ТЕҢГЕ ТАРИХЫ – ЖАСТАР НАЗАРЫНДА
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 10 қараша 2026
  • 43

ТЕҢГЕ ТАРИХЫ – ЖАСТАР НАЗАРЫНДА

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Қаржы, есеп және аудит» білім беру бағдарламасының  ұйымдастыруымен «Ұлттық теңге – қаржылық тәуелсіздік нышаны» атты апталықтың ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты жиында институт директоры Айнұр Исаева ұлттық валютамыз – теңгенің ел экономикасындағы маңызды рөліне тоқталды. 

WhatsApp Image 2026-11-10 at 16.41.09.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-10 at 16.41.11 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-10 at 16.41.11 (1).jpeg

Апталыққа орыс тілі кафедрасының аға оқытушысы, нумизмат коллекционер Мәдібекұлы Ибраев арнайы қатысып, студенттерге ұлттық валютамыздың тарихы туралы қызықты мәліметтер ұсынды. Ол теңгенің алғашқы үлгілерінен бастап қазіргі қолданыстағы түрлеріне дейінгі даму жолымен таныстырды. 

WhatsApp Image 2026-11-10 at 16.41.10 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-10 at 16.41.11.jpeg

Сондай-ақ қаржы мамандығының студенттері арасында танымдық, шығармашылық бағыттағы байқаулар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, студенттер ұлттық валюта тақырыбына арналған инфографикалар әзірлеп, теңгенің тарихы мен маңызын насихаттайтын бейнероликтер байқауына қатысты.
Тағылымы мол іс-шара студенттердің танымдық білімін кеңейтіп қана қоймай, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, қаржы саласындағы кәсіби қызығушылығын дамытуға бағытталды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации