6В01203 - Мектепке дейінгі білім беру (ІР)
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45

6В01203 - Мектепке дейінгі білім беру (ІР)

Институт Педагогика және дәстүрлі өнер институты
Кафедра Педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі
Білім беру бағдарламаларының тобы В002 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Атауы 6В01203 - Мектепке дейінгі білім беру (ІР)
Аккредитация -
Білім беру бағдарламасының түрі Инновациялық БББ
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жалпы, педагогикалық және пәндік құзыреттіліктері бар, конструктивті үйлестіру және білім берудегі заманауи тенденциялар (тұлғалық-бағдарлы, пәнаралық, инклюзия және т.б.) негізінде кәсіби қызметті табысты жүзеге асыра алатын мектепке дейінгі тәрбиеші-педагогты дайындау.
Білім деңгей Бакалавриат (Жоғары білім)
Қызметтер тізбесі 6В01203 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының  бакалаврының кәсіби қызмет түрлері
- Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі; 
- Мектепке дейінгі мекеме әдіскері;
- Мектепке дейінгі мекеме педагог – ұйымдастырушысы; 
- Мектепке дейінгі мекеме әкімшілігі; 
- Мектепке дейінгі мекеме психолог; 
- Мектепке дейінгі мекемеде орыс,  ағылшын тілдерін үйретуші.
Кәсіби қызмет объектісі Мектепке дейінгі білім беру мекемелері (балабақшалар, бөбекжай-балабақшалар), жалпы білім беретін мектептердегі, лицейлердегі, гимназиялардағы шағын-орталықтар, қосымша білім беру жүйесі (балалар шығармашылығы орталығы, балаларды дамыту орталығы, репетиторлық орталығы, балалар сауықтыру лагері, т.с.с.), педагогикалық колледждер, біліктілікті арттыру және қайта даярлау институттары, білім беру департаменттері 
Білім беру бағдарламасының ерекшелігі Отандық және шетелдік ЖОО-да академиялық мобильділік; қосымша білім беру бағдарламасын игеру мүмкіндігі (Minor) - Арнайы педагогика; 2 білім алу траекториясы бойынша оқу мүмкіндігі.
Оқу түрі Күндізгі 
Оқыту формасы Бүкіл оқу мерзіміне 240 академиялық кредитті және бір оқу жылы үшін 60 академиялық кредитті игеру мерзімімен анықталады. Сәйкесінше оқу мерзімі 4 жыл. Студенттің оқу мерзімінің ұлғаюы немесе азаюы кезінде бір оқу жылында аз немесе көп академиялық кредиттер алуына рұқсат етіледі. Жоғары білімі немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалардың оқу мерзімі транскрипт (дипломға қосымша) негізінде айқындалатын білім алушының алғышарттары ескеріле отырып белгіленеді. Бұл ретте кредиттер қайта есептеледі және олардың көлемі жеткілікті және білім беру бағдарламасы үздіксіз болған жағдайда бұрын игерілген пәндер есепке алынады. 
Оқыту тілі Қазақ  
Кредит көлемі/сағат 240/7200 
Білім алушыға қойылатын талаптар Жалпы орта білім; Техникалық және кәсіптік орта білім;
Түлек моделі  Жүктеу
2025-2029 жылдарға арналған білім беру бағдарламасын дамыту жоспары Жүктеу
Бағдарлама менеджері Бекжанова Бахытжамал Жорабекқызы 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...