«Жауқазын» студенттік театры «Шәмші сүйген Изольда» қойылымын сахналады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 16 сәуір 2026
  • 164

«Жауқазын» студенттік театры «Шәмші сүйген Изольда» қойылымын сахналады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Жауқазын» студенттік театры «Шәмші сүйген Изольда» атты қойылымды көрермен назарына ұсынды. 
Сахналық туынды қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі Шәмші Қалдаяқовтың өміріндегі махаббат пен шығармашылық әлемін бейнелеуге арналды.

WhatsApp Image 2026-04-16 at 10.07.19.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-16 at 10.07.18 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-16 at 10.07.19 (1).jpeg

Қойылым барысында композитордың сезімге толы өмір жолы, өнерге деген адалдығы мен адамгершілік болмысы әсерлі түрде сахналанды. Студенттердің актерлік шеберлігі мен сахналық мәдениеті көрермендер тарапынан жоғары бағаланып, қойылым ерекше атмосферада өтті.  
Қойылым соңында университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов студенттердің шығармашылық еңбегіне ризашылығын білдірді. Ол жастардың өнерге деген қызығушылығы мен шығармашылық бастамаларын қолдау университеттің маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. 

WhatsApp Image 2026-04-16 at 10.07.19 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-16 at 10.07.17.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-16 at 10.07.20.jpeg

Айта кетейік, «Жауқазын» студенттік театры университет студенттерінің шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында түрлі қойылымдар ұйымдастырып келеді. Ұжым алдағы уақытта да жаңа сахналық туындыларымен көрермендерді қуантуды жоспарлап отыр.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...