ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 10 қараша 2026
  • 62

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Педагогика және дәстүрлі өнер институты «Дизайн және технологиялар» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Ағабек Назаров философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын сәтті қорғады.
Диссертациялық жұмыс Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «8D021 – Өнер» бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңесінде «8D02108 – Сәндік өнер» білім беру бағдарламасы аясында қорғалды.
Ғылыми зерттеу тақырыбы – «Арал маңы ортағасырлық қоныстарының сәндік архетиптік үлгілерінің классификациясы: ою-өрнектерінің символдық мәні мен мәдени контексттері».
Зерттеу жұмысы Арал маңы өңіріндегі ортағасырлық қоныстардың сәндік өнер мұрасын зерделеуге, ою-өрнектердің символдық мәнін ашуға және олардың тарихи-мәдени ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан жүйелеуге бағытталған.
Докторанттың ғылыми кеңесшілері – өнертану докторы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Сценография» кафедрасының профессоры Сангуль Каржаубаева, философия ғылымдарының докторы, аталған академияның ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Кабыл Халыков және Анкара музыка және көркемөнер университетінің «Дәстүрлі түрік өнері» кафедрасының профессоры, PhD докторы Өмер Заимоғлу (Түркия).
Ағабек Назаровтың докторлық диссертациясын сәтті қорғауы – университеттің ғылыми әлеуетін арттыруға және ұлттық сәндік өнер мұрасын зерттеу бағытындағы ғылыми ізденістерді дамытуға қосылған маңызды үлес.
Университет ұжымы Ағабек Жеңісбекұлын ғылыми жетістігімен құттықтап, алдағы кәсіби қызметі мен ғылыми ізденістеріне толағай табыс тілейді!


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации