Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті MECAS халықаралық жобасын
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті MECAS халықаралық жобасын


Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда университеті MECAS халықаралық жобасын (Development of Master Curricula in EcoInformatics for the Impact on the Aral Sea Basin) Erasmus+ бағдарламасының «Жоғары білім беру әлеуетін арттыру» бағыты аясында іске асыруда (ERASMUS-EDU-2025-CBHE-STRAND-2, № 101237042 гранттық келісім).

Жобаның мақсаты — Арал теңізі бассейнінің экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған «Экоинформатика» магистратурасының инновациялық білім беру бағдарламасын әзірлеу және енгізу. Жобаны Қазақстан, Өзбекстан, Португалия, Италия және Испания университеттерінен құралған консорциум жүзеге асырады.

2026 жылғы 7–11 қыркүйек аралығында Португалияның Ковильян қаласындағы Бейра Интериор университетінде оқытушыларға арналған екінші тренинг (Training of Trainers 2) және MECAS жобасын басқару жөніндегі кезекті кездесу өтті.

Іс-шараларға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің келесі өкілдері  қатысты:

-  Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Д. М. Абдрашева;

-  жоба жетекшісі, профессор-зерттеуші Ш. М. Үмбетова;

-   «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы Б. Р. Шаянбекова.


Рисунок7.jpg
Рисунок6.jpg

Рисунок5.jpg

 

Бейра Интериор университеті (UBI) — Португалияның орталық бөлігіндегі Ковильян қаласында орналасқан мемлекеттік университет. Ол елдегі жетекші жас инновациялық жоғары оқу орындарының бірі және Erasmus+ халықаралық жобаларына, ғылыми зерттеулерге және технологиялар трансфері бағдарламаларына белсенді қатысады.

UBImedical ғылыми-инновациялық орталығында өткен тренинг барысында қатысушылар жобада қарастырылған 17 курстың 10-ы бойынша білім алды:

·                     Сандық экология;

·                     Азаматтық ғылымды экологияда қолдану;

·                     Су нысандарының экологиялық мониторингінде геоақпараттық жүйелерді пайдалану;

·                     Экологияда R тілінде бағдарламалау;

·                     Жерүсті және әуе арқылы қашықтан зондтау және спектрометрия;

·                     ГАЖ-дағы кеңейтілген кеңістіктік талдау;

·                     Экожүйелерді бағалау және басқару;

·                     Қоршаған ортаның физика-химиялық мониторингі;

·                     Экологиядағы геоақпараттық жүйелер;

·                     Google Earth Engine платформасына кіріспе.

          Рисунок4.jpg

          Рисунок3.jpg

          Рисунок1.png

 

Тренинг бағдарламасы теориялық және практикалық сабақтарды, зертханалық жұмыстар мен топтық жобаларды қамтыды. Олар қатысушылардың тәжірибе арқылы оқыту дағдыларын дамытуға және MECAS жобасының болашақ білім беру экожүйесіне қажетті базалық білімді қалыптастыруға бағытталды.

Сонымен қатар қатысушылар Ковильян қаласындағы UBImedical ғылыми-инновациялық бизнес-инкубаторына және New Hand Lab шығармашылық инкубаторына барды.

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации