«Құқықтану» білім беру бағдарламасы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

«Құқықтану» білім беру бағдарламасының тарихы

Білім беру бағдарламасының құрылуы 1992 жылы тарих факультеті құрамында аймағымыздағы алғашқы мамандандырылған құқықтық білім беретін білім беру бағдарламасы ретінде өз жұмысын бастаған болатын. Білім беру бағдарламасы тарихының жарқын беттері, атап айтар болсақ, ғылым және құқықтық білім берудің  ең үздік шақтары 1992-2000 жылдарға сәйкес келеді, өйткені сол жылдары білім беру бағдарламасыны елімізге белгілі қоғам қайраткері, «Құқықтану» білім беру бағдарламасының  негізін қалаушы, Сыр өңірірінен шыққан тұңғыш кәсіби философ, ф.ғ.қ. профессор М.М.Матаев басқарды. Сол жылдары білім беру бағдарламасының негізгі құрамының қалыптасып, аяғынан нық тұруына, оның алғашқы оқытушы-профессорлар құрамында қызмет атқарған Т.Үмбетова, А.Тасыбева, Б.С.Ахметов, Ж.А.Исаева, Г.Ж.Сыздықова, М.А.Қошманов М.Қ.Жүсіпбекова, М.А. Ақмұрзаев, Н.С.Байқадамовтар зор үлестерін қосты. Сыр өңірінің экологиясының құқықтық  мәселелерін алғаш болып көтеріп, сол тақырыпта ғылыми жұмысын қорғаған Ж.А Исаеваның да орны ерекше.

«Құқықтану» білім беру бағдарламасы қазіргі таңда жетекші білім беру бағдарларының бірі. Ол өңіріміздің ғана емес, Қазақстан Республикасының жетекші жоғарғы оқу орындарының арасында заңгер мамандарын даярлайтын кәсіби білім беру бағдарламасы ретінде де  танымал. Білім беру бағдарламасының ғылыми жұмыстарының негізі - әлемдік және еліміздің заң ғылымының жаңа жетістіктерін қолдану және университеттің жетекші құрамдас бөлігі болып қалыптасуы біздің профессор-оқытушылар құрамына заң ғылымдарының басым бағыттары бойынша іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу міндетін жүктейді. Жыл сайын осы білім беру бағдарламасымен  білім алғысы келетін талапкерлер саны артып келе жатқанын  уақыт көрсетіп отыр.

Қазіргі таңда Құқықтану кафедрасы 6B04246-Құқықтану (Қылмыстық құқықтық),  6B04245-Құқықтану (Азаматтық құқықтық), 6В04247–Әкімшілік әділет білім беру бағдарламалары аясында жоғары білім берілуде. Сонымен қатар аталмыш білім беру бағдарламаларының студенттері магистратура және PhD докторантурасына түсуге мүмкіндіктері бар. Құқықтану білім беру бағдарламаларында үш доцент, оннан астам ғылым кандидаттары мен ғылым магистрлері, сонымен қатар, құқық қорғау органдары жоғары тәжірибелі мамандары қызмет атқаруда. Студенттік заң клиникасының үздік студенттері халыққа тегін заң кеңесін беріп келеді.

Заңгер білім беру бағдарламасын бітіруші түлектер әлемдік жетекші университеттер мен ғылыми орталықтарында тәжірибе жинақтайды. Ресейдің жетекші университеттерімен бірге қос дипломды білім беру бағдарламасын, шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен бірге білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып, шетелдерде өз білімін шыңлап келді. Қазіргі кезеңде кафедра халықаралық байланыстарын  жетілдіре отырып, бірнеше ЖОО сенімді байланыс орнатқан. 

Құқықтану мамандығының студенттері Республикамыздағы көпсалалы жоғары оқу орындарының дайындаған заңгер мамандары, соның ішінде біздің  университет түлектері қазіргі кезде мемлекеттік қызмет саласында, салық органдарында, ішкі істер және прокуратура органдарында, сот жүйесінде, сонымен қатар мемлекеттік емес ұйымдарда  табысты қызмет атқарып жүр. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен құқықтық сала мекемелері арасында қол қойылған екі жақты меморандум аясында университет студенттері өндірістік іс-тәжірибеден өтіп, өз біліктілігін шыңдауға толық мүмкіндіктері бар.

2023-2029 жылдарға арналған ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Байланыстар


501.png Алтаев Ерлан Амангельдиевич                                   
___________________________________              

Білім беру бағдарламасының жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты

503.png altaeverlan@korkyt.kz                                                 

  telephone.png    8 702 569 3210    

«Құқықтану» кафедрасы

>  «Құқықтану» кафедрасы мамандарды келесі білім беру бағдарламалары бойынша даярлайды:  
6В04245 –Құқықтану (Азаматтық құқықтық)
6В04246–Құқықтану (Қылмыстық құқықтық)
6В04247–Әкімшілік әділет
 
Кафедраның ғылыми-ізденістерінің негізгі бағыттары

- ҚР Конституциялық құқығы;
- Мемлекет және құқық теориясы;
- ҚР Қылмыстық құқығы;
- Криминалистика;
- Криминология;
- Прокурорлық қадағалау;
- Экологиялық құқық;
- ҚР Еңбек құқығы
  Қазіргі таңда ҚР Тұрғын үй құқығы, ҚР Аграрлық құқығы, ҚР Экологиялық құқығы және мемлекет және құқық теориясы пәндерінен оқу-әдістемелік жұмыстар дайындалып, жарық көрді. Кафедра оқытушылары студенттердің ғылыми жұмыстарына да басшылық жасап, дәстүрлі кафедра ішілік студенттер конференциясы мен пән олимпиадаларын ұйымдастырылып отырады.
  «Құқықтану» білім беру бағдарламалары жанында студенттерге криминалистиканың негізгі элементтері бейнеленген стендлері бар криминалистика кабинеті, криминалистикалық зерттеуге қажетті құрал - жабдықтармен жарақталған зертхана жұмыс істейді. Мысалы, саусақ іздерін алу, оқиға болған жерді қараудың маңызды құралы болып табылатын тергеуші чемоданы және фотоаппаратура-криминалистикалық лабораторияның негізгі құрал-жабдықтарының бірі. Олардың көмегі арқылы студент оқиға болған жерді қарау әдісінің болашақ заңгерлер қызметіне аса қажеттілігін ескере отырып, ашылған оқу криминалистикалық полигонында теориялық білімдерін практикада жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сот процесін жүргізуді үйретуде студенттердің өздерін қатыстыра отырып сабақ өткізу мақсатында сот мәжіліс залы жұмыс жасайды. Бұл залда студенттердің өздерін нағыз сот алқасы, прокурор, адвокат есебінде тани алуына барлық жағдайлар жасалған. 

Профессор-оқытушылар құрамы

Алтаев Ерлан Амангельдиевич

  • Лауазымы: Білім беру бағдарламасының жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Исаева Жанат Амандыққызы

  • Лауазымы: Заң ғылымдарының кандидаты, доцент
  • Ақпарат

Муйденова Алия Калжановна

  • Лауазымы: Аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Жарекеев Қуаныш Жақсыбайұлы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Әбубәкірова Гүлнұр Мұратбекқыз

  • Лауазымы: Оқытушы, заң ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Милова Елена Викторовна

  • Лауазымы: Заң ғылымдарының кандидаты, кафедра доценті
  • Ақпарат

Жусупбекова Мадина Қойшыбайқызы

  • Лауазымы: Заң ғылымдарының кандидаты, доцент
  • Ақпарат

Исаева Айнұр Женисовна

  • Лауазымы: Философия докторы, аға оқытушысы
  • Ақпарат

Утегенова Гульзат Амандыковна

  • Лауазымы: Оқытушы, заңтану магистрі
  • Ақпарат

Каржаубаева Ляззат Майлибаевна

  • Лауазымы: Заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Ақпарат

Молжанов Серик

  • Лауазымы: Аға оқытушы, практик маман
  • Ақпарат

Саниязова Еркемай Казбековна

  • Лауазымы: Заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Тойлыбекова Эльмира Орынтайқызы

  • Лауазымы: Заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Ақпарат

Отарбаев Ғанибек Сермағанбетұлы

  • Лауазымы: Заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Ақпарат

Жумагулова Шолпан Рустемқызы

  • Лауазымы: Заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Ақпарат

Шукенова Жадыра Сламханқызы

  • Лауазымы: Заңтану магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Кубенова Алия Русланқызы

  • Лауазымы: Оқытушы, заң магистрі
  • Ақпарат

Еламанов Нұрлан Бекмырзаұлы

Садыков Марат Абдулахатович

  • Лауазымы: Университеттің криминалистикалық зертханасының меңгерушісі
  • Ақпарат

Кулмаганбетова Гульсим Сеилхановна

«Құқықтану» кафедрасының материалдық-техникалық базасы

Құқықтану кафедрасында сот залы мен криминалистикалық зертханасы жұмыс жасайды. Зертхана ішінде ұрлық және кісі өлтіру қылмыстары бойынша полигондар бар. Сонымен бірге «Вертуалды зертхана» жұмыс жасайды. Кафедрада және университеттегі құқықтық емес басқа мамандықтарға қызмет көрсететін «Құқықтану» кабинеті жұмыс жасайды. Онда студенттер «Юрист» заң базасымен жұмыс жасауға, өздеріне қажетті нормативтік-құқықтық актілермен танысуға мүмкіндік алады. 
 
 

 
Үйірмелер 

Заңгерлерді дайындау барысында «Студенттердің заң клиникасы» мен «Жас заңгер» үйірмелері жұмыс жасайды. Кафедра оқытушылары кәсіби біліктілікпен тұрғын үй, отбасылық, әкімшілік және еңбек қатынастары мәселелері бойынша азаматтарға ақысыз кеңес береді. Сонымен қатар, «Құқықтану» кафедрасы республикадағы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамымен бірлесіп, сондай-ақ ҚР Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда облыстық соты, Қызылорда облысы бойынша Полиция департаменті, Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Қызылорда облысы бойынша Әділет департаменті органдарымен ғылыми-практикалық семинарлар өткізіледі. 

«Құқықтану» кафедрасының қабылдау комиссиясы

 

Бакалавриат: 

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы 15 (Абай 66а) №5 оқу ғимараты

Телефон номері: 8(7242) 23-53-92, 8 776 538 88 99

Магистратура және докторантура: 

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы 15 (Абай 66а) №5 оқу ғимараты

Телефон номері: 8(7242) 23-53-92, 8 776 538 88 99

Қабылдау уақыты 
Дүйсенбі - жұма сағ. 9:00-18:00
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі 

korkyt_ata_university - Instagram талапкерлерге Қорқыт Ата университетіне оқуға түсу туралы көбірек ақпарат алуға болады.

TUT NEWS BY CATEGORY

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...