Жанкент қалашығынан табылған жәдігерлер облыстық музей қорына тапсырылды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 13 желтоқсан 2024
  • 491

Жанкент қалашығынан табылған жәдігерлер облыстық музей қорына тапсырылды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Археология және этнография ғылыми орталығы облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырған зерттеулер нәтижесінде Жанкент қалашығынан табылған тарихи жәдігерлерді Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне тапсырды.

Олар тарихи-мәдени мұраның құнды үлгілері болып саналады. 2023-2024 жылдары жүргізілген қазба жұмыстары барысында табылған 10 жәдігердің қатарында 5 керамикалық, 5 тастан жасалған бұйым бар. Әсіресе, табылған жәдігерлер арасында Орта Азия аумағында сирек кездесетін “тышқан қақпаны” ерекше назар аудартады.

WhatsApp Image 2024-12-13 at 15.07.56.jpeg      WhatsApp Image 2024-12-13 at 15.07.57.jpeg

WhatsApp Image 2024-12-13 at 15.07.57 (1).jpeg      WhatsApp Image 2024-12-13 at 15.07.59.jpeg

“Тышқан қақпаны” Сыр өңірінде алғаш рет анықталды. Бұл бұйым Қазақстанда бұрын тек көне Тараз қаласында табылған, ал Орта Азия аумағында жалпы саны төртеу. Оның екеуі Өзбекстандағы Пайкент және Қарауылтепе қалаларында анықталған. Жанкент қаласынан табылған бұл қақпанның Хорезм елінен немесе Тараз қаласынан әкелінгені туралы болжам бар. Мұндай қақпандар тек ауқатты адамдардың тұрмысында қолданылған, бұл сол замандағы әлеуметтік ерекшеліктерді көрсетеді.

Жанкент – Сыр өңіріндегі ортағасырлық бекіністі қалалардың бірі. Қалашық шамамен 15 гектар аумақты қамтиды. Оның басты көшесі қалашықты екіге бөліп, солтүстік-батыс бұрышында цитадель орналасқан.

Биыл қазба жұмыстары екі бағытта жүргізілді. Бірінші топ солтүстік қорғаныс қабырғасы мен цитадельдің шығыс қабырғасында қазба жұмыстарын жүргізді. Ал екінші топ шығыс бөліктегі тұрғынжай аумағын зерттеді.

Қазба барысында қолөнерге қатысты құнды деректер анықталды. Керамикалық бұйымдардың бір бөлігі қолдан жасалған, ал кейбіреулері айналмалы шеңберде дайындалған. Бұл жәдігерлер қаланың этномәдени және экономикалық байланыстарын зерттеуге мүмкіндік берді.

Тарих ғылымдарының кандидаты Сейдали Билалов жетекшілік еткен зерттеу тобының жұмысы Жанкент қалашығының ортағасырлық тарихын жаңаша зерделеуге жол ашты. 

WhatsApp Image 2024-12-13 at 15.07.58 (1).jpeg      WhatsApp Image 2024-12-13 at 15.08.00.jpeg

WhatsApp Image 2024-12-13 at 16.29.49.jpeg

Тарихи жәдігерлердің музей қорына тапсырылуы олардың сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, ғылыми қауымдастыққа жаңа зерттеулер жүргізуге жағдай жасайды. Бұл зерттеулердің нәтижелері өңірдің тарихи-мәдени мұраларын сақтауға, оларды насихаттауға маңызды қадам.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...