- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг бөлімі және мансап орталығы
- Жұмыс берушілер кеңесі
- 2024-2025 оқу жылына арналған магистратура бойынша кәсіби бағдар беру жол картасы
- Шетелдік студенттер санын көбейту мақсатында атқарылатын жұмыстар бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
- Жасанды интеллект институтының кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша 2024-2025 оқу жылына жылдық жұмыс жоспары
- Түйіндеменің үлгісі
- «Upgrade» алаңы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Әскери кафедра
Увайдаев Нұрсейт Өтегенұлы
Әскери кафедра жетекшісі
Әскери кафедра жетекшісі
Алғашқы қалыптасу кезеңінен бастап материалдық-техникалық базаны құрып, оны дамытуда, шығармашылық жағдай туғызуда кафедраның әр жылдардағы меңгерушілері зор еңбек сіңірді. ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығы негізінде 2016 жылдың қыркүйек айында әскери кафедраның бастығы лауазымына полковник Нұрсейіт Увайдаев тағайындалды.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамында 5 запастағы подполковник (Ғ.А. Жармаханов, А.Ж. Калиев, Е.У. Абсадыков, М.М.Сулейменов, Ш.Ш.Уксикбаев), 4 запастағы майор (С.М. Кенжегулов, А.А. Мырзагулов, М.Д. Бекенов, Б.Б. Ердуллаев) және 1 отставкадағы майор (Б.Е. Ердигаликов), 5 маман-қызметкер (Э.Б. Елеукеева, Б.М. Танатканова,
Н.Б. Биманов, Ш.М.Қожбанов, Р.А. Тулепов) бар.
Міндеттері
Азаматтарды запастағы офицерлер бағдарламасы және запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери қызметке әскери даярлау Қазақстан Республикасының әскери оқытылған резервін қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері (ҚР ҚК) офицерлер құрамының бастапқы лауазымдарын алатын жоғары кәсіптік білім негізінде және сержанттар құрамының лауазымдарын қосымша жасақтау мақсатында әскери-есептік мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде әскери кафедраның материалдық-техникалық базасының құрамында РПГ-7 граната атқыш тренажерімен, «Стрелец» тренажерімен және басқа да оқу-көрнекі, оқу-жаттығу құралдарымен жабдықталған аудиториялар бар. Үш ГАЗ-66 автомашинасы, БМП-1, БМП-2 жаяу әскердің жауынгерлік машинасы және оны оқытудың қосалқы құралдары, тасымалданатын зениттік зымыран кешендерінің далалық тренажерлары, атыс қаруларының макеттері мен жаппай жою қаруларынан қорғану және басқа құралдар практикалық сабақтарда қолданылады.
Оқу-жаттығу орталығы (полигоны) толығымен оқу-жаттығу жиындарын өткізу барысында және күрделі практикалық сабақтарды өткізу барысында пайдаланылады.
Университет студенттері әскери кафедрада аптасына бір рет әскери күн әдісімен екі жыл (сержанттар – 1 жыл) бойына оқиды. Кафедрадағы әскери даярлыққа қабылдау конкурстық іріктеу негізінде жүргізіледі. Іріктеу барысында студенттердің сабақ үлгірімі, психологиялық тестілеудің нәтижесі, дене дайындығы пәні бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелері мен денсаулығының әскери қызметке жарамдылығы есепке алынады.
Әскери даярлық курсын толық аяқтағаннан соң студенттер оқу жиынынан өтеді. Әскери кафедра 2022-2023 оқу жылы өзінің оқу-жаттығу орталығында 22-ші рет оқу-жаттығу жиынын өткізді. Әскери кафедра құрылған сәттен бастап, 2023 жылды қосқанда 2570 запастағы офицерлер мен 408 запастағы сержанттар дайындап шығарылды.
Білім алушылармен жүргізілетін әскери даярлық университеттің ішіндегі ахуалға, оның тыныс-тіршілігіне оң әсер беріп келеді. Институттардағы педагогикалық үдеріспен қатар жүргізілетін әскери даярлық студент жастар бойында отансүйгіштік, адалдық, кез-келген қиындыққа мойымай қарсы тұра алатындай азаматтық қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді. Әскери даярлықтан өткен студенттер өздерінің ішкі-сыртқы жинақылығымен, дене дайындығымен, тәртіптілігімен ерекшеленеді.
Қорқыт Ата атындағы ҚУ жанындағы әскери кафедра студенттерін әскери даярлау мынадай әскери-есептік мамандықтар бойынша запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша жүргізіледі:
- Жалпы әскери бөлімшелерді, бөлімдерді және құрылымдарды жауынгерлік қолдану;
- Аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру;
- Атқыштық;
- Жақын іс-қимылдағы жылжымалы зениттік зымыран кешендерімен қаруланған бөлімшелерді жауынгерлік қолдану;
- Құрлық әскерлерінде тәрбие және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру.
Қызметі:
Студенттерді әскери даярлау "Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығы бойынша жүргізіледі.
Оқу үдерісіне қосымша студенттердің теориялық білімдерін тәжіриебелі түрде жетілдіру, біліктілігін және дағдыларын нығайту, сондай-ақ әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары мен дене тәрбиесін жетілдіру мақсатында әр оқу кезеңінде әскери кафедраның оқу взводтары арасында әскерилендірілген сайыс ұйымдастырылады. Сайыс жалпы әскери пәндерінің нормативтерін орындау бойынша өткізіледі. Жоғары орын алған взводтар тиісті денгейде марапатталады.
Әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеу
1. Іріктеу комиссиясы әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеуді Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін қабылдау жоспарына сәйкес конкурс негізінде жүргізеді.
2. Әскери кафедра құжаттарды қабылдауды іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 10 жұмыс күні бұрын аяқтайды.
Әскери кафедра ЖЖОКБҰ студенттеріне қабылдау жылының 1 ақпанына дейін әскери кафедраға құжаттарды тапсыру мерзімі және іріктеу комиссиясының жұмысы туралы ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан үлкен емес Қазақстан Республикасының азаматтары – ЖЖОКБҰ-да күндізгі оқыту нысаны бойынша оқитын студенттер жіберіледі.
Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу үшін конкурс төрт кезеңде жүзеге асырылады:
бірінші кезең – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге сәйкес медициналық куәландырудан өту;
екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу;
үшінші кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;
төртінші кезең – ЖЖОКБҰ-ның басшысы жасайтын және бекітетін рейтингілік балл есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.
Конкурстың әрбір кезеңінен бір рет өтуге жол беріледі.
3. Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші (3 және 4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.
Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші, екінші (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші, үшінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.
4. Іріктеу комиссиясының құрамы мен жұмыс мерзімі Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының (бұдан әрі – ҚМБО – ҚР ҚК БШБ) бұйрығымен айқындалады. Бұйрықтың жобасын әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі әзірлейді. Іріктеу комиссиясының жұмыс мерзімі мен құрамы бойынша ұсыныстарды әскери кафедралар ҚР ҚМ-ға қабылдау жылының 1 сәуірінен кешіктірмей жолдайды.
5. Мерзімді қызмет өткерген студенттер медициналық куәландырудан өткеннен кейін өтеусіз негізде (мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша) конкурстан тыс әскери даярлауға жіберіледі.
6. Іріктеу комиссиясының жұмыс регламенті ЖЖОКБҰ-ның академиялық күнтізбесіне сәйкес айқындалады.
7. Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент қабылдау жылының 1 ақпанынан бастап Қағидаларға сәйкес үлгі бойынша өтініш және Қағидаларға сәйкес конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізбесін береді.
8. Медициналық куәландырудан өту үшін студенттерге әскери кафедрада ресімделген медициналық куәландыру карталары беріледі. Студенттерді медициналық куәландыру қабылдау жылының 1 ақпанынан бастап жергілікті әскери басқару органдарында жүргізіледі. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін медициналық куәландыру нәтижесі іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей әскери кафедраға ұсынылады.
9. Медициналық куәландырудан өтпеген студенттер конкурсқа жіберілмейді.
10. Студенттердің дене шынықтыру дайындығы Қағидаларға сәйкес дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсыру нәтижесімен бағаланады. Үш нормативті тапсыру жиынтығы бойынша 9 балл жинамаған студенттер конкурс кезеңінен өтпеген болып саналады.
11. Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеу ЖЖОКБҰ-ның компьютерлік сыныптарында өткізіледі және ерік-жігері, күйзеліске төзімділік, сыни және қисынды ойлау деңгейін тексеруді қамтиды.
12. Іріктеу комиссиясының отырыстары іріктеу комиссиясының төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі және "әскери дайындыққа жіберілсін", "ақылы негізде оқуға ұсынылсын", "бас тартылсын" деген шешімдердің біреуін қабылдаумен Қағидаларға сәйкес нысан бойынша хаттама ресімдеумен сүйемелденеді.
13. Шешім қарапайым көпшілік дауыс берумен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда іріктеу комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
14. Тегін негізде оқу үшін әскери кафедраға бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындардың санына сәйкес келетін нөмірге дейінгі рейтингіде тұрған студенттер жіберіледі.
15. Конкурс кезеңдерінің нәтижесімен келіспеген студент сол күні іріктеу комиссиясының төрағасына жазбаша түрде (еркін нысанда) өтініш береді.
16. Конкурс нәтижесі іріктеу комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін келесі күні әскери кафедраның ақпараттық стендіне орналастырылады.
«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жарғысына сәйкес:
Білім алушылар қоғамнан келесі негіздер бойынша шығарылуы мүмкін:
- Өз қалауы бойынша;
- Қайтыс болуына байланысты;
- Оқуды жалғастыру үшін басқа білім беру ұйымына ауысуына байланысты;
- Мемлекеттік қорытынды аттестаттауда, сондай-ақ академиялық үлгермегені үшін қанағаттанарлықсыз баға алу;
- Корпоративтік Әдеп кодексін, Жарғыны және ішкі тәртіп қағидаларын бұзғаны үшін;
- Білім алушы бас бостандығынан айыруға немесе оқуын жалғастыру мүмкіндігін болдырмайтын өзге де жазаға сотталған сот үкімі заңды күшіне енген жағдайда;
- Оқуға арналған шартта көзделген талаптарды бұзғаны үшін;
- Академиялық демалыстан шықпауына байланысты;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Құрылымы:
Увайдаев Нұрсейт Өтегенұлы - полковник, әскери кафедра бастығы
Ердигаликов Биболат - отставкадағы майор, аға оқытушы
Ердигаликов Биболат - отставкадағы майор, аға оқытушы
Абсадыков Ерлан Умербекұлы - запастағы подполковник, аға оқытушы
Кенжегулов Сәкен Маратұлы - запастағы майор, аға оқытушы, цикл бастығы
Мырзагулов Араб Абжанұлы - запастағы майор, аға оқытушы, цикл бастығы
Қалиев Ақылбек Жанабайұлы - запастағы подполковник, оқытушы,
Сүлейменов Мақсұт Мейірманұлы - запастағы подполковник, оқытушы
Уксикбаев Шарипбай Шакизадаұлы - запастағы подполковник, оқытушы
Бекенов Мирамбек Даулетбайұлы - запастағы майор, оқытушы
Ердуллаев Бақытбек Бартырханұлы - запастағы майор, оқытушы
Қожбанов Шыңғыс Мұратбекұлы - инженер
Қожбанов Шыңғыс Мұратбекұлы - инженер
Елеукеева Эльмира Берікболқызы - біліктілігі жоғары денгейдегі маман
Танатканова Бисенкүл Мыңбайқызы - біліктілігі жоғары денгейдегі маман
Биманов Нұржан Барлыбайұлы - біліктілігі жоғары денгейдегі маман
Түлепов Руслан Асқарұлы - біліктілігі жоғары денгейдегі маман
E-mail: Nurasil@korkyt.kz
Байланыс телефоны: 8(7242)27-72-15 (факс)
Кезекші бөлімі: 8(7242)27-61-67
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...