- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Су шаруашылығы және жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының тарихы
«Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасы университеттің ғылыми Кеңесінің 2012 жылғы 31 тамыз күнгі шешімімен «Су шаруашылығы» және «Жерге орналастыру» кафедраларының бірігуімен құрылды.
«Су шаруашылығы» кафедрасы негізін 1978 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты Қызылорда филиалы құрамында «Арнайы пәндер» кафедрасы атауымен құрылды. «Арнайы пәндер» кафедрасының меңгерушісі болып техника ғылымдарының кандидаты С.И.Қошкаров тағайындалды. Кафедрада гидромелиорация және ауыл шаруашылығы құрылысы мамандықтары бойынша инженерлер дайындалып, алғашқы түлектер 1981 жылы бітіріп шықты.
1982 жылы «Арнайы пәндер» кафедрасы «Гидромелиорация» және «Ауыл шаруашылығы құрылысы» кафедралары болып екіге бөлінді. «Гидромелиорация» кафедрасы меңгерушілігіне техника ғылымдарының кандидаты С.И.Қошқаров бекітілді. Кафедра құрамында ғылым кандидаттары Т.А.Тұрғанова, Д.Ә.Сейітқасымов, Ә.Ә.Сағаев, С.Ы.Өмірзақов, А.Ә.Шомантаев, С.Т. Тәуіпбаев, О.Қ.Қарлыханов, т.б. оқытушылар қызмет етті.
1985-1990 жж. осы құрылым негізінде ашылған «Ауыл шаруашылығы мелиорациясы» және «Гидротехникалық құрылыс» кафедралары жұмыстарын жалғастырды. «Ауыл шаруашылығы мелиорациясы» кафедрасына әр жылдары Т.М. Сағымбеков, Е.М.Құттыбаев басшылық етті. «Гидротехникалық құрылыс» кафедрасына әр кезеңде Т.А.Тұрғанова, А.Н.Оспанов жетекшілік жасады.
1991 жылы осы екі кафедра негізінде «Гидромелиорация» кафедрасы құрылды. 1993 жылға дейін техника ғылымдарының докторы, профессор Т.Қ.Қарлыханов осы кафедраға меңгеруші болды.
1994 жылы осы кафедралар атаулары «Орман мелиорациясы» болып өзгертілді. Кафедра меңгерушілері болып 1994-1996 жылдар аралығында т.ғ.к. С.Ы.Өмірзақов, 1996-1998 жж. техника ғылымдарының кандидаты Ә.Ә.Сағаев қызмет атқарды. Ал, «Гидроэкология, гидротехникалық және мелиоративтік құрылыс» кафедра меңгерушілері болып 1994 жылы техника ғылымдарының докторы, профессор Т.Қ.Қарлыханов, 1994-1996 жж. техника ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ә.Шомантаев, 1996-1998 жж. техника ғылымдарының кандидаты С.Т.Тәуіпбаев қызмет атқарды.
Гидроэкология, орман мелиорациясы мамандықтарының мемлекеттік стандарттарын жасауға Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы география ғылыми-зерттеу институтының профессоры, техника ғылымдарының докторы А.Ә.Тұрсынов, кафедра ғалымдары Т.Қ.Қарлыханов, С.И.Қошқаров, С.Ы.Өмірзақов, т.б. оқытушылар еңбек сіңірді.
1998 жылы екі кафедра бірігіп, «Мелиорация және гидроэкология» кафедрасы болып қайта құрылып, кафедра меңгерушілігіне техника ғылымдарының кандидаты С.Ы.Өмірзақов тағайындалды.
2002 жылдың маусым айында С.И.Қошқаров және ғылым кандидаттары Ж.Н. Баймаханов, Ш.И. Маштаева, А.Т.Жүнісов Канаданың жоғарғы және арнаулы оқу орындарында болып, ауыл шаруашылығы мамандарын дайындаудың озық технологиялары жөнінде тәжірибе алмасып қайтты.
2004 жылы кафедра атауы «Су шаруашылығы» болып өзгерді. Кафедра меңгерушілігіне техника ғылымдарының кандидаты С.Ы.Өмірзақов тағайындалды. 2005-2010 жж. «Су шаруашылығы» кафедрасын техника ғылымдарының кандидаты, профессор Ә.Ә.Сағаев, 2010-2012 жж. техника ғылымдарының докторы, профессор С.И.Қошқаров басқарды.
«Жерге орналастыру» кафедрасы 1993 жылы наурыз айында «Сызба геометриясы және инженерлік геодезия» кафедрасының негізінде құрылды.
Кафедраның алғашқы меңгерушілігіне техника ғылымдарының кандидаты Ерсін Әліпбайұлы Батырбаев тағайындалды. 1994-1998 жылдары кафедраны ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Б.О.Раисов, 1998-2000 жылдары экономика ғылымдарының докторы Ж.А.Бисенов, 2003-2009 жылдары ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы Ә.М.Тоқтамысов, 2009-2011 жылдары техника ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Қ. Құлтанов, 2011-2012 жылдары техника ғылымдарының кандидаты, доцент М.Ембергенов басқарды.
Кафедрада Москва жерге орналастыру инженерлері институтының түлегі, аға оқытушы А.Ә.Алдабергенова, Москва Геодезия, аэрофототүсіріс және картография инженерлері институтының түлегі, аға оқытушы Қ.Қ.Бектанов, Л.Б.Ли, З.С.Өрікбаева, университет түлектері: Қ.М.Қиясов, Э.А.Альмағанбетова С.Е.Айменова, А.С.Тұрсынбаева, А.Арипова, А. Бәйімбетова қызмет етті.
Университеттің ғылыми Кеңесінің 2012 жылғы 31 тамыз күнгі шешімімен «Су шаруашылығы» және «Жерге орналастыру» кафедраларының бірігуімен «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі болып техника ғылымдарының докторы, профессор С.И. Қошқаров тағайындалды.
Кафедра «Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау», «Су ресурстары және суды пайдалану», «Жерге орналастыру», «Кадастр» мамандықтары бойынша бакалаврларды дайындайды. 2004 жылдан бастап «Су ресурстары және суды пайдалану», 2008 жылы «Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау» мамандықтары бойынша магистратура ашылды. 2012 жылы наурыз айында «Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау» мамандығы бойынша PhD докторантура ашылды. Алғашқы докторанттар болып кафедра түлегі П.О.Буланбаева, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің оқытушылары Қ.Б. Әбдешев, Қ.Қ.Масатбаев оқыды.
Байланыстар
Отарбаев Бауыржан Сырмағамбетұлы
___________________________________
Білім беру бағдарламасының жетекшісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
8 705 703 6845
Су шаруашылығы және жерге орналастыру» білім беру бағдарламасы
Профессор-оқытушылар құрамы
Отарбаев Бауыржан Сырмағамбетұлы
- Лауазымы: Білім беру бағдарламасының жетекшісі, аға оқытушы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
- Ақпарат
Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы
- Лауазымы: Қауымдастырылған профессор, техника ғылымдарының докторы.
- Ақпарат
Умбетова Шолпан Мырзабекқызы
- Лауазымы: Қауымдастырылған профессор, техника ғылымдарының кандидаты
- Ақпарат
Кенжалиева Бахыткул Туребайқызы
- Лауазымы: Аға оқытушы, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты
- Ақпарат
Су шаруашылығы және жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының материалдық-техникалық базасы
«Су шаруашылығы және жерге орналастыру» БББ LSD-проекторлары және интерактивті тақталар, компьютер жабдықтарынан тұратын заманауи аудиториялармен қамтамасыз етілген. Мамандық бойынша мамандандырылған зертханалар мен кабинеттер көрнекті құралдармен және оқу құралдарымен жабдықталған. №104, 109, 401, 403 аудиториялар мультимедиялық проекторлармен және интерактивті тақталармен жабдықталған. Зертханалық және тәжірибелік сабақтарды жүргізу үшін барлық техникалық мамандықтарға арналған нивелирлер, теодолиттер, рейкалар, штативтер, рулеткалар, электронды планиметрлер мен электронды тахеометрлер және сәулелік рулетка бар.
2019-2020 оқу жылында «Гидравлика» пәні бойынша №109 аудиторияға жалпы құны 17 млн теңгеге жаңа заманауи зертханалық қондырғылар сатып алынып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2019 жылы «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» білім беру бағдарламасында жаңадан екі дәрісхана ашылды:
1) №104 - Халықаралық экология және табиғатты пайдалану академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Төрехан Қарлыханұлы Қарлыханов атындағы дәрісхана
2) №300 - Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, профессор, техника ғылымдарының докторы Серікбай Иманбайұлы Қошқаров атындағы дәрісхана.
М.Нәлібаев атындағы Су шаруашылығы мұражайы
«Су шаруашылығы және жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының қабылдау комиссиясы
Бакалавриат:
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы 15 (Абай 66а) №5 оқу ғимараты
Телефон номері: 8(7242) 23-53-92, 8 776 538 88 99
Магистратура және докторантура:
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы 15 (Абай 66а) №5 оқу ғимараты
Телефон номері: 8(7242) 23-53-92, 8 776 538 88 99
Қабылдау уақыты
Дүйсенбі - жұма сағ. 9:00-18:00
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі
korkyt_ata_university - Instagram талапкерлерге Қорқыт Ата университетіне оқуға түсу туралы көбірек ақпарат алуға болады.
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...