Университет жастары XVII республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпазы атанды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 08 сәуір 2026
  • 149

Университет жастары XVII республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпазы атанды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерінен құралған “Табиғи интеллект” командасы XVII республикалық пәндік олимпиадада үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі I орынды иеленді. Білім алушылар педагогика мен цифрлық технологияларды ұштастыра отырып, жоғары кәсіби дайындықтарын дәлелдеді.

Аталған білім сайысы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.

«Digital-педагог: интеллект, технологиялар, білім беру» атты білім бәйгесінің басты мақсаты – білім алушылардың кәсіби әлеуетін айқындау, педагогикалық, цифрлық және коммуникативтік құзыреттерін дамыту, сондай-ақ болашақ педагогтердің заманауи технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдануға дайындығын көрсету. Сонымен қатар, білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында студенттердің сыни, шығармашылық және инновациялық ойлау қабілеттерін жетілдіру көзделді.

WhatsApp Image 2026-04-08 at 13.28.09 (1).jpeg     WhatsApp Image 2026-04-08 at 13.28.09.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-08 at 12.07.11.jpeg

Олимпиадаға еліміздің әр өңірінен 19 команда қатысып, бес кезең бойынша бақ сынасты. Қатысушылар «Цифрлық педагогикалық питч», «Pedagogical Mastery Check», «Педагогикалық кейс-банк», «Педагогикалық шешімдер лабораториясы» және «EdTech-педагог сабағы» кезеңдерінде өз білімдері мен шеберліктерін жан-жақты көрсетті.

Әр кезең теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды, цифрлық технологияларды меңгеру деңгейін және креативті ойлау қабілетін кешенді бағалауға бағытталды.

Айта кетейік, келесі оқу жылында республикалық пәндік олимпиада Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде өтеді. Бұл – университет ұжымы үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік.

Осындай білім сайыстары болашақ педагогтердің кәсіби қалыптасуына серпін беріп, еліміздің білім беру жүйесінің дамуына елеулі үлес қосатыны сөзсіз.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...