«Сергектік және денсаулық – 2024» спартакиадасының жеңімпаздары анықталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 11 қаңтар 2024
  • 960

«Сергектік және денсаулық – 2024» спартакиадасының жеңімпаздары анықталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Сергектік және денсаулық – 2024» атты спартакиада өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын спартакиада «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінде 4-11 қаңтар  аралығында ұйымдастырылды.

IMGL6962.jpg

IMGL7152.jpg

Сайыстың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, оқытушылар мен қызметкерлердің спорттық шеберлігін арттыру. Спорттық шараға білім ордасындағы 300-ден астам профессор-оқытушы мен қызметкер қатысты.

Турнир жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай, университтегі кәсіподақ ұйымының төрағасы Айтжан Оразбақов қатысып, спартакиадаға университет ұжымы тұрақты түрде қатысып, ұйымшылдықтың үлгісін көрсеткенін атап өтті.

Айта кету керек, қатысушылар шахмат, үстел теннисі, жүзу, пневматикалық мылтық ату, тоғызқұмалақ, волейбол, футзал, арқан тарту ойындарынан сынға түсті.

«Сергектік және денсаулық – 2024» спартакиаданың жалпыкомандалық нәтижесі бойынша І орынды Жаратылыстану институты, ІІ орынды Педагогика және дәстүрлі өнер институты, ІІІ орынды Инженерлі-технологиялық институты иеленді.

IMGL7689.jpg

IMGL7630.jpg

IMGL7685.jpg

Жеңімпаздарға университеттің кәсіподақ комитеті тарапынан арнайы кубок, дипломдар мен сыйақы табысталып, үздік ойыншылар марапатталды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...