«АҒАРТУШЫ МҰРАСЫ – ЖАСТАР КӨЗІМЕН» ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 11 қыркүйек 2026
  • 36

«АҒАРТУШЫ МҰРАСЫ – ЖАСТАР КӨЗІМЕН» ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Қызылорда облысының жоғары оқу орындарының студенттері арасында ұлы қазақ ағартушысы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойына арналған «Ағартушы мұрасы – жастар көзімен» атты облыстық шығармашылық байқау жарияланды.

Байқауды Қалқабай Әбенов атындағы Қоғамдық қор, Қызылорда облысының Қоғамдық даму басқармасы және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті бірлесіп ұйымдастырады.

Байқаудың мақсаты – білім алушылардың шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамыту, Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық мұрасын және білім мен тәрбие құндылықтарын жастар арасында кеңінен насихаттау, сондай-ақ студенттердің медиасаладағы тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік жасау.

Байқауға кімдер қатыса алады?

Қызылорда облысындағы жоғары оқу орындарының 1–4 курс студенттері қатыса алады. Байқауға тек жеке авторлық жұмыстар қабылданады.

Байқау номинациялары:

бейнематериал;

сараптамалық мақала.

Ұсынылатын жұмыстар Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық мұрасына, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы білім, тәрбие және ағарту мәселелеріне арналуы тиіс. Авторлар тақырыпты «Адал азамат», «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп» тұжырымдамаларымен сабақтастыра алады.

Негізгі талаптар: бейнематериалдың ұзақтығы – 2–5 минут, ал сараптамалық мақаланың көлемі 3 беттен аспауы тиіс. Жұмыстар қазақ немесе орыс тілінде, PDF немесе MP4 форматында қабылданады.

Маңызды мерзімдер:

Жұмыстарды қабылдау – 2026 жылғы 1 қазанға дейін.

Байқау қорытындысы – 2026 жылғы 20 қазанға дейін.

Марапаттау рәсімі – 2026 жылғы 25 қазан.

Әр номинация бойынша I, II және III орын иегерлері анықталып, жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Үздік жұмыстар облыстық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы, сондай-ақ жеңімпаздарға облыстық БАҚ-та тағылымдамадан өту мүмкіндігі берілуі мүмкін.

📩 Жұмыстарды қабылдау: serikkhan@korkyt.kz

📞 Байланыс телефоны: +7 778 313 55 04

Байланыс тұлғасы: Жүзеев Серікхан Әлханұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, PhD.

🔗 Байқаудың толық ережесі, қатысу талаптары және өтінім үлгісі сілтемеде: [ЕРЕЖЕМЕН ТАНЫСУ]

Өз идеяңызды ұсыныңыз, шығармашылық қабілетіңізді танытыңыз және ағартушы мұрасын бүгінгі жас ұрпақтың көзімен жаңаша зерделеңіз!

Байқау ережесі жана 07.09.26

Положение о Конкурсе. нов 07.09.26

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации