AP19680346 - «Сыр сүлейлері шығармаларындағы Шығыстық дәстүр»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45

AP19680346 - «Сыр сүлейлері шығармаларындағы Шығыстық дәстүр»

Камишева.jpg

 
 
 
Жобаның жетекшісі 

Камишева Гүлнұр Аббасқызы
педагогика ғылыдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор 
 
 
Басым және мамандандырылған ғылыми бағыттардың атаулары

Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер
 
 
Қаржыландыру сомасы
44 032 531,46 тг
 
Жобаның мақсаты

Сыр сүлейлерінің шығармаларындағы Шығыстық дәстүрді ғылыми жүйеде саралау. Шығыстық дәстүрдің Сыр сүлейлері шығармаларындағы көрінісі бүгінгі көзқарас тұрғысынан ашып көрсету. Сыр сүлейлері шығармаларындағы шығыстық дәстүр ерекшеліктерін көркемдік ойлау негізінде айқындап, ғылыми тұрғыда баға беру. Сыр сүлейлері шығармалары мен әлемдік әдеби-мәдени байланыстар мен Шығыстық дәстүрдің маңызын айқындау.
 

Жобаның міндеттері


– Сыр сүлейлері шығармаларындағы Шығыстық дәстүрдің қалыптасуы мен дамуын зерделеу;
– Сыр сүлейлеріндегі дәстүр жалғастығын саралау;
– Шығыстық үлгіде жазылған Сыр сүлейлері поэзиясының жанрлық, тақырыптық ерекшелігін ажыратып, әдеби теориялық талдау жасау;
– Сыр сүлейлерінің Шығыстық дәстүрде жазылған жазылған дастандарының дидактикалық сарынға ғылыми талдаулар жасау;
– Шығыстық сюжетке құрылған аңыз, мысал дастандардағы нәзирагөйлік әдіс, ұлттық сипат мәселелерінің қазақ әдебиетіндегі маңыздылығы айқындалау;
– Сыр бойындағы қалыптасқан ақындық орта, ақындық мектепке Шығыс дәстүрінің ықпалы, ағартушылық дүниетаным, имандылық құндылықтар мәселесін бағалау;
– Сыр сүлейлері шығармаларындағы Шығыстық дәстүр сипаты, авторлық идея, қаламгер қолтаңбасын, өзіндік ерекшелігін айқындау;
– Базар жырау, Тұрмағанбет Ізтілеуов, Шораяқтың Омары, Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Жиенбай жырау т.б. шығармаларынан Шығыс дәстүр айқындалып, өзіндік ерекшеліктерін зерделеу;
– Ұлттық және әлемдік әдеби-мәдени байланыстар мен Шығыстық дәстүрдің маңызын айқындау.
– Шығыстық дәстүрдің қалыптасу мен дамуындағы Сыр сүлейлерін ықпалын анықтау;
– Нәзирагөйлік әдіс дәстүріндегі Сыр сүлейлерінің үлесін дәлелдеу;
– Ғазал, мінәжат, бәйіт қазыда, мәссауи, мурабба, рубайлар, өсиет өлеңдердің Сыр сүлейлеріндегі дәстүр жалғастығы, ой жалғастығын анықтау
– Сыр сүлейлері жазған Шығыстық үлгідегі дастандардан таным бірлігін ашу, маңызын нақтылау.
– Дастандардағы сюжеттi құрылым, бейнелiлiк өрнектерiнiң поэтикалық ерекшелiктерiн талдау;
 

Күтілетін нәтижелер


1. Шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалалар жариялау:
Зерттеу нәтижелері Web of Science базасының Social Science Citation Index индекстелетін және Scopus базасындағы Cite Score бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда 1 мақала, ҒЖБССҚК ұсынған отандық немесе шетелдік ғылыми басылымдарда 5 (бес) мақала жарияланады;
- Сыр сүлейлері шығармаларындағы Шығыстық дәстүрдің қалыптасуы мен дамуын айқындап, зерделеу;
- Сыр бойындағы ақындық ортаға Шығыстық әсер ықпалын ашып, ағартушылық дүниетаным мәселесін айқындау;
- Шығыстық үлгіде жазылған Сыр сүлейлеріңің поэзиясының жанрлық ерекшелігін ажыратып (бәйіт, ғазал, рубай, мінәжат т.б.) топтастырылады;
- Сыр сүлейлері қалыптастырған дастаншылдық әдіс және дидактикалық сарынға ғылыми жүйеде талдама жасалады;
- Шығыстық сюжетке құрылған аңыз әжен мысал дастандардағы ұлттық сипат пен көркемдік ойлау қалыптасуының тарихи-әдеби негізділігі танылады;
- Сыр сүлейлері поэзиясындағы Шығыстық дәстүр және ұлттық сипат, ұлттық мінез мәселелерінің қазақ әдебиеттануы тарихындағы маңыздылығы айқындалады;
2. «Сыр сүлейлері және Шығыс поэзиясы» 20 б.т. монография шығарылады.
3. «Сыр сүлейлері жазған дастандардағы нәзирагөйлік әдіс» 15 б.т. әдістемелік оқу құралы шығарылады.
- Шығыстық үлгіде жазылған дастандар мен мысалдарға әдеби-теориялық талдамалар жасалып, көркемдік ерекшелікпен байланысты бірлікте қарастырылады;
- Сыр сүлейлерінің шығыстық үлгіде жазған шығармалары бойынша (қалалық, облыстық көлемде) орындаушылардың конкурсы ұйымдастырылады;
- Ғылыми жобаны зерттеу нәтижесі бойынша студенттер мен магистранттардың ғылыми жобаға дайындап, халықаралық, республикалық, облыстық конференцияларда баяндама жасату, ғылыми басылымдарда мақалалар жариялау;
- «Сыр сүлейлеріне классикалық Шығыс әдебиетінің әсері» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өткізіледі;
- Алыс-жақын шетелдерге іс-сапар ұйымдастырылып, Шығыстық ықпал мен әдеби-мәдени байланыстар жасалады;
- Студенттерге «Т.Ізтілеуов дастандарындағы Шығыстық дәстүр», «Қ.Ерімбет дастандарындағы Шығыстық сақилық, адамгершілік, имандылық мәселесі», «Базар жырау дастандарындағы сюжеттік желі» атты диплом жұмыстарын жаздырып, Сыр сүлейлерінің дүниетанымдық, философиялық ой-толғамдары арнайы қарастырылады;
- Магистранттардың диссертациялық жұмыстарына «Базар жыраудың «Айна-тарақ» дастанының сюжеттік шешімі мен сопылық сарын», «Шораяқтың Омары мысалдарындағы Шығыстың ертегілік сюжет және өсиеттік, тәрбиелік мәні», «Т.Ізтілеуов мысалдарындағы Шығыстық үлгі мен ұлттық сипат» тақырыптары ғылыми нысан етіп ұсынып, жаңаша зерделеу қазіргі жаңа әлемдегі Қазақстан әдебиетінің дәстүрлі мұраларын өркениет кеңістігіндегі тұғырын танытудың маңыздылығы аңғартылады.
Ғылыми жоба материалдары отандық және шетелдік әдебиеттану мәселелері бойынша теориялық және практикалық зерттеулерді толықтырады. Сол сияқты Шығыстық ықпалдастық пен әдеби алмасу сияқты әдеби-мәдени байланыстарды айқындайды.
 
Орындалу кезеңі
2023-2025 жж
 
Зерттеу нәтижелері 

Ғылым комитеті төрағасының 2023 жылғы «19» маусымдағы № 92-нж бұйрығымен бекітілген 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттамасының 7 «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру қорытындылары бойынша күтілетін нәтижелерге қойылатын талаптар» тармағына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстардың нәтижесі:

 

2023 жыл 

1) Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті тізбесіндегі мақалалар:

1 Жанбершиева Ұ.Н., Оралова Г.С., Төлебаева А.Т., Камишева Г.А. Сыр сүлейлерінің (Тұрмағамбет, Жүсіп, Омар) мысал өлеңдеріндегі Шығыстық дәстүр// Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. - № 4 (145), - 2023. –Б.121-131. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-145-4-121-131

 

2) Зерттеу бағыттары бойынша ғылыми жарияланымдар

1 Онгарбаев А., Оралова Г., Тулебаева А. Теоретическое значение и  содержание традиции назира. Научный аспект. №10, 2023. -С.391-396.

 

3) Зерттеу бағыттары бойынша өткізілген іс-шаралар

1 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «Сыр сүлейлеріне классикалық Шығыс әдебиетінің әсері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. 2 қараша, 2023 ж.

 

2024 жыл 

1) Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті тізбесіндегі мақалалар:

1 Жанбершиева Ұ.Н., Оралова Г.С., Төлебаева А.Т. Фирдоуси «Шаһнамасы» және Тұрмағамбет// «Керуен» ғылыми журналы. - №2 (83), - 2024. –Б.174-183.

https://doi.org/10.53871/2078-8134.2024.2-13

2 Камишева Г.А., Жанбершиева Ұ.Н., Төлебаева А.Т. Қазақ әдебиетіндегі шығыстық дәстүр («Мың бір түн» ертегілері негізінде)// Ясауи университетінің хабаршысы.  - №1 (131), - 2024. –Б.91-102. https://doi.org/10.47526/2024-1/2664-0686.08

 

2) Зерттеу бағыттары бойынша ғылыми жарияланымдар

1 Жанбершиева Ұ.Н., Әбіш Г. Т.Ізтілеуовтің «Рауа Бану» дастанындағы шығыстық дәстүр // Республикалық «Ізденіс жолы» ақпараттық-танымдық педагогикалық журналы. – 2024. -№ 5 (20). – Б.22-25

2 Жанбершиева Ұ.Н. Фердоуси «Шаһнамасы» және Тұрмағамбет// «Сыр сүлейлеріне классикалық шығыс әдебиетінің әсері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Қызылорда, 2024. – Б.4-13  

3 Naciye ata Yildiz. Sir boyundan anadolu’ya kültür köprüleri// «Сыр сүлейлеріне классикалық шығыс әдебиетінің әсері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Қызылорда, 2024. – Б.13-21   

4 Оралова Г.С. Діни қисса-дастандардағы тарихи шындық пен көркемдік жинақтау// «Сыр сүлейлеріне классикалық шығыс әдебиетінің әсері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Қызылорда, 2024. – Б.63-71   

5 Төлебаева А.Т. Базар жырау дастандарындағы гуманистік ойлар// «Сыр сүлейлеріне классикалық шығыс әдебиетінің әсері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Қызылорда, 2024. – Б.72-77  

6 Оралова Г.С., Байтуғанова О.Б. Базар Оңдасұлының қазақ әдебиетіндегі орны// «Сыр сүлейлеріне классикалық шығыс әдебиетінің әсері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Қызылорда, 2024. – Б.82-85  

7 Төлебаева А.Т., Жасуланова Н.Ж. Қарасақал Ерімбет дастандарындағы дидактикалық ойлар// «Сыр сүлейлеріне классикалық шығыс әдебиетінің әсері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Қызылорда, 2024. – Б.96-101

8 Оралова Г.С., Букенбайқызы Қ. Базар шығармаларының тақырыптық ерекшелігі// «Сыр сүлейлеріне классикалық шығыс әдебиетінің әсері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Қызылорда, 2024. – Б.153-157 

9 Әбжет Б. ХІХ ғасырдағы шығыс пен қазақ әдеби байланыстар// Қ.И.Сатпаевтың 125 жылдығына арналған «Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Қарағанды: «Болашақ-Баспа» РББ. 1-том. 2024.- 426 б. 

 

3) Семинарларға қатысу

1 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика БББ қауымдастырылған профессоры Оралова Гүлзира 23.07.2024-27.07.2024ж. аралығында Анкара Қажы Байрам Вели университетінде, доктор Аслан Зейнептің жетекшілігінде зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сертификат берілді.

2 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика БББ аға оқытушысы Төлебаева Айдынгүл 23.07.2024-27.07.2024ж. аралығында Анкара Қажы Байрам Вели университетінде, доктор Аслан Зейнептің жетекшілігінде зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сертификат берілді.

 

4) Зерттеу бағыттары бойынша қорғалған магистрлік диссертация мен дипломдық жұмыстар

1 Әбіш Г.А. «Т.Ізтілеуов дастандарындағы шығыстық дәстүр». Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика БББ 6В01721-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша дипломдық жұмыс қорғалды. Қызылорда қаласы, 2024. Ғылыми жетекші – Ұ.Н.Жанбершиева.

2 Алтаева Ш.А. «Қарасақал Ерімбет дастандарындағы дидактикалық сарын». Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика БББ 6В01721-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша дипломдық жұмыс қорғалды. Қызылорда қаласы, 2024. Ғылыми жетекші – А.Т.Төлебаева.

3 Букенбайқызы Қ. «Базар Оңдасұлы лирикасының көркемдік ерекшеліктері». Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика БББ 6В01721-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша дипломдық жұмыс қорғалды. Қызылорда қаласы, 2024. Ғылыми жетекші – Г.С.Оралова.

 

2025 жыл 

1) Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті тізбесіндегі мақалалар:

1 Жанбершиева Ұ.Н., Төлебаева А.Т., Оралова Г.С. Қарасақал Ерімбеттің «Әбу Шашма» дастаны: исламдық дүниетаным және әділдік қағидаты// Ясауи университетінің хабаршысы. - №3 (137), -2025. –Б.129-143 https://doi.org/10.47526/2025-3/2664-0686.239

2 Оралова Г.С., Жанбершиева Ұ.Н., Төлебаева А.Т. Ислам тақырыбындағы жырлардың (рубай, ғазал) дидактикалықфилософиялық сипаты// Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. - №3 (152), - 2025. –Б.234-247.

https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-152-3-234-247

 

2) Зерттеу бағыттары бойынша ғылыми жарияланымдар

1 Оралова Г.С., Бахарадин Н.Ғ. Сыр сүлейлері шығармаларындағы мінәжат өлеңдер//"Innovation Management and Technology in the Era of Globalization" Materials of the XII International Scientific-Practical Conference. Liverpool (UK), January 2-4, 2025. – Б.176-180

2 Оралова Г.С., Байтуғанова О.Б. Базар жырау толғауларындағы мақал-мәтелдердің қолданысы//"Innovation Management and Technology in the Era of Globalization" Materials of the XII International Scientific-Practical Conference. Liverpool (UK), January 2-4, 2025.           –Б.180-187

 

3) Монографиялар, оқу-әдістемелік көмекші құралдар

1 Жанбершиева Ұ.Н., Камишева Г.А., Оралова Г.С. Сыр сүлейлері және шығыс поэзиясы. – Қызылорда: Тұмар, 2025. -356 б.

2 Оралова Г.С., Төлебаева А.Т. Сыр сүлейлері жазған дастандардағы нәзирагөйлік әдіс. –Қызылорда: Тұмар, 2025. -325 б.

 

4) Зерттеу бағыттары бойынша өткізілген іс-шаралар

1 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттеріне «Сыр сүлейлері жазған дастандардағы нәзирагөйлік әдіс» атты көмекші әдістемелік оқу құралын таныстыру шарасы өтті. 13 қазан, 2025 ж.

2 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен «Сыр сүлейлері және шығыс поэзиясы» монографиясының таныстырылымы өтті. 13 қазан, 2025 ж. 

5) Зерттеу бағыттары бойынша қорғалған магистрлік диссертация мен дипломдық жұмыстар

1 Байтуғанова О.Б. «Базар жырау дастандарындағы Шығыстық дәстүр». Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика БББ 7М01721-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша магистрлік диссертация қорғалды. Қызылорда қаласы, 2025. Ғылыми жетекші – Г.С.Оралова.

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации