ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ИТАЛИЯДАҒЫ ERASMUS+ CYBER4CA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 09 қараша 2026
  • 41

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ИТАЛИЯДАҒЫ ERASMUS+ CYBER4CA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСТЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің өкілдері Италияның Пиза қаласындағы Scuola Superiore Sant’Anna жоғары мектебінде Erasmus+ бағдарламасының Cyber4CA халықаралық жобасы аясында «Киберқауіпсіздік бойынша білім беру бағдарламалары және еуропалық біліктілік жүйесі» тақырыбында бес күндік оқыту семинарына қатысты.
Халықаралық іс-шара «Орталық Азияның цифрлық еңбек нарығына арналған киберқауіпсіздік саласындағы инновациялық магистрлік білім беру бағдарламасын әзірлеу» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.
Семинарға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері – Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті директорының орынбасары Гүл Жүсіпова мен Персоналды дамыту және басқару департаментінің директоры Айнұр Мұрзабекова қатысты. Сондай-ақ іс-шараға Испания, Италия, Бельгия, Румыния, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан жоғары оқу орындарының ғалымдары, профессор-оқытушылары, жоба үйлестірушілері мен орындаушылары, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің білім беру және цифрлық технологиялар саласындағы мемлекеттік органдарының өкілдері жиналды.

WhatsApp Image 2026-11-09 at 11.28.43.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 11.28.42.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті атынан халықаралық жобалар мен стипендиялар тобының жетекшісі, Cyber4CA жобасының университеттегі үйлестірушісі Темірболат Кеншинбай, «Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасының жетекшісі, қауымдастырылған профессор Нұрбек Қоңырбаев және қауымдастырылған профессор Айгүл Дәуітбаева қатысты.
Семинар барысында киберқауіпсіздік саласындағы магистрлік білім беру бағдарламаларын еуропалық біліктілік жүйелерімен сәйкестендіру, оқу нәтижелері мен кәсіби құзыреттерді қалыптастыру, практикалық оқытуды жетілдіру және білім сапасын бағалау мәселелері қарастырылды. Қатысушылар EQF, ECTS, ECSF және ESCO жүйелерін оқу бағдарламаларын әзірлеу барысында қолдану әдістерімен танысты.

WhatsApp Image 2026-11-09 at 11.28.42 (1).jpeg     WhatsApp Image 2026-11-09 at 11.28.42 (2).jpeg

Бағдарлама аясында 5G және 6G байланыс технологиялары, кванттық криптография, жасанды интеллект жүйелерінің қауіпсіздігі, кибершабуылдарды анықтау және желілік инфрақұрылымды қорғау бағыттарындағы зерттеулер таныстырылды. Сондай-ақ білім алушылардың кәсіби құзыреттерін зертханалық жұмыстар, практикалық жобалар, портфолио мен техникалық есептер арқылы бағалау тәсілдері талқыланды.
Cyber4CA халықаралық жобасы консорциумының отырысында қатысушы университеттер атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы міндеттерді белгіледі. Темірболат Кеншинбай Қорқыт ата университетінде жоба аясында жүзеге асырылған жұмыстар жөніндегі жылдық есепті таныстырды. Отырыста жаңа магистрлік бағдарламалар мен оқу пәндерін әзірлеу, CyberLab зертханаларын дамыту, сапаны қамтамасыз ету және жоба нәтижелерін тарату бағыттарына ерекше назар аударылды.

WhatsApp Image 2026-11-09 at 11.28.41 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 11.28.41.jpeg

Семинардың қорытынды кезеңінде қатысушылар әзірлеген білім беру модульдерін таныстырып, оқу бағдарламаларын жетілдіруге арналған ұсыныстарын ұсынды. Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Халықаралық семинардан алынған тәжірибені университеттің киберқауіпсіздік бағытындағы магистрлік білім беру бағдарламасын жетілдіруге, оқу пәндерінің мазмұнын жаңартуға, заманауи зертханалық жұмыстарды енгізуге және практикалық даярлықты күшейтуге пайдалану көзделіп отыр.
Erasmus+ Cyber4CA жобасына қатысу университеттің халықаралық әріптестігін кеңейтуге, білім сапасын арттыруға және киберқауіпсіздік саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға мүмкіндік береді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации