«Заң мен Тәртіп» қағидаты: студенттер құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 28 қазан 2025
  • 106

«Заң мен Тәртіп» қағидаты: студенттер құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Мемлекет басшысы ұсынған «Заң мен Тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттау мақсатында құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өтті.
Жиынға ҚР Ішкі істер министрлігінің Құрметті ардагері, заң ғылымдарының кандидаты, полковник Ғанибек Отарбаев, Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі, экономикалық тергеп-тексеру қызметінің майоры Майра Оралбаева, сондай-ақ Қызылорда қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Арслан Стамқұлов қатысты.

WhatsApp Image 2025-10-28 at 16.42.24.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-28 at 16.42.23.jpeg

Шара барысында мамандар жастарға қаржылық сауаттылық, дропперлер мен интернет-алаяқтық, лудомания (ойынқұмарлық) сияқты қоғамда өзекті мәселелер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Олар заңды сақтаудың маңызы мен жеке жауапкершіліктің рөлін атап өтті.
Кездесуде студенттер құқық қорғау саласының өкілдеріне өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған пайдалы кеңестер алды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға құрметпен қарау және құқық бұзушылықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру болды.

WhatsApp Image 2025-10-28 at 15.06.28 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-10-28 at 16.42.26 (1).jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...