ERASMUS+ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45

ERASMUS+ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов Erasmus+ 101237042 – MECAS жобасының координаторы, Нүкіс мемлекеттік техника университетінің Компьютерлік инжиниринг кафедрасының меңгерушісі, доцент, физика-математика ғылымдарының кандидаты Асия Турениязовамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар халықаралық жоба аясындағы серіктестікті одан әрі дамыту, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру және Арал теңізі бассейнінің экологиялық мәселелерін зерттеуге бағытталған бастамаларды талқылады. Сондай-ақ университетте жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттерге назар аударылды.
MECAS жобасының негізгі бағыттарының бірі – Арал өңірінің экологиялық мәселелерін шешуге қабілетті мамандар даярлау. Осы мақсатта Қорқыт ата университетінде экоинформатика бойынша магистрлік білім беру бағдарламасын іске қосу жоспарлануда. Аталған бағдарлама Қазақстанда тек екі жоғары оқу орнында – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жүзеге асырылатын болады.

Кездесу барысында халықаралық ынтымақтастықты нығайту, ғылыми тәжірибе алмасу және экология, су ресурстары мен цифрлық технологиялар бағытындағы зерттеулерді бірлесіп жүргізу мәселелері де сөз болды.
Сапар аясында Асия Турениязова университеттің профессор-оқытушылар құрамымен және білім алушылармен кездесулер өткізіп, тәжірибе алмасу мен ғылыми пікірталас алаңдарына қатысады.

 

IMG_1440.JPG.jpeg

IMG_1464.JPG.jpeg

IMG_1497.JPG.jpeg


Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации