Мәделхан Нәлібаев атындағы су шаруашылығы музейі
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

Мәделхан Нәлібаев атындағы су шаруашылығы музейі

059.jpg

2022 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген гидротехнигі Мәделхан Нәлібаев атындағы су шаруашылығы музейі ашылды. 

Сыр мұрабтары мен диқандарының, су және суармалы жерлерді тиімді пайдаланудың озық тәжірибелерін тарихи деректермен сабақтастырып, алдағы атқарылатын үлкен істерге бағдар болатын музейдің  жабдықталуына Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев мол қаржы бөліп демеушілік жасады.

Музейде Сыр еліндегі ежелгі суландыру жүйелерінің пайда болу кезеңінен бастап, бүгінге дейінгі даму тарихы баяндалып, олардың зерттеулері мен карталары, су шаруашылығы саласының өсіп өркендеуі суреттелген.
Өмір жолын су шаруалығына арнап осы саланың дамуына ерекше еңбек сіңірген және бүгінгі музейдің негізін қалаған су шаруашылығы мамандарын даярлауға ерекше ұлес қосқан асыл ағамыздың бірі   – Мәделхан Нәлібаев.

Мәделхан Нәлібаев Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Айдарлы ауылында қасиетті Қара құм топырағында 1931 жылы 15 тамызда дүниеге келген. Сырдария ауданының Құрметті азаматы, Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының «Құрметті академигі», Елбасы Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медаль иегері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңірген гидротехник.

Осыдан жиырма жылдай уақыт бұрын Мәделхан Нәлібаев Сыр мұрабтары мен диқандарының еңбегін, су шаруашылығындағы озық тәжірибелерді топтастырып, тарихи музейді ашу жұмыстарын ұйымдастырды. Бұл музей біздің студенттерімізді сапалы даярлауға әсерін тигізуімен қатар облыс тұрғындарымен қонақтарын да су шаруашылығы саласындағы  тарихи жәдігерлерімен танысуға және ұрпақтар бірлігімен жалғасады.

IMG_4587.jpg IMG_4594.jpg IMG_4596.jpg
IMG_4599.jpg IMG_4604.jpg IMG_4605.jpg
IMG_4612.jpg IMG_4613.jpg IMG-20220428-WA0048.jpg
P1866083.JPG P1866109.JPG P1866332.JPG
P1877548.jpg Музей ЗУ-20-1.jpg Фото Налибаев М..jpg

 

 

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...