6В01507 - Информатика (IP-Фин)
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45

6В01507 - Информатика (IP-Фин)

 

Институт

Жаратылыстану

 

Кафедра

Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Білім беру бағдарламаларының тобы

В011-Информатика мұғалімдерін даярлау

Атауы

6B01507 - Информатика (IP)

 

Аккредитация

-

 

Білім беру бағдарламасының түрі

Инновациялық БББ

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Заманауи пәндік, коммуникативтік, цифрлық, кәсіпкерлік құзыреттілікке, инклюзивті білім беру дағдыларына ие, жоғары сапалы оқыту контентін құруға және білім беру процесін ұйымдастыруға қабілетті педагог-кәсіпқойды даярлау.

Білім деңгейі

бакалавриат (жоғары білім)

 

Қызметтер тізбесі

Информатика пәнінің мұғалімі.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында кәсіби педагогикалық дайындыққа ие маман. Бұл бағыттың түлектері жалпы білім беретін мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында информатика пәні мұғалімі ретінде қызмет атқара алады. Бағдарламалау, деректермен жұмыс және ақпараттық технологиялар бойынша терең теориялық және практикалық білімнің болуы оларға оқу үдерісін заманауи талаптарға сәйкес тиімді ұйымдастыруға, білім алушылардың танымдық белсенділігі мен ақпараттық ғылымдарға деген қызығушылығын дамытуға мүмкіндік береді.

Кәсіби қызмет объектісі

Білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби қызмет объектісі – бұл білім беру ұйымдарындағы информатика пәнін оқыту процесі, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану саласы және білім беруді цифрландыру жүйесі. Болашақ информатика мұғалімі жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде оқу процесін ұйымдастырып, ақпараттық жүйелермен, бағдарламалық қамтамасыз етумен және желілік инфрақұрылыммен жұмыс істейді, сонымен қатар заманауи цифрлық білім беру ортасын жобалау мен енгізуге қатысады.

Білім беру бағдарламасының ерекшелігі

Білім алушылар информатика мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың барлық негізгі бөлімдері бойынша іргелі дайындықтан өтеді және офлайн да, онлайн да форматта оқытушылық қызметті жүзеге асыра алады. Олар өздерінің білім беру платформаларын, оқу контентін және цифрлық ресурстарын өздігінен әзірлей алады. Білім беру бағдарламасы аясында алынған теориялық білімді практикада, нақты оқу және жобалық қызметте тиімді қолдануға ерекше мән беріледі.

Оқу түрі

күндізгі

Оқу формасы

Бүкіл оқу мерзіміне 240 академиялық кредитті және бір оқу жылы үшін 60 академиялық кредитті игеру мерзімімен анықталады. Сәйкесінше оқу мерзімі 4 жыл. Студенттің оқу мерзімінің ұлғаюы немесе азаюы кезінде бір оқу жылында аз немесе көп академиялық кредиттер алуына рұқсат етіледі. Жоғары білімі немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалардың оқу мерзімі транскрипт (дипломға қосымша) негізінде айқындалатын білім алушының алғышарттары ескеріле отырып белгіленеді. Бұл ретте кредиттер қайта есептеледі және олардың көлемі жеткілікті және білім беру бағдарламасы үздіксіз болған жағдайда бұрын игерілген пәндер есепке алынады.    

Оқу тілі

орыс, қазақ

Кредит көлемі/сағат

240/7200

Білім алушыға қойылатын талаптар

жоғары білім

орташа арнайы білім

жалпы орта білім беру

Бағдарлама менеджері

Тілеубай С.Ш.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...