AP275105617 - «Мәмлүк-қыпшақ тіліндегі «Китаб Муқаддима Абу Ләйс әс-Самарқанди» қолжазбасындағы теолингвистикалық дискурс (XV ғасыр)»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45

AP275105617 - «Мәмлүк-қыпшақ тіліндегі «Китаб Муқаддима Абу Ләйс әс-Самарқанди» қолжазбасындағы теолингвистикалық дискурс (XV ғасыр)»

not.jpg

 

 
Жобаның жетекшісі 

Исаханова (Кырджа) Мейрим Маликовна 
философия докторы (PhD)
 
 
Басым және мамандандырылған ғылыми бағыттардың атаулары

Елдің зияткерлік әлеуеті
 
Қаржыландыру соммасы
74 984 648 теңге
 
Жобаның мақсаты

Мәмлүк-қыпшақ тіліндегі Абу Ләйс әс-Самарқандидің «Китаб Муқаддима» қолжазбасындағы (ХV ғ.) діни дискурсты теолингвистикалық тұрғыдан кешенді зерттеп, жазба ескерткіштегі діни концептілердің қазақ лингвомәдени танымындағы көрінісін айқындау. Бұл мақсатқа қол жеткізу арқылы түркі тілдерінің бастауы мен лексикалық қырынан құнды мағлұмат беретін ортағасырлық қолжазба кешенді зерделеніп, қазақ тілінің діни лексикасымен байланысы анықталады.
 

Міндеттері


1) Мәмлүктер кезінде (ХІІІ-ХV ғ.) араб графикалы қыпшақ тілінде жазылған теологиялық жазба ескерткіштердің түпнұсқаларымен жұмыс жасау, жоба тақырыбы бойынша қыпшақ тіліндегі ортағасырлық теологиялық ескерткіштер мен діни дискурсқа қатысты шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулерін жинақтау, талдау; Нәтижесінде шетелдік қолжазбалар (Түркия, Мысыр және т.б.) қорынан халқымыздың тарихы, мәдениеті, діні мен тіліне қатысты жазба мұралар елге әкелініп, нұсқалары анықталып, жүйеленіп, библиографиялық сипаттамасы жасалып, еліміздің қолжазбалар қорына өткізіледі. ҒЖБССҚК басылымда 1 (бір) мақала жарияланады;

2) Қыпшақ тіліндегі діни мазмұнда жазылған «Китаб Муқаддима Абу Ләйс әс-Самарқанди» қолжазбасының түпнұсқаларымен жұмыс жасап, бүгінгі күнге дейін беймәлім болып келген жаңа мысырлық нұсқасымен бізге белгілі стамбұлдық және кониялық нұсқаларымен салыстыра зерттеу; Нәтижесінде қолжазбаның үш нұсқасына (мысырлық, стамбұлдық және кониялық) да палеографиялық және кодикологиялық талдау жасалып, ерекшеліктері мен ұқсастықтары анықталады, қолжазбаға қатысты жаңа деректер жинақталады;

3) Классикалық араб және араб графикалы қыпшақ тілінде қатар жазылған «Китаб Муқаддима» діни ескерткішінің мысырлық нұсқасы негізінде қыпшақша мәтіннің транскрипциясын жасап, түпнұсқа тілінен тікелей қазақ тіліне аудару; Нәтижесінде ескерткіштің мысырлық нұсқасы алғаш рет қазақ тіліне аударылып, толық транскрипциясы жасалады. Бұл түркітанушы, мәмлүктанушы зерттеушілер үшін түпнұсқа мәтінмен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. ҒЖБССҚК басылымда 1 (бір) мақала жарияланады;

4) антропоөзекті және теоөзекті парадигмалармен қатар жаңа теоантропоғарыштық парадигма аясында Абу Ханифа мазһабының атақты фиқһ ғалымы Абу Ләйс әс-Самарқандидің қыпшақ тіліне аударылған «Китаб Муқаддима» еңбегін теолингвистикалық қырынан зерттеу; 

5) Нәтижесінде жазба ескерткіште сақталған діни мәтінге герменевтикалық талдау жасалып, араб графикалы қыпшақ тілінде жазылған бұл ескерткіш туралы толық ақпарат алынып, ортағасырлық түркі халықтарының наным-сенімі, діни ұстанымы туралы деректер жинақталады, жазба мұраның түркі әлеміндегі орны анықталады;

6) Мәмлүктер кезінде қыпшақ тіліне аударылған «Китаб Муқаддима Абу лайс әс-самарқанди» ескерткішінде сақталған қыпшақша діни мәтінге дискурстық талдау жасау; Нәтижесінде қолжазбадағы ортағасырлық діни ұғымдардың түркі дүниетанымындағы орны айқындалып, Ислам мәдениетімен сабақтастығы анықталады, зерттеу нәтижелері ғылыми мақалалар ретінде баспаға шығады;

7) Теолингвистикалық дереккөз ретінде «Китаб Муқаддима Абу Ләйс әс-Самарқанди» жазба ескерткішіндегі қыпшақша діни мәтінге концептілік талдау жасау арқылы діни концептілерді анықтау, жинақтау, мағыналық-ақпараттық өрісін ажырату; Нәтижесінде ортағасырлық қыпшақша мәтінде сақталған діни концептілердің қазақ лингвомәдени танымындағы көрінісі айқындалады, түркі халықтарының рухани мәдениетіне қатысты құнды деректер жинақталады, жинақталған материалдар негізінде конкурстық құжаттамаға сәйкес ҒЖБССҚК басылымда 1 (бір) мақала, Scopus базасындағы кемі 60 (алпыс) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда 1 (бір) мақала немесе шолу жарияланып; монография жарыққа шығады.

 

Күтілетін нәтижелер


- «Китаб Муқаддима» қолжазбасындағы діни дискурсты теолингвистикалық тұрғыдан кешенді зерттеліп, жазба ескерткіште сақталған діни концептілердің қазақ лингвомәдени танымындағы көрінісін айқындалады. 
- Web of Science базасының базасында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) немесе 2 (екінші) квартильге кіретін, Social Science Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша 60 (алпыс) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу жарияланады. 
- ҒЖБССҚК ұсынған басылымдар тізбесінің 1-ші Тізіміне немесе 2-ші Тізіміне кіретін отандық немесе шетелдік ғылыми басылымда кемінде 3 (үш) мақала немесе шолу жарияланады. 
- «Китаб Муқаддима Абу Ләйс әс-самарқанди»  қолжазбасындағы теолингвистикалық дискурс (XV ғасыр)» атты монографияны баспадан шығады.
 
 
Орындалу кезеңі
2025 - 2027 жж.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...