ӨҢІРЛІК МЕДИАНЫҢ БОЛАШАҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 16 сәуір 2026
  • 159

ӨҢІРЛІК МЕДИАНЫҢ БОЛАШАҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Әлемді ғылым құтқарады – IV» ғылым айлығы аясында «Өңірлік медианың трансформациясы: дәстүрлі БАҚ пен цифрлық медиа» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. 
Іс-шара өңірлік медианың даму бағыттарын айқындап, цифрлық кеңістіктегі жаңа мүмкіндіктерді талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
Конференцияның басты мақсаты – аймақтық баспасөздің заман талабына сай жаңаруына жағдай жасау, цифрлық кеңістіктегі ұлттық және өңірлік контенттің сапасын арттыру, дәстүрлі БАҚ-тың цифрлық жүйеге көшу жолдарын ғылыми-практикалық тұрғыда негіздеу болды. Сонымен қатар, жаңа медиа құралдары мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін игеруге бағытталған кәсіби диалог алаңын қалыптастыру көзделді. 

WhatsApp Image 2026-04-16 at 10.09.34 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-16 at 10.09.35.jpeg

WhatsApp Image 2026-04-16 at 10.09.35 (1).jpeg

Конференция барысында «Егемен Қазақстан» газетінің өңірдегі меншікті тілшісі Мұрат Жетпісбаев, университет профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Зухра Ермағанбетова, аға оқытушы, PhD Ақерке Жолмаханова, «Сыр медиа» ЖШС директорының орынбасары Айжан Абдуллаева, «Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі София Темірболат баяндама жасап, өңірлік медианың даму бағыттары мен цифрлық трансформация мәселелерін жан-жақты талқылады.
Жиынға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, БАҚ өкілдері мен студенттер қатысып, өңірлік медианы цифрландырудың теориялық негіздерінен бастап, жасанды интеллектіні қолдану, фактчекинг мәдениеті, ұлттық бірегейлікті сақтау секілді өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты.

WhatsApp Image 2026-04-16 at 10.09.33 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-16 at 10.09.34.jpeg

Конференция қорытындысында бірқатар маңызды ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика білім беру бағдарламасы мен өңірлік БАҚ редакциялары арасындағы байланысты нығайту, студенттердің өндірістік практикасын нақты цифрлық жобаларға – подкаст, дата-журналистика, SMM бағыттарына бейімдеу ұсынылды. Сонымен қатар, болашақ журналистердің оқу бағдарламасына жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеу, фактчекинг әдістемесі және мультимедиялық сторителлинг дағдыларын енгізу қажеттігі атап өтілді.
Бұдан бөлек, Қазақстан Журналистер одағының Қызылорда облыстық филиалымен бірлесіп, аймақтық бренд қалыптастыру, цифрлық этика мен фактчекинг бағытында шығармашылық байқаулар ұйымдастыру, тәжірибелі журналистер мен ғалымдардың қатысуымен студенттерге арналған тұрақты мастер-кластар мен медиа-мектептер циклын өткізу ұсынылды.
Конференция өңірлік медианың жаңа кезеңге қадам басуына серпін беріп, болашақ журналистердің кәсіби дамуына бағытталған маңызды бастамалардың алаңына айналды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...