6В01409 - Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

6В01409 - Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

Институт Дәстүрлі өнер институты 
Кафедра Сәндік қолданбалы және бейнелеу өнері кафедрасы 
Білім беру бағдарламаларының тобы

В007 – Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

Атауы 6В01409 - Көркем   еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау; Білім алу траекториясы №1: Көркем еңбек және арнайы пәндер; Білім алу траекториясы №2: Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау; Minor бағдарламасы: Дизайн негіздері
Аккредитация Сертификат    
Білім беру бағдарламасының түрі Қолданыстағы
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ғылыми-педагогикалық міндеттерді және білім беру саласындағы мемлекеттің стратегиялық саясатының негізгі бағыттарының мәселелерін шешуге қабілетті, жаңа формациядағы педагогты даярлау, көркем еңбек және арнайы пәндер педагогының кәсіби қызметі түрлері мен функцияларын орындау, халықаралық талаптарға сай бәсекелестікке бейімделген жан-жақты, шығармашыл ойы бар, құзыретті бакалаврларды дайындау болып табылады
Білім деңгей Бакалавриат (Жоғары білім)
Қызметтер тізбесі Мектеп мұғалімі, колледж мұғалімі
Кәсіби қызмет объектісі Орта мектептердегі «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі,орта кәсіби және жоғарғы кәсіби білім беру мекемелерінде арнайы пәндердің оқытушысы, өндірістік оқыту шебері,бейіндік мектептерде мамандырылған білім беретін оқытушы;біліктілік көтеру орталықтарының оқытушысы;
Білім беру бағдарламасының ерекшелігі Академиялық алмасу бағдарламасы, қосымша білім беру бағдарламасын меңгеру мүмкіндігі (Minor) Дизайн негіздері; Білім алу траекториясы №1: Көркем еңбек және арнайы пәндер; Білім алу траекториясы №2: Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау
Оқу түрі ҚББТ қолданусыз күндізгі
ҚББТ қолданумен күндізгі  
Оқыту формасы Оқу мерзімі оқудың барлық кезеңіне 240 академиялық кредиттің және оқу жылына 60 академиялық кредиттің игеру мерзімімен анықталады. Тиісінше, оқу мерзімі 4 жылды құрайды. Оқу жылында студенттің академиялық кредиттердің неғұрлым аз немесе көп мөлшерін игеруіне рұқсат етіледі, ал оқу мерзімі көбейеді немесе қысқарады.
Жоғары білімі бар немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар үшін оқу мерзімі, студенттің алғышарттарын ескере отырып (дипломға қосымша) транскрипт негізінде анықталады. Бұл жағдайда кредиттер беріледі және бұрын игерілген пәндер олардың көлемі мен білім беру бағдарламасының сабақтастығы жеткілікті болған жағдайда жүзеге асырылады.
Оқыту тілі Қазақ; Орыс 
Кредит көлемі/сағат 240/7200 
Білім алушыға қойылатын талаптар жоғары білім
жоғары арнайы білім
жалпы орта білім беру
Бағдарлама менеджері Смаилова Жулдыз Жолдасовна 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...