Кореялық студенттер Қорқыт ата университетінің жасанды интеллект институтының жұмысымен танысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 тамыз 2026
  • 14

Кореялық студенттер Қорқыт ата университетінің жасанды интеллект институтының жұмысымен танысты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында Корея Республикасынан келген студенттер университеттің Жасанды интеллект институтында болып, білім беру үдерісімен және цифрлық технологиялар бағытындағы жаңа мүмкіндіктермен танысты.
WhatsApp Image 2026-08-21 at 19.15.33.jpeg
Кездесу барысында Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – проректор Дана Абдрашева университеттің білім беру бағдарламалары, халықаралық ынтымақтастық бағыттары және студенттерге ұсынылатын академиялық мүмкіндіктер туралы кеңінен таныстырды. Сонымен қатар, Жасанды интеллект институтының негізгі қызметі, заманауи инфрақұрылымы мен аталған саладағы мамандарды даярлау бағыттары жөнінде ақпарат берілді.
 
Одан кейін кореялық студенттер өз еліндегі жоғары білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен бөлісті. Lee Hanjoo, Hwang Seohyeon, Kim Minchae және Kim Hongmin Кореяның бірқатар жетекші университеттерін таныстырып, жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібі, оқу үдерісі және студенттік өмір туралы баяндады.
 
Кездесу аясында Корея туралы кең тараған түсініктер мен елдегі күнделікті өмірдің ерекшеліктері талқыланды. Қонақтар университеттердегі академиялық мәдениет, студенттердің қоғамдық өмірге қатысуы, визуалды дизайн мамандығының оқу бағдарламалары және жастардың күнделікті тұрмысы жөнінде әңгімеледі.
WhatsApp Image 2026-08-21 at 19.15.34 (1).jpeg
 
Сондай-ақ, саяхат мәдениеті, тұрғын үй жүйесі, әскери міндеттілік және студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының қызметі сөз болды. Тараптар Қазақстан мен Кореядағы студенттік кеңестердің жұмысы мен тәжірибесін салыстырып, пікір алмасты.
 
Бұдан бөлек, шетелдік қонақтарға университет жанындағы Kyzylorda Hub бизнес-инкубациялау орталығы таныстырылды. Студенттер инкубациялық бағдарламалар, маркетингтік қолдау, хакатондар, түрлі байқаулар және білім беру курстары туралы мәлімет алып, орталықтың кәсіпкерлік пен инновациялық жобаларды дамытуға бағытталған қызметімен танысты.
WhatsApp Image 2026-08-21 at 19.15.34 (2).jpeg
 
«Қазақстанға келген сәттен бастап қазақ халқының ерекше қонақжайлығы мен мейірімділігін сезіндім. Әсіресе, Сырдария өзенінің жағасында кешкі серуендеу мен үшін ұмытылмас әсер қалдырды. Қазақстанды ең алдымен ақкөңіл адамдар, дәмді ұлттық тағамдар және ашық-жарқын, достыққа жақын халық ретінде есіме алатын боламын», – деді Lee Hanjoo.
 
Кездесу соңында Корея Республикасынан келген студенттер қазақ халқының қонақжайлылығына алғыстарын білдіріп, Сыр өңірінде жылы қабылданғандарын атап өтті.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации