«АҒАРТУШЫ МҰРАСЫ – ЖАСТАР КӨЗІМЕН» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 09 қараша 2026
  • 60

«АҒАРТУШЫ МҰРАСЫ – ЖАСТАР КӨЗІМЕН» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойына арналған «Ағартушы мұрасы – жастар көзімен» облыстық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара Қ. Әбенов атындағы қоғамдық қор мен Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты – Ыбырай Алтынсариннің рухани мұрасы мен ағартушылық идеяларын жастар арасында кеңінен насихаттау, білім алушылардың шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамыту, олардың әдебиет пен журналистика саласындағы ізденістерін қолдау.

WhatsApp Image 2026-11-09 at 16.35.29 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 16.35.30.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 16.35.31 (2).jpeg

Салтанатты жиынды Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Руслан Каюпов ашып, ағартушы мұрасын дәріптеудің және жастардың шығармашылық бастамаларын қолдаудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Қалқабай Әбеновтің отбасына облыс әкімі атынан құттықтау хат табыстады.
Іс-шараға университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Уәлихан Ибраев, Гуманитарлық-педагогикалық институтының директоры Сағат Тайман, «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Марат Аралбаев, «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Қуат Шарабидинов, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.
Жиын барысында «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Аягөз Абдразақова Қалқабай Әбеновтің өмірі мен қызметіне арналған баяндама жасады.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылардың шығармашылық жұмыстары бағаланып, үздіктер үш номинация бойынша марапатталды.

WhatsApp Image 2026-11-09 at 16.35.31 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 16.35.33.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 16.36.26.jpeg

«Бейнематериал» номинациясы бойынша І орынды Жасанды интеллект институтының студенттері Алиасқар Ерген, Шахназар Пазылбек және Александр Ли иеленді. Ал ІІ орын Гуманитарлық-педагогикалық институтының Ж-25-1 оқу тобының студенттері Нұржан Әбуов пен Нұрсұлтан Байнашқа бұйырды.
«Сараптамалық мақала» номинациясында Ж-26-3 оқу тобының студенті Рауан Қожамырза І орынға ие болса, Әділжан Тойбазар ІІ орынды иеленді. ІІІ орын Т-24-1 оқу тобының студенті Бек Ерімбет пен ПМНО-24-1 оқу тобының студенті Нұркен Айбекке берілді.
«Орыс тіліндегі материалдар» номинациясы бойынша «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенті Айжан Зауытбекова І орынды жеңіп алды. Аталған білім беру бағдарламасының студенті Аяулым Ерланқызы ІІ орынға, Мирас Мырзаханұлы ІІІ орынға ие болды.

WhatsApp Image 2026-11-09 at 16.35.31 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 16.35.32 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 16.35.33 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 16.35.29.jpeg

Жеңімпаздарға І орын үшін 100 мың теңге, ІІ орын үшін 70 мың теңге, ІІІ орын үшін 30 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар байқауға қатысушыларды дайындаған оқытушылардың еңбегі бағаланып, алғыс хаттармен марапатталды.
Шығармашылық байқау жастардың қабілетін дамытуға, олардың тың идеялары мен ізденістерін қолдауға, сондай-ақ тағылымды тұлғалардың өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа танытуға бағытталды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации