- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына құжаттар қабылдануда
Елімізде 13 шілдеден бастап мемлекеттік грант байқауына құжаттар қабылдау науқаны басталды. Қазіргі уақытта Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің №5 оқу ғимаратында қабылдау комиссиясы демалыссыз жұмыс істеуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай хабарлады.
Құжат тапсыруға келетін талапкерлер легін қабылдауға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің мамандары толықтай дайын. Керекті құрал-жабдықтармен қамтылған кеңесшілер, техникалық хатшылар талапкерлерге ақпарат беріп, жан-жақты қолдау көрсетуде.
Бүгінде университет бойынша 24 техникалық хатшы жұмыс жасайды, оның ішінде 8 техникалық хатшы қосымша виртуалды қабылдау жұмысын атқарады.
Ал, оқуға түсушілерге кеңес беру мақсатында университеттің профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді, – деді Жандос Нұртайұлы.
Қабылдау комиссиясында талапкерлердің өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы 10 дербес компьютермен жабдықталған.
Университеттің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында қабылдау жұмысына қатысты барлық ақпараттар жүйелі түрде жариялануда.
Биыл жоғары оқу орындары виртуалды кеңселерін қайта ашты және қабылдау комиссиялары алғашқы жұмыс күндерінен бастап өтініштерді оффлайн және онлайн қабылдауда. Мұнда университет қызметкерлері кеңес береді және бейне байланыс арқылы құжаттарды қабылдайды.
Университеттер мен виртуалды қабылдау комиссиялары үшін барлық қажетті ақпараттар Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында орналасқан.
Сонымен қатар, №5 оқу ғимаратының аумағы шатырмен және орындықтармен жабдықталып, келушілерге барлық жағдай жасалды. Қазіргі уақытта талапкерлер мен ата-аналар үшін «Жігер» мейрамханасы және екі асхана жұмыс істеуде. Кезекте тұрған келушілерге арнап университеттің өнерпаздары әннен шашу шашып, жиналған қауымның ықыласына бөленді.
Айта кету керек, қабылдау комиссиясы 20 шілдеге дейін жұмыс істейді.
Брифингте қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Марат Абжаев осы кезге дейін, яғни 19 шілде, сағат 15.00-ге дейін талапкерлерден 3622 өтініш келіп түскенін атап өтті.
2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша 11- сыныпты бітірген 7506 түлектің 6452-сі ҰБТ-ға қатысты. Оның 6036-ы шекті деңгейден өтті. (416 түлек шекті деңгейден өтпеген)
Талапкерлер оқуға түсуге қатысты барлық сұрақтар бойынша төмендегі номерлерге хабарласа алады: 8 7242 23-53-92, Call center 8 702 922 44 58, Watsapp: 8 776 538 88 99;
Инстаграм: @korkyt_ata_university.
Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 15, № 5 оқу ғимараты.
Қазіргі таңда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 8 мыңға жуық білім алушы бар. Биылғы оқу жылын 2159 түлек бітіріп, оның 200-ге жуығы үздік диплом иегері атанды.
Университетте 62 бакалавр, 36 магистратура және 13 докторантура білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярланады. Білім алушылардың жан-жақты дамып, өз саласының үздігі атану үшін оқу орны тарапынан мол мүмкіндік берілген.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...