KORKYT ATA UNIVERSITY ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ЭРАЗМУС+ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45

KORKYT ATA UNIVERSITY ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ЭРАЗМУС+ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

 

♦️ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Консорциум мүшелерімен бірге Еуропалық Одақтың Эразмус+ ERASMUS-EDU-2025-CBHE-STRAND-2  бағдарламасы конкурсы бойынша «101237042 - MECAS: Арал теңізі бассейніндегі әсерді бағалау үшін экоинформатика бойынша магистратура бағдарламаларын әзірлеу» жобасының жеңімпазы атанды.

 

♦️ Жоба Strand 2 - Жоғары білім беру үшін әлеуетті арттыру (CBHE) санатына жатады. MECAS жобасы Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары оқу орындарының әлеуетін арттыруға және Арал теңізі бассейніндегі экологиялық мониторинг пен табиғи ресурстарды басқару саласындағы аймақтық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

 

♦️ 3 жылға жоспарланған жобаға Еуропаның, Қазақстан және Өзбекстанның келесі ЖОО қатысады:

- Турин политехникалық университеті (POLITECNICO DI TORINO) – Италия;

- Бейра интерьер аймағы университеті (UNIVERSIDADE DA BEIRA INTERIOR) – Португалия;

- OBREAL-Global OBSERVATORY қауымдастығыИспания;

- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіҚазақстан;

- Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті – Қазақстан;

- Нукус мемлекеттік техникалық университеті – Өзбекстан;

- "Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты" ҒЗУ – Өзбекстан;

- Мухаммад аль-Хорезми атындағы Ташкент ақпараттық технологиялар университетінің Үргенч филиалы – Өзбекстан.

 

♦️ Күтілетін нәтижелер: экоинформатика бойынша магистрлік бағдарламаны әзірлеу және енгізу; ГАЖ және ДСЗ технологияларын қолдануға қабілетті мамандарды даярлау; ЕО, Қазақстан және Өзбекстан арасында тұрақты академиялық және ғылыми байланыстар орнату; түлектердің жұмысқа орналасу әлеуетін арттыру; Арал өңіріне донорлар мен инвесторларды тарту.

 

♦️ MECAS жобасы – жоғары білім беруді дамытуға қосқан үлесі ғана емес, сонымен қатар Арал теңізі аймағының тұрақты болашағына жасалған маңызды қадам. Оны жүзеге асыру университет үшін де, бүкіл өңір үшін де маңызды нәтижелер беретініне сенімдіміз.

 

06.png 06-2.png
06-3.png 06-4.png

 

06-5.png

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...