Ғалымдар дәндік құмайдың аграрлық саладағы әлеуетін талқылады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 08 сәуір 2026
  • 82

Ғалымдар дәндік құмайдың аграрлық саладағы әлеуетін талқылады

«Әлемді ғылым құтқарады – IV» ғылым айлығы аясында «Дәндік құмай – егіншіліктің табыс көзі» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті. Іс-шараның басты мақсаты – аграрлық ғылымның өзекті бағыттарын талқылап, дәндік құмай дақылының маңызын арттыру және ғылыми-зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу болды.

Семинар барысында Аграрлық технологиялар БББ профессор-зерттеушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы И.А. Таутенов «Аграрлық ғылымның адамзат тіршілігіндегі маңызы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Ол өз сөзінде мәдени өсімдіктердің жаңа түрлері мен сорттарын шығару, олардың өнімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ өсімдік шаруашылығының теориясы мен өсіру технологияларын жетілдіру агрономия ғылымының негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

WhatsApp Image 2026-04-08 at 17.44.35 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-08 at 17.44.35.jpeg

Сонымен қатар, Аграрлық технологиялар БББ қауымдастырылған профессоры, PhD С.Ж. Бекжанов және АГР-25-1D тобының докторанты Қ.А. Қаймолдаева  «Қазақстандық Арал өңірі күріш жүйелерінің тұзды топырақтарында дәндік құмайдың отандық және шетелдік селекциясы сорттарын экологиялық сынау» тақырыбындағы ғылыми жоба аясында жүргізіліп жатқан зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Баяндамада дәндік құмай сорттары мен сортүлгілерін экологиялық сынау қорытындылары, сондай-ақ оның тағамдық құндылығы жан-жақты қарастырылды.

WhatsApp Image 2026-04-08 at 17.44.34 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-08 at 17.44.32.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-08 at 17.44.33.jpeg

Семинар қорытындысында қатысушылар дәндік құмай дақылының аграрлық саладағы әлеуетін жоғары бағалап, ғылыми зерттеулерді одан әрі дамыту мен өндірісте тиімді қолдану мәселелері жайлы талқылады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...