«Шетел тілдері және аударма» білім беру бағдарламасы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

«Шетел тілдері және аударма» білім беру бағдарламасының тарихы

«Шетел тілдері және аударма» білім беру бағдарламасының  тарихы  1937 жылы Кореяның Қиыр Шығыс педагогикалық институты Қиыр Шығыстан Қызылордаға ауыстырылған кезеңнен басталады. Әр жылдары тәжірибелі педагог – лингвист-ғалымдар, әдіскерлер: Ж.А.Абуов, Е.Н.Нұрахметов, А.Е.Ерғалауов, Ж.С.Махамбаев, Н.М.Мусаева,О.Ж.Жақсылықов, Р.Х.Даминова, М.К.Кундебаева, К.И.Изделиев, Е.Е.Есиркепов, А.С.Смайылов, М. Алтынбасов, Е.Б.Базыл, Қ.Ж.Сейдалиев, Г.Б.Рузайкина, Г.А.Нұржанова, З.М.Акназарова, С.А.Бекбулатова, Г.Ж.Снасапова, А.Б.Тыныштықбаева, Р.Ы.Абенова, Г.Р.Нұрекешова  және т. б. еңбек етті.
 
«Роман–герман филологиясы» кафедрасын ұзақ жылдар бойы Е.Н.Нұрахметов, М.К. Күндебаева, А.Б.Тыныштықбаева басқарды.  Құрылымдық өзгерістердің болуына байланысты  2012 жылдың 29 тамызында «Аударма», «Роман-герман тілдері» және «Шығыстану» кафедраларының біріктірілуі негізінде «Шетел тілдері және аударма» кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі қызметін 2012-2019 жылдар аралығында  филология ғылымдарының кандидаты, доцент М.Ш.Жұмағұлова, 2019-2021 жылдары педагогика ғылымдарының магистрі Ш.Ү.Баймаханова,  2021-2022 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты  А.П.Макашева атқарды. 2022-2023 оқу жылында оңтайландыру үдерісі барысында «Шетел тілдері және аударма» кафедрасы мен «Практиалық ағылшын тілі» кафедралары қосылып «Шетел тілдері және аударма» білім беру бағдарламасы болып қайта құрылды. Білім беру бағдарламасының жетекшісі лауазымына педагогика ғылымдарының магистрі Бекназарова  Ұлжан Өмірзаққызы тағайындалды.
 
Ұзақ жылдар бойы университеттің оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып келген «Практикалық ағылшын тілі» кафедрасы ұжымы оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстарға елеулі үлес қосты. Практикалық ағылшын тілі кафедрасының алғашқы меңгерушісі – ғалым, ұстаз, білікті маман ф.ғ.к. доцент Т.Ы.Кеншінбай. 2001-2005 жылдар аралығында ф.ғ.к. М.Ш.Жұмағұлова, 2005-2006 жылдары ф.ғ.к. Г.Ж.Снасапова, 2006-2008 жылдары г.ғ.м. аға оқытушы Н.А.Жапбаров,  2008-2012 жылдары ф.ғ.к., доцент С.І.Садыбекова, 2013 – 2017 жылдарыф.ғ.к. Р.К.Диуанова, 2017-2018 жылдары ф.ғ.к., доцент  С.І.Садыбекова, 2018-2020 жылдары ф.ғ.к. қауымдастырылған профессор Г.Р.Нурекешова, 2022-2023 оқу жылынан бастап кафедраны п.ғ.м., аға оқытушы Бекіш Ербол Тнейбекұлы басқарады.
 
2023-2024  оқу жылында ««Шетел тілдері және аударма»  білім беру бағдарламасында 1 PhD, 8 ғылым кандидаты, 31 ғылым  магистрі еңбек етеді. Білім беру бағдарламасында «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Аударма ісі» бағыттары  бойынша  мамандар даярланады және Университет даярлайтын мамандықтар бойынша қазақ және орыс бөлімдеріне   «Шетел тілі», «Кәсіби бағытталған шетел тілі», магистратураға «Шетел тілі (кәсіби)» пәндерінен сабақ  жүргізіледі.
 
2013-2014 оқу жылында   оқу үдерісіне тартылған шетелдік оқытушылар - Корея Республикасы Ұлттық мәдени мұра ғылыми-зерттеу институтынан арнайы шақыртылған профессор, PhD Ан Сью Хюн, корей тілінің оқытушысы, психология ғылымының докторы Сонг Хе Су, Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары Елшілігінің жолдамасымен келген ағылшын тілі оқытушысы, лингвистика магистрі Сандра Лии  қызмет атқарды. Қазіргі таңда 3 волонтер оқытушы Ким Джинген, Ким Енг Бом және Анна Кубас ағылшын және корей тілдерінен дәріс беріп, «Speak English» үйірмелерін жүргізеді.
 
2021-2022 оқу жылында оқу үдерісіне шетелдік оқытушыларды тарту бағдарламасы аясында   Қазан федералды университеті, филология және мәдениетаралық қарым-қатынас институты, шетел тілдерін оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Солнышкина Марина Ивановна шетел тілі:екі шетел тілі және аударма ісі білім беру бағдарламасының магистранттарына «Тіл және дискурс» пәнінен дәріс өткізді.
 
2012-2017 жылдар аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында бірқатар  шетелдік профессор-оқытушылар: профессор Саид Аббас Мохаммед - араб тілі, профессорлар - Ким Фил, Ким Джи Ын, Джонг Рангки, Джи Хо Ёнг, Анн Сью Хюн, Сонг Хе Су, Пак Джонкын-корей тілі, Люси Кралова, Лианна Стикель, Сандра Лии - ағылшын тілі, С.Мұстафа - қытай тілі;  А.В. Люлина - аударма теориясы мен практикасы, М.И.Солнышкина- лингвистика мәселелері пәндерінен білім беру қызметін жүргізді.
 
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (НКАОКО)  жүргізген «Қазақстанның ЖОО білім беру бағдарламаларының рейтингі-2016» нәтижесінде 5В011900(6В01725)-Шетел тілі:екі шетел тілі білім беру бағдарламасы 6-орынды иеленді.
 
2014 жылдан бастап кафедра оқытушылары халықаралық дәрежедегі IELTS, 2020 жылдан бастап TOEFL емтихандарын  тапсырып, біліктілігін жетілдіруде.
Кафедраның ғылыми қызметінің басты бағыттары: салыстырмалы-салғастырмалы типология, әлеуметтік лингвистиканың, мәдениетаралық коммуникацияның және аударманың  теориялық және практикалық мәселелері, шеттілдік білім берудің заманауй  әдістемесі.
 
«Шетел тілдері және аударма» білім беру бағдарламасының миссиясы
Педагогикалық-гуманитарлық бейіндегі білім, ғылым мен мәдениеттің маңызды бағыттарын қарқынды дамыту проблемаларын шешуге бағдарланған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласында бәсекеге қабілетті шетел тілі мамандарын даярлауды қамтамасыз ету болып табылады және өңір пен тұтастай алғанда Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуына ықпал етеді.
 
Білім беру бағдарламаларының айқындамасы
Осы стратегияны жүзеге асыру нәтижесінде ел білім беру бағдарламалары ішінде де, одан тыс жерлерде де бәсекеге қабілетті бола алатын шетел тілі мамандарын даярлаудың биік деңгейін қамтамасыз ететін, айрықша іскерлік беделі арқылы халықаралық деңгейде танылуға қол жеткізеді.
 
Білім беру бағдарламаларының сапа саласындағы мақсаты мен міндеттері:
- білім сапасын одан әрі арттыру, отандық және халықаралық еңбек нарығында жұмыс істеу үшін біліктілігі жоғары бәсекеге қабілетті шетел тілдері және аударма мамандарын даярлау, түрлі халықтар мен мәдениеттер арасында орнықты өзара түсіністікті дамыту;  ғылыми-білім беру кеңістігінің интеграциялық процестеріне белсенді қатысатын аймақтың жетекші гуманитарлық және әлеуметтік - мәдени орталықтарының бірі ретінде кафедра мәртебесін нығайту үшін ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті кеңейту.
- білім беру және аударматану саласындағы болашақ мамандардың шет тілді коммуникативтік-кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
- білім алушы тұлғасының шығармашылық және рухани қасиеттерін дамыту-жоғары моральды кәсіби, азамат және патриот;
- жоғары білікті оқытушылар құрамын қалыптастыру және оқытушылардың кәсіби өсуіне жағдай жасау;
- білімнің тез бейімделуіне ықпал ететін инновациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану, сондай-ақ білім алушының өзін-өзі жетілдіру және еңбек нарығының өзгермелі жағдайларына байланысты жаңа білім іздеу қабілетін қалыптастыру.
 

Байланыстар


501.png Бекназарова Ұлжан Өмірзаққызы                  
___________________________________              

Білім беру бағдарламасының жетекшісі, п.ғ.м., аға оқытушы

503.png becnazarova@mail.ru                                         

 telephone.png    8 701 414 3227

«Шетел тілдері және аударма» білім беру бағдарламасы

> «Шетел тілдері және аударма» білім беру бағдарламасы мамандарды келесі білім беру бағдарламалары бойынша даярлайды:  
Бакалавриат 
6В01725-Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын-қытай, ағылшын-корей, ағылшын-араб, ағылшын-түрік)
 6В02335-Аударма ісі
Магистратура
7М01723-Шетел тілі: екі шетел тілі
7М02335-Аударма ісі
 

Профессор-оқытушылар құрамы

Бекназарова Ұлжан Өмірзаққызы

  • Лауазымы: Білім беру бағдарламасының жетекшісі, п.ғ.м., аға оқытушы
  • Ақпарат

Жұмағұлова Марияш Шырдайқызы

  • Лауазымы: Доцент, филология ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Кеншінбай Темірболат Ыбрайұлы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, академиялық доцент, филология ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Камишева Гулнур Аббасовна

  • Лауазымы: Қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к.
  • Ақпарат

Садыбекова Салима Ізбасқанқызы

  • Лауазымы: Филология ғылымдарының кандидаты, доцент
  • Ақпарат

Диуанова Райкул Кенесбаевна

  • Лауазымы: Қауымдастырылған профессор м.а., филология ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Аубакирова Құндызай Қыдырбайқызы

  • Лауазымы: Қауымдастырылған профессор, PhD
  • Ақпарат

Хегай Наталья Робертовна

  • Лауазымы: Аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі
  • Ақпарат

Мамырбаева Махаббат Казбаевна

Бекіш Ербол Тнейбекұлы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Мақашева Айжан Пірмағанбетқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Каримова Галина Аликовна

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Таныбергенова Сауле Сергеевна

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Абадилдаева Шырынкуль Келесбаевна

  • Лауазымы: Аға оқытушы, магистр педагогических наук
  • Ақпарат

Жапбаров Нұрғазы Әбсадықұлы

  • Лауазымы: Аға оқытушысы, аударма Ісі мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі
  • Ақпарат

Есембекова Шырынкул Тукеновна

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Ибрагимова Эльмира Айтхожақызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі
  • Ақпарат

Шукенова Куралай Сеитовна

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Үйсінбаева Есенкүл Бағдатқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Баймаханова Шолпан Усеновна

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Қыпшақбай Нұрайым Кенжебекқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, филология магистрі
  • Ақпарат

Сардарова Эльвира Асанбековна

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі, докторант
  • Ақпарат

Муханова Марина Жумабаевна

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Айлауова Жазира Сламханқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Билтекенова Гулмира Баймахановна

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Ташенова Жанат Ахтаевна

Ізтілеуова Жанна Бақытжанқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі
  • Ақпарат

Дәрібаева Жадыра Анафияқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Байниязова Эльмира Мерекеқызы

  • Лауазымы: Оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Ю Хе Джин

  • Лауазымы: Оқытушы, корей тілін екінші тіл ретінде оқыту магистрі
  • Ақпарат

Сембиева Гүлмира Махамбетқызы

  • Лауазымы: Оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Бегеналиева Диана Амирханқызы

  • Лауазымы: Оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Әнуар Индира Асанқызы

  • Лауазымы: Оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі
  • Ақпарат

Ниталиева Бакыткуль Кыдыровна

  • Лауазымы: Оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі
  • Ақпарат

Мәдібаева Света Көшербайқызы

  • Лауазымы: Оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі
  • Ақпарат

Усенова Гулнур Сагидуллаевна

  • Лауазымы: Оқытушы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Мусина Асель Бектаевна

  • Лауазымы: Оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Баймен Ерболат Сауранбекулы

  • Лауазымы: Оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі
  • Ақпарат

Сейфуллина Камилла Дидарбекқызы

Байжанова Гүлнұр Нұрымбекқызы

  • Лауазымы: Оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі
  • Ақпарат

Ким Джинкен

Анна Кубас

Әбжекенова Бибінұр Ғаниқызы

  • Лауазымы: Оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

«Шетел тілдері және аударма» білім беру бағдарламасының материалдық-техникалық базасы

Тілдік зертханалар

111 зертхана

112 зертхана

115 зертхана

 


Мультимедиялық-лингофондық кабинет

 


Дәрісханалар

«Шетел тілдері және аударма» білім беру бағдарламасының қабылдау комиссиясы

Бакалавриат: 

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы 15 (Абай 66а) №5 оқу ғимараты

Телефон номері: 8(7242) 23-53-92, 8 776 538 88 99

Магистратура және докторантура: 

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы 15 (Абай 66а) №5 оқу ғимараты

Телефон номері: 8(7242) 23-53-92, 8 776 538 88 99

Қабылдау уақыты 
Дүйсенбі - жұма сағ. 9:00-18:00
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі 

korkyt_ata_university - Instagram талапкерлерге Қорқыт Ата университетіне оқуға түсу туралы көбірек ақпарат алуға болады.

TUT NEWS BY CATEGORY

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...