“Qazpatent” ҰЗМИ-мен бірлескен онлайн семинар
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 15 сәуір 2026
  • 27

“Qazpatent” ҰЗМИ-мен бірлескен онлайн семинар

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде дәстүрлі «Әлемді ғылым құтқарады» ғылым айлығы өз жұмысын жалғастыруда. Ғылым мен инновацияны насихаттауға бағытталған бұл ауқымды шара аясында түрлі ғылыми кездесулер, семинарлар мен пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылуда.

Ғылым айлығы шеңберінде Қазақстан Ұлттық зияткерлік меншік институты (Qazpatent) және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығы бірлесіп, «Зияткерлік меншік: ҚР заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында семинар өткізді.

Семинардың ұйымдастырушысы әрі модераторы – Патенттік зерттеулер және Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығының үйлестіру бөлімінің басшысы Шалабаева Ұлдана болды. Сонымен қатар, ол «Зияткерлік меншік: ҚР заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында баяндама жасап, саладағы негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтарға тоқталды.

WhatsApp Image 2026-04-15 at 16.10.31.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-15 at 16.10.31 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-15 at 16.10.32.jpeg

Семинар барысында Qazpatent өкілдері де мазмұнды баяндамалар жасады. Атап айтқанда, Авторлық құқық басқармасының бас сарапшысы Киркбаев Алимжан Тулегенович «Авторлық құқық» тақырыбында баяндама жасап, авторлық құқықты қорғау тетіктері мен оның маңыздылығына тоқталды. Ал өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды іске асыру туралы шарттарды тіркеу басқармасының басшысы Шидербеков Саят Асанович «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану, құқықтарды берудің негізгі нысандары» тақырыбында баяндама жасап, тәжірибелік аспектілермен бөлісті.

Іс-шараға университет ғалымдары, оқытушылар, қызметкерлер мен білім алушылар қатысып, зияткерлік меншік саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Бұл семинар ғылым мен инновацияны дамытуға, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...