Әскери кафедра
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

Әскери кафедра

nurseit.JPG
Увайдаев Нұрсейт Өтегенұлы
Әскери кафедра жетекшісі
 
Алғашқы қалыптасу кезеңінен бастап материалдық-техникалық базаны құрып, оны дамытуда, шығармашылық жағдай туғызуда кафедраның әр жылдардағы меңгерушілері  зор еңбек сіңірді. ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығы негізінде 2016 жылдың қыркүйек айында әскери кафедраның бастығы лауазымына полковник Нұрсейіт Увайдаев тағайындалды.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамында 4 запастағы подполковник (Ғ.А. Жармаханов, А.Ж. Калиев, Е.У. Абсадыков, М.М.Сулейменов), 4 запастағы майор (С.М. Кенжегулов, А.А. Мырзагулов, М.Д. Бекенов, Б.Б. Ердуллаев) және 1 отставкадағы майор (Б.Е. Ердигаликов), 1 запастағы капитан (А.К. Жарасбаев), 5 маман-қызметкер (Э.Б. Елеукеева, Б.М. Танатканова, Н.Б. Биманов, Ш.М.Қожбанов, Р.А. Тулепов) бар.
 
Міндеттері
Азаматтарды запастағы офицерлер бағдарламасы және запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери қызметке әскери даярлау Қазақстан Республикасының әскери оқытылған резервін қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері (ҚР ҚК)  офицерлер құрамының бастапқы лауазымдарын алатын жоғары кәсіптік білім негізінде және сержанттар құрамының лауазымдарын қосымша жасақтау мақсатында әскери-есептік мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде әскери кафедраның материалдық-техникалық базасының құрамында РПГ-7 граната атқыш тренажерімен, «Стрелец» тренажерімен және басқа да оқу-көрнекі, оқу-жаттығу құралдарымен жабдықталған аудиториялар бар. Үш ГАЗ-66 автомашинасы, БМП-1, БМП-2 жаяу әскердің жауынгерлік машинасы және оны оқытудың қосалқы құралдары, тасымалданатын зениттік зымыран кешендерінің далалық тренажерлары, атыс қаруларының макеттері мен жаппай жою қаруларынан қорғану және басқа құралдар практикалық сабақтарда қолданылады.
Оқу-жаттығу орталығы (полигоны) толығымен оқу-жаттығу жиындарын өткізу барысында және күрделі практикалық сабақтарды өткізу барысында пайдаланылады.
Университет студенттері  әскери кафедрада аптасына бір рет әскери күн әдісімен екі жыл (сержанттар – 1 жыл) бойына оқиды. Кафедрадағы әскери даярлыққа қабылдау конкурстық іріктеу негізінде жүргізіледі. Іріктеу барысында студенттердің сабақ үлгірімі, психологиялық тестілеудің нәтижесі, дене дайындығы пәні бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелері мен денсаулығының әскери қызметке жарамдылығы есепке алынады.
Әскери даярлық курсын толық аяқтағаннан соң студенттер оқу жиынынан өтеді. Әскери кафедра 2021-2022 оқу жылы өзінің оқу-жаттығу орталығында 21-ші рет оқу-жаттығу жиынын өткізді. Әскери кафедра құрылған сәттен бастап, 2022 жылды қосқанда 2474 запастағы офицерлер мен  400 запастағы сержанттар дайындап шығарылды.
Білім алушылармен жүргізілетін әскери даярлық университеттің ішіндегі ахуалға, оның тыныс-тіршілігіне оң әсер беріп келеді. Институттардағы педагогикалық үдеріспен қатар жүргізілетін әскери даярлық студент жастар бойында отансүйгіштік, адалдық, кез-келген қиындыққа мойымай қарсы тұра алатындай азаматтық қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді. Әскери даярлықтан өткен студенттер өздерінің ішкі-сыртқы жинақылығымен, дене дайындығымен, тәртіптілігімен ерекшеленеді.
Студенттерді әскери дайындау қосымша оқыту түрі болып табылады және теориялық және практикалық оқу курстарынан тұрады. Әскери дайындыққа барлығы 588, оның ішінде ЖОО-дағы теориялық дайындыққа - 360 және практикалық дайындыққа - 228 академиялық сағат бөлінеді. Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу жыл сайын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрімен бекітілетін басшылық құжат және қабылдау жоспарына сәйкес конкурс негізінде жүргізіледі. Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан үлкен емес жастағы, сотталмаған, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, әскери қызметке денсаулығы жағдайы жарамды, ЖОО-ның бірінші курсын аяқтаған студенттер жіберіледі.
 
Қорқыт Ата атындағы ҚУ жанындағы әскери кафедра студенттерін әскери даярлау мынадай әскери-есептік мамандықтар бойынша запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша жүргізіледі:
- Жалпы әскери бөлімшелерді, бөлімдерді және құрылымдарды жауынгерлік қолдану.
- Аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру;
- Атқыштық
- Жақын іс-қимылдағы жылжымалы зениттік зымыран кешендерімен қаруланған бөлімшелерді жауынгерлік қолдану
- Құрлық әскерлерінде тәрбие және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру.
 
Қызметі:
Студенттерді әскери даярлау: құрлық әскерлерінде тәрбие және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру; жалпыәскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану; аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру; ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары; атқыштық сынды әскери-есептік мамандықтары бойынша запастағы офицерлерді (сержанттарды) даярлау бағдарламасы бойынша жүргізіліп келеді.
2022-2023 оқу жылынан бастап «Жақын іс-қимылдағы жылжымалы зениттік зымыран кешендерімен қаруланған бөлімшелерді жауынгерлік қолдану» әскери-есептік мамандығы бойынша запастағы офицерлерді
даярлау басталды.
 
Құрылымы:
Увайдаев Нұрсейт Өтегенұлы - полковник, әскери кафедра бастығы
Телефон: 8 (7242) 27-72-15
Ердигаликов Биболат - отставкадағы майор, аға оқытушы
Абсадыков Ерлан Умербекұлы - запастағы подполковник, аға оқытушы 
Кенжегулов Сәкен Маратұлы, запастағы майор, аға оқытушы, цикл бастығы  
Мырзагулов Араб Абжанұлы - запастағы майор, аға оқытушы, цикл бастығы  
Қалиев Ақылбек Жанабайұлы - запастағы подполковник, оқытушы,
Сүлейменов Мақсұт Мейірманұлы - запастағы подполковник, оқытушы 
Бекенов Мирамбек Даулетбайұлы - запастағы майор, оқытушы
Ердуллаев Бақытбек Бартырханұлы - запастағы майор, оқытушы
Жарасбаев Асқар Қалдыбекұлы - запастағы капитан, оқытушы
Елеукеева Эльмира Берікболқызы – біліктілігі жоғары денгейдегі маман
Танатканова Бисенкүл Мыңбайқызы - біліктілігі жоғары денгейдегі маман
Биманов Нұржан Барлыбайұлы - біліктілігі жоғары денгейдегі маман
Түлепов Руслан Асқарұлы - шеберхана меңгерушіс
Қожбанов Шыңғыс Мұратбекұлы - нұсқаушы
 
Байланыс номері: 8 (7242) 27-72-15

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...