Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінің профессорлары дәріс оқиды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 15 сәуір 2026
  • 169

Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінің профессорлары дәріс оқиды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов Өзбекстан Республикасынан келген делегация өкілдерін қабылдады.
Кездесуге Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау салалық орталығының директоры, Банк ісі кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы Нарбой Каримов және Банк ісі кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы Жанабай Якипбаевич қатысты.
Жиын барысында екіжақты академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту, оқытушылар мен студенттер арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ бірлескен дәрістер ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екендерін білдірді.

WhatsApp Image 2026-04-15 at 11.41.13 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-15 at 11.41.14.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-15 at 11.41.13.jpeg

Өзбекстандық профессорлар бұған дейін сырбойылық студенттерге онлайн оқып келген дәрістерін бір апта көлемінде офлайн түрде жүргізіп, кәсіби тәжірибелерімен бөліседі.  
Айта кету керек, Қорқыт ата университеті Өзбекстанның 12 жоғары оқу орнымен халықаралық байланыс орнатқан. Ал Ташкент мемлекеттік экономикалық университетімен серіктестік екі жылдан бері тұрақты түрде жалғасып келеді. Осы уақыт аралығында екі жоғары оқу орнының оқытушылары өзара тәжірибе алмасып, академиялық байланыстарды нығайтуда.
Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және академиялық ынтымақтастықты кеңейту бағытында жұмыстарды жалғастыруға келісті. 

WhatsApp Image 2026-04-15 at 12.21.38.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-15 at 12.21.39.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-15 at 12.21.39 (2).jpeg

1931 жылы құрылған Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті Өзбекстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып саналады. Білім ордасы әлеуметтік ғылымдар мен менеджмент, информатика, өнер және гуманитарлық ғылымдар, әсіресе экономика саласы бойынша білікті мамандар мен зерттеушілер даярлау бағытында танылған.
Жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес университетте 14 бакалавриат, 42 магистратура және 19 докторлық (PhD/DSc) білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жоғары оқу орны халықаралық рейтингтерде де жоғары көрсеткіштерге ие. Атап айтқанда, QS World University Rankings рейтингінде #1001-1200, QS WUR Ranking by Subject бойынша #251–300, QS Sustainability Ranking рейтингінде #951 және Asian University Rankings рейтингінде #274 орынға ие.
Бұл кездесу екі университет арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...