби-танымдық тұрғыдан талдап, олардағы ислам өркениетіне қатысты мәліметтерді зерделеу;

- Сыр өңірінің киелі орындарының картасы мен анықтамалық-жолсілтемесін әзірлеу;

- өңірдің киелі орындарының әдеби-тілдік және лингвомәдени ерекшеліктерін танымдық тұрғыдан зерттеп, олардың халық жадында сақталуына ықпал ету;

- киелі орындардың ұлттық мәдениет тарихындағы рөлін айқындау;

-діни (исламдық) ағартудың дамуына елеулі үлес қосқан ахун-ұстаздардың қызметіне ғылыми баға беру;

- Қасиетті Құран қағидаларын арқау еткен ақын-жыраулар шығармаларын талдау;

- Сыр өңірі ақын-жыраулары шығармаларының дидактикалық-ағартушылық сипаты мен көркемдік-стильдік ерекшеліктерін анықтау;

- ақын-жыраулардың дастан-поэмаларындағы көркем уақыттың объективтілігі, діни бағыт және идеялық-композициялық жүйедегі жинақтау ерекшеліктерін зерделеу;

- дастан жанрындағы шығармалардың сюжеттік құрылымы мен бейнелі поэтикалық өрнектерінің ерекшеліктерін жүйелеу;

- Сыр ақын-жыраулары шығармаларындағы исламдық мазмұн мен жыршы-термешілердің орындаушылық өнерінің халықтың көркемдік ойлау психологиясын дамытудағы өзара байланысын ашып көрсету;

- мұсылмандық (шығыстық) әдебиеттен енген жанрлардың табиғатын талдап, олардың ақын-жыраулар поэзиясымен әдеби сабақтастығын айқындау.

 

Күтілетін нәтижелер


 

·         Web of Science дерекқорының Social Science Citation Index, Arts and Humanities Citation Index және (немесе) Russian Science Citation Index индекстелетін ғылыми басылымдарында және (немесе) Scopus дерекқорындағы CiteScore көрсеткіші бойынша кемінде 35-процентильге ие ғылыми басылымда 1 ғылыми мақала, сондай-ақ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҒЖБССҚК) ұсынған отандық және (немесе) шетелдік рецензияланатын ғылыми басылымдарда 5 ғылыми мақала жарияланады.

      Өңірдің киелі орындары анықталып, олардың ұлттық деңгейдегі маңызы насихатталады.
·         Киелі орындарға қатысты тарихи деректер, мифтер мен аңыздар жинақталып, олардың пайда болу кезеңі мен әлеуметтік сипаты айқындалады.
·         Сыр өңірінің киелі орындарына қатысты халықтық мұралардың (мифтер, аңыздар, хикаялар) түрлері жинақталып, ғылыми тұрғыдан жүйеленеді.
·         Өңірдің киелі орындары туралы халық аңыздары, мифтері мен хикаялары жинақталып, жіктеледі.
·         Сыр өңіріндегі киелі орындардың этимологиясы, олар туралы аңыздар мен хикаялардың тарихи негізділігі және аңыз кейіпкерлерінің ұлттық сипаты анықталып, ғылыми тұрғыдан зерттеледі.
·         Киелі орындар атауларына ономастикалық ғылыми талдау жүргізіледі.·         Сыр өңіріндегі киелі орындардың этимологиясына және олар туралы мифтердің тарихи негізділігіне ғылыми сараптама жасалады.
·         Археологиялық қазба материалдары мен ғылыми еңбектерден алынған деректер ғылыми айналымға енгізіліп, филологиялық және этнологиялық зерттеулердің нәтижелері ғылыми тұрғыдан негізделеді.
·         Көлемі 20 баспа табақ болатын «Сыр өңірінің киелі орындары мен ислам құндылықтарының әдеби-танымдық маңызы» атты монография жарық көреді.
·         Ғылыми зерттеу нәтижелері негізінде студенттер мен магистранттар ғылыми жобаларға қатысуға даярланып, халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар материалдарында және ғылыми басылымдарда мақалалар жарияланады. Жоба нәтижесінде дайындалған монография Қазақстанның жоғары оқу орындарына таратылады.
·         «Сыр ақындарының шығармаларындағы діни-ағартушылық идеялар» атты 12 баспа табақ көлеміндегі оқу құралы басылып шығарылады.
·         Жоба материалдары отандық және шетелдік әдебиеттану мен дінтану салаларындағы теориялық және қолданбалы зерттеулерді толықтырып, ислам құндылықтарының түркілік ықпалдастығын айқындауға негіз болады.
·         «Сыр өңірінің киелі орындары және ислам құндылықтары» атты қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі үштілді фотоальбом жарық көреді.
·         Қызылорда облысының киелі орындарының картасы әзірленеді.
·         Сыр өңірінің киелі орындарына арналған танымдық анықтамалық-буклет дайындалады.
·         «Сыр өңірінің киелі орындары, ғылым және ислам мәдениеті» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.
·         Түркітілдес бауырлас мемлекеттерге ғылыми іссапарлар ұйымдастырылып, «Ислам құндылықтарының ықпалы және әдеби-мәдени байланыстар» тақырыбында халықаралық симпозиум өткізіледі.
·         Қызылорда облысының киелі орындары тізіміне енбеген нысандар бойынша ономастикалық және этимологиялық зерттеулер жүргізіліп, уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар енгізіледі.
·         Жоба нәтижелері отандық әдебиеттану, тарих және мәдениеттану салаларындағы теориялық және қолданбалы зерттеулерді толықтырып, бірқатар ғылыми мәселелерге жаңа ғылыми көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.
·         Жоба аясында Сыр ақындары дәстүрінің жалғастырушылары Сейтжан Бекшентайұлы мен Молдахмет Дабылұлы шығармаларының поэтикасына арналған магистрлік диссертацияларды қорғауға ғылыми негіз қалыптастырылады. 
 
 
Іске асыру кезеңі
2022-2024
 
Зерттеу нәтижелері 

Ғылым комитеті төрағасының 2022 жылғы «18» маусымдағы №214 бұйрығымен бекітілген 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттамасының 7 «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру қорытындылары бойынша күтілетін нәтижелерге қойылатын талаптар» тармағына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстардың нәтижесі:

 

2022 жыл 

1) Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті тізбесіндегі мақалалар:

1 Жанбершиева Ұ.Н., Оралова Г.С. Сыр бойында туған аңыздардың ұлттық сананы жаңғыртудағы маңызы// М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. «Керуен» ғылыми журналы. – 2022. - №3 (76). - Б.111-119. https://doi.org/10.53871/2078-8134.2022.3-09

 

2)      Зерттеу бағыттары бойынша өткізілген іс-шаралар

1 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «Сыр өңіріндегі киелі орындар және діни-ағартушылық ой-сана» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. 4 қараша, 2022 ж.

 

 

2023 жыл 

1) Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті тізбесіндегі мақалалар:

1 Boranbay B.E., Kamisheva G.A., Oralova G.S., Tulebayeva A.T. THE SACRAL CONCEPT AND ITS INTERPRETATION// А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты. TILTANYM. - 2023. №1 (89). -Б.73-79 https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-1-73-79

 

2) Зерттеу бағыттары бойынша ғылыми жарияланымдар

1 Оңғарбаев А.С., Сайлау А. Сыр өңіріндегі қасиетті орындар. – Қызылорда: Тұмар, 2023. -104 б.

 

3)      Семинарларға қатысу

1 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика БББ профессоры Жанбершиева Ұлжан 24.07.2023-31.07.2023 жылдар аралығында Анкара Қажы Байрам Вели университетінде, профессор доктор Наджие Йылдыздың жетекшілігінде зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сертификат берілді.

2 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика БББ қауымдастырылған профессоры Оралова Гүлзира 24.07.2023-31.07.2023 жылдар аралығында Анкара Қажы Байрам Вели университетінде, профессор доктор Наджие Йылдыздың жетекшілігінде зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сертификат берілді.

3 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика БББ аға оқытушысы Төлебаева Айдынгүл 24.07.2023-31.07.2023 жылдар аралығында Анкара Қажы Байрам Вели университетінде, профессор доктор Наджие Йылдыздың жетекшілігінде зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сертификат берілді.

 

4)      Зерттеу бағыттары бойынша өткізілген іс-шаралар

1 Қызылорда, Түркістан облыстары аумағына ғылыми экспедиция жұмыстары жасалды. 3-7 сәуір, 2023 ж.

2 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «Сыр өңіріндегі қасиетті орындар» атты әдеби-танымдық буклетінің таныстырылымы өтті. 31 қазан, 2023 ж.

 

5)      Зерттеу бағыттары бойынша қорғалған магистрлік диссертация мен дипломдық жұмыстар

1 Тарғанова Н.А. «Сейтжан Бекшентайұлы шығармаларының поэтикасы және оны оқыту». Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасында 7М01724-Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау білім беру бағдарламасы бойынша магистрлік диссертация қорғалды. Қызылорда қаласы, 2023. Ғылыми жетекші – Г.С.Оралова.

2 Сауяева В. «Молдахмет Дабылұлы – сүлейлер дәстүрін жалғастырушы». Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасында 7М02336-Филология білім беру бағдарламасы бойынша магистрлік диссертация қорғалды. Қызылорда қаласы, 2023. Ғылыми жетекші – Г.С.Оралова.

3 Адырбек Б. «Жаңақорған ауданындағы киелі орындар туралы аңыздар және аңызды оқыту». Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасында 6В01721-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша дипломдық жұмыс қорғалды. Қызылорда қаласы, 2023. Ғылыми жетекші – Ұ.Н.Жанбершиева.

 

2024 жыл 

1) Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті тізбесіндегі мақалалар:

1 Камишева Г.А., Оралова Г.С., Төлебаева А.Т., Йылдыз Н. Ислам дініндегі білімнің статусы мен құндылығы және киелілер культі// Қарағанды университетінің Хабаршысы. Тарих. Философия сериясы. - 2024. 29-том № 1(113). –Б.178-187 https://doi.org/10.31489/2024HPh1/178

2 Камишева Г.А., Оралова Г.С., Төлебаева А.Т., Йылдыз Н. Исламдағы білім және «киелілер» культі// Адам әлемі. - 2024. - №1 (99). – Б.151-160

https://doi.org/10.48010/aa.v99i1.508

3 Almauytova A., Oralova G., Tulebayeva A. ETHNO-CULTURAL NATURE OF NAMES RELATED TO SACRED PLACES IN SYR REGION// А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты. TILTANYM. - 2023. №3 (95). -Б.85-95 https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-3-85-95

 

2) Монографиялар, оқу-әдістемелік көмекші құралдар, фото-альбом

1. Оралова Г.С., Жанбершиева Ұ.Н., Сыдықова Ж.Т., Төлебаева А.Т. Сыр өңірінің киелі орындары мен ислам құндылықтарының әдеби-танымдық ерекшеліктері.                        – Қызылорда: Тұмар, 2024. -328 б.

2 Оралова Г.С., Жанбершиева Ұ.Н., Төлебаева А.Т. Сыр сүлейлері шығармаларындағы діни-ағартушылық идея. – Қызылорда: Тұмар, 2024. -192 б.

3 Оралова Г.С., Сайлау А. Сыр өңірінің рухани құндылықтары. – Қызылорда: Тұмар, 2024. -80 б.

 

3) Зерттеу бағыттары бойынша ғылыми жарияланымдар

1 Оңғарбаев А.С., Сайлау А.К. Сыр бойындағы ислам құндылықтары// Академик Қ.И.Сатпаевтың 125 жылдығына арналған «Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Қарағанды: «Болашақ-Баспа», – 2024. - Б.267-274

2 Оразбекқызы М., Жанбершиева Ұ.Н., Оралова Г.С. Қорқыт күйлеріндегі сакральдық (киелілік) қасиет// Республикалық «Ізденіс жолы» ақпараттық-танымдық педагогикалық журналы. – 2024. -№ 5 (20). – Б.16-21

3 Оралова Г.С., Мұханова Ә.Қ. Тарихи жерлер мен тұлғалар тағдырын бейнелейтін шығармалардың зерттелуі// «Сыр сүлейлеріне классикалық шығыс әдебиетінің әсері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Қызылорда, 2024. – Б.77-81

4 Оралова Г.С., Тұнғатарова Ә.Т. Сыр өңірінен шыққан батырлар жайлы аңыз-әңгімелер// «Сыр сүлейлеріне классикалық шығыс әдебиетінің әсері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Қызылорда, 2024. - Б.158-166

 

4) Зерттеу бағыттары бойынша өткізілген іс-шаралар

1 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттеріне «Сыр өңірінің рухани құндылықтары» атты фотоальбомын таныстыру шарасы өтті. 23 қараша, 2024 ж.

2 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен «Сыр өңірінің киелі орындары мен ислам құндылықтарының әдеби-танымдық ерекшеліктері» монографиясының таныстырылымы өтті. 24 қараша, 2024 ж.

 

5)      Зерттеу бағыттары бойынша қорғалған магистрлік диссертация мен дипломдық жұмыстар

1 Тунгатарова А.Т. «Сыр өңірі аңыздарындағы батырлар бейнесі және аңызды оқыту». Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика білім беру бағдарламасында 7М01724-Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау білім беру бағдарламасы бойынша магистрлік диссертация қорғалды. Қызылорда қаласы, 2024. Ғылыми жетекші – Г.С.Оралова.

2 Мұханова Ә.Қ. «Сыр өңіріндегі тарихи жерлер мен тұлғаларға арналған дастандар және оны оқыту жолдары». Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика білім беру бағдарламасында 7М01724-Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау білім беру бағдарламасы бойынша магистрлік диссертация қорғалды. Қызылорда қаласы, 2024. Ғылыми жетекші – Г.С.Оралова.

3 Оразбекқызы М. «Сыр өңіріндегі киелі орындарға байланысты аңыз-әңгімелер және оны оқыту». Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика білім беру бағдарламасында 7М01724-Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау білім беру бағдарламасы бойынша магистрлік диссертация қорғалды. Қызылорда қаласы, 2024. Ғылыми жетекші – Г.С.Оралова.

 

6) Web of Science және Scopus базасындағы журналдарда жарияланған мақалалар:

1 Zhanbershiyeva Ulzhan, Oralova Gulzira, Onggarbayev Amanzhol, Tulebayeva Aidyngul, Zhumadildayev Maulen «LITERARY AND COGNITIVE FEATURES OF LEGENDS ABOUT SPIRITUAL PLACES OF KAZAKHSTAN (SYR REGION OF KAZAKHSTAN)»// Evolutionary studies in imaginative culture. ISSN:2472-9884E-ISSN:2472-9876.

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации