Базарбай Исаевтың шығармашылығына арналған конференция өтті
ksu@korkyt.kz, korkyt_ksu@mail.ru +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 16 маусым 2022
  • 1635

Базарбай Исаевтың шығармашылығына арналған конференция өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің түлегі, ақын, жазушы, журналист Базарбай Исаевтың шығармашылығына арналған ғылыми-танымдық конференция өтті. 
Базарбай Исаев 1967 жылы Қызылорда қаласындағы педагогикалық институты филология факультетінің қазақ  тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген. Алғаш еңбек жолын Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінде бастап, Қызылорда облыстық «Ленин жолы» (қазіргі  «Сыр бойы»), «Жас алаш», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»),  «Жалын» баспасы,  «Сақшы» –  «На страже», «Ұлан» – «Гвардия», «Қазақстан сарбазы», «Воин Казахстана»  газеттерінің редакцияларында  жұмыс істеп, өз қолтаңбасын қалдырды.  Қарымды қаламгер ҚР Қарулы Күштерінің запастағы полковнигі, Жаңақорған ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,  Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, ҚР мәдениет қайраткері. 
«Сыр жұртшылығы, оның ішінде киелі топырақтағы қара шаңырақ – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті өз перзенттері, өз түлектерінің қоғам үшін жасаған еңбектерін ешуақытта ұмытпайды. Соның бір жарқын көрінісі бүгінгі конференция деп толық айта аламыз. Өз өмірінің маңызды белестерін руханиятқа, қоғам дамуы мен ұрпақ білімі мен ойының толысуына жұмсаған Базарбай Исаевтың өмірі – кейінгіге үлгі-өнеге»,-деді ғылым департаментінің директоры Қали Омаров.
Басқосуға ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының директоры  Қаршыға Есімсейітова, Михайл Дузелбаев, Базарбай Исаевтың жары  Күлән Байшаханқызы және университеттің ғалымдары мен  профессор-оқытушылары қатысты. Жиында университет ғалымдарының баяндамалары тыңдалып, қатысушылар пікір білдірді.  Сонымен қатар, қарымды қаламгердің 270 кітабы оқу орнының ғылыми кітапханасына табысталды.
 
81.JPG   80.JPG
 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru
 
 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

e-univer.korkyt.edu.kz

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...