ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 қыркүйек 2026
  • 21

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ғылым саммиті 2026 жиыны аясында «Science Diplomacy and Global Cooperation» – «Ғылыми дипломатия және жаһандық ынтымақтастық» тақырыбында жоғары деңгейдегі диалог өтті. Кездесуді ICESCO, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және бірқатар халықаралық серіктестер ұйымдастырды. Диалогқа мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми мекемелердің, жоғары оқу орындарының басшылары мен халықаралық сарапшылар қатысты. 

Іс-шара аясында ICESCO мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім ғылыми зерттеулер, білім беру және халықаралық ынтымақтастық бағыттарындағы өзара байланысты дамытуға арналған маңызды қадамдардың бірі болды.

WhatsApp Image 2026-09-22 at 20.55.53.jpeg     WhatsApp Image 2026-09-22 at 21.16.17.jpeg

Қазақстан делегациясының халықаралық бағдарламадағы жұмысы білім беру ұйымдары арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға да бағытталды. Қатысушылар ICESCO Бас директоры доктор Салим М. Әл-Мәлікпен кездесті. Кездесуде жоғары білім, ғылым және мәдениет салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, тәжірибе алмасу және жаңа серіктестік бағыттарды қарастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар Қазақстан делегациясының Халықаралық білім беру институтының (Institute of International Education, IIE) президенті әрі бас атқарушы директоры Джейсон Чизбен кездесуі өтті. One World Trade Center ғимаратында ұйымдастырылған кездесуге Қазақстан делегациясының мүшелері, ICESCO және IIE өкілдері қатысты. Кездесу халықаралық білім беру байланыстарын дамыту және академиялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылауға арналды.

WhatsApp Image 2026-09-22 at 20.55.52.jpeg

Айта кетейік, Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Ғылым саммиті 2026 халықаралық жиыны өтуде. Ғылым саммиті 21–25 қыркүйек аралығында өтеді.  Халықаралық жиынға Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов пен Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева қатысуда.  

Басқосу ғылым, жоғары білім, мемлекеттік саясат, халықаралық ұйымдар, индустрия және инновация салаларының өкілдерін біріктіреді. Саммиттің негізгі бағыттары қатарында ғылыми дипломатия, жасанды интеллект және жаңа технологиялар, ғылыми ынтымақтастық, инновацияларды дамыту және ғылымды орнықты дамуға бағыттау мәселелері бар.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации