«Жас сайлаушылар клубы», «ҚР Сайлау құқығы» 504 дәрісханасы ашылды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45

«Жас сайлаушылар клубы», «ҚР Сайлау құқығы» 504 дәрісханасы ашылды

30.04.2026 ж. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Құқықтану БББ  қарасты "ҚР Сайлау құқығы" пәніне лайықты жабдықталған 504-дәрісхананың алғашқы іс шарасы болып өтті. Іс шара спикері Экономика және Құқық институты - Қорқыт Ата ҚУ директоры Исаева Айнур Женисовна жақында құрылған "Жас сайлаушылар" клубының білім алушылар үшін маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара барысында Құқықтану БББ ардагер ұстаздары Дәрібаев Ш.А., Отарбаев Ғ.С., Садыков М.А және академиялық департаменттің басшысы Б.А.Досжанов дәріс алушыларға сайлау құқығының маңыздылығын және жаңадан құрылған Жас сайлаушылар клубына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Абай Тағыберген Құқықтану БББ ұжымына және білім алушыларына сайлау комиссияларының қызметі құқықтық реттелуін және дәрісхана мен клуб жұмыстарының құрылуында белсенді қызмет атқарған білім алушыларды марапаттады.

Студенттердің практикалық дағдылары мен дағдыларын дамыту мақсатында мамандандырылған кабинет – оқу кабинеті жабдықталды.

«Сайлау құқығы» пәні бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілетін мамандандырылған аудитория болып табылады.

Оқу кабинетін пайдаланудың негізгі мақсаты – «Сайлау құқығы» пәні бойынша білім алушылардың алған теориялық білімін практикамен ұштастыру, өмірлік тәжіибемен байланыстыру болып табылады.

Кабинет қажетті жиһаздармен,  ҚР мемлекеттік рәміздері стенді, кітаптар қорымен, Қызылорда облысының жас сайлаушылар клубы стенді , интерактивті тақта, дауыс беруге арналған кабина мен жәшiктерi сонымен бірге Сайлаушылар  туралы қабырға тақтайшалары бар.

«Сайлау құқығы» орталығы студенттер оқу үдерісін модельдеу үшін және клуб жұмыстарына  пайдалана алады.

Снимок экрана 2026-05-13 101856.png

Снимок экрана 2026-05-13 101949.png

Снимок экрана 2026-05-13 102014.png

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации