- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Қызылордалық ғалымдар су көлемін үнемдеп, мол өнім алуға болатынын дәлелдеді
Соңғы жылдары еліміздегі су тапшылығы ауыл шаруашылығы саласына кері әсерін тигізуде. Осы ретте Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары ресурстарды үнемдеу және өнімділікті көтеру мақсатында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының тапсырысы бойынша ғылыми жұмыстар жүргізіп келеді.
Қызылорда қаласына қарасты Абай ауылы, «Талапкер» шаруа қожалығында «Климат және су ресурстары өзгеруі жағдайында Қазақстандық Арал өңірі суармалы егіншілігін бейімдеу және тарату жобасы» аясында Дала күні аталып өтті. Жиынға ауыл шаруашылығы саласының өкілдері, университет ғалымдары мен білім алушылары, облыстағы шаруа қожалық басшылары қатысты.
Оқу орнының ғалымдары жобаның маңыздылығын түсіндіріп, қатысушыларға су тапшылығы жағдайындағы өнім алу технологиясын көрсетті. Басқосуда ауыл шаруашылығы саласының ғалымдары егістік картасын әзірлеуден бастап, өнім өсіру, жинау кезеңіне дейінгі атқарылған зерттеу жұмыстарының нәтижесін таныстырды.
«Біз ұсынып отырған технология аймақтың биоклиматтық ресурстарын тиімді пайдалануға негізделген. Күз-қыс және ерте көктемде топырақта жиналған ылғал қоры көп жағдайда пайдаланылмайды. Аймақтың негізгі дақылы – күріш. Жаңа технология лазерлік тегістеуден кейін арнайы тұқымсепкішпен күріш дәнін 0,5-1 см тереңдікке сеуіп, пленкамен бастырып, дән түскен жерді тесіп қояды. Пленканың астындағы топырақ тез қызып, ылғалдың пленка астында сақталуына, тұқымның өсуіне әсерін тигізеді. Бұл технология арқылы өсімдік 2-3 жапырақ шыққанға дейін суды қажет етпейді. Күріш өнімін сәуір айының 1-2 онкүндігінде, ақ дақылдарды наурыз айының екінші онкүндігінде егу қолайлы», - деді жоба жетекшісі, техника ғылымдарының докторы Серікбай Өмірзақов.
Сонымен қатар, ресурс үнемдегіш тұқымсепкіш арқылы тұқым 10 есеге дейін үнемделеді. Бұл шаруалар үшін экономикалық тұрғыдан 10 есе тиімді болмақ. Ғалымдар күрішті 15-25 күн сусыз өсіру арқылы су көлемінің 25-30 пайызға дейін үнемделетінін дәлелдеді. Жобаның нәтижесі бойынша аймақта қолданыстағы өсіру технологиясымен салыстырғанда 14,7 ц/га артық күріш өнімі алынды.
Бұдан бөлек жоба аясында арпа, бидай, сұлы, қант құмайы, жоңышқа, көкөніс және бақша дақылдары егіліп, суару технологиялары нақтыланды. Қатысушылар назарына ғалымдар өсірген өнімдер мен зерттеу жұмыстарына пайдаланылған соңғы үлгідегі көпфункциялы техникалар көрмеге қойылды. Дала күні аясында зерттеушілер ұсынған жаңа технология шаруа қожалық басшыларына өндіріске енгізу мақсатында таратылды.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...