6B06352 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45

6B06352 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Институт Инженерлі-технологиялық
Кафедра Компьютерлік ғылымдар
Білім беру бағдарламаларының тобы B058 - Ақпараттық қауіпсіздік057 - Ақпараттық технологиялар
Атауы 6B06352 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
Аккредитация Сертификат
Білім беру бағдарламасының түрі Қолданыстағы
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ақпараттық қауіпсіздік оқу бағдарламасының мақсаты — Ақпараттандыру объектілерінде ақпаратты қорғауға қабілетті,  білімді және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жеке шеберлігі мен қасиеттерін қолдануға қабілетті ақпараттық қауіпсіздік саласында жоғары білікті кадрларды даярлау.Білім алушыларды әр түрлі біріктірілген компьютерлік жүйелер мен желілердегі ақпаратты қорғау және оның  қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ақпаратты криптографиялық, техникалық қорғау саласына бағытталған жалпы білім беретін, базалық және бейінді пәндерге оқыту.
Білім деңгей Бакалавриат (Жоғары білім)
Қызметтер тізбесі

Киберқауіпсіздік инженері (Cybersecurity Engineer)
Ақпараттық жүйелер мен желілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Деректерді қорғау және кибершабуылдарды болдырмау шараларын әзірлеу және енгізу.
Cisco және басқа да қауіпсіздік жүйелерін пайдалана отырып, қолжетімділікті басқару және сыртқы қауіптерден қорғау.

Ақпараттық қауіпсіздік аналитигі (Information Security Analyst)
Жүйелердің күдікті белсенділіктерін мониторингтеу, осалдықтарды талдау.
Деректерді қорғау үшін қауіпсіздік протоколдарын әзірлеу және енгізу.
Қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша есептер мен ұсыныстар дайындау.

Этикалық хакер (Ethical Hacker/Penetration Tester)
Қауіпсіздік жүйелерінің осал тұстарын анықтау үшін ену тесттерін жүргізу.
Қорғаныс жүйелерін тестілеу, осалдықтарды талдау.
Компанияның қауіпсіздігін нығайту үшін этикалық хакинг әдістерін қолдану.

Деректерді қорғау маманы (Data Protection Specialist)
Құпия деректерді қорғауға арналған саясаттар мен шараларды әзірлеу және енгізу.
Деректерге қолжетімділікті басқару және деректерді қорғау стандарттарының сақталуын қадағалау.
Деректерді сақтау және өңдеу қауіпсіздік шараларын бағалау және жетілдіру.

Кәсіби қызмет объектісі - Ақпараттық қауіпсіздік аудиторы
- Ақпаратты қорғау жөніндегі инженер
- Ақпараттық қауіпсіздік әкімшісі
- Жүйелік әкімші
- Ақпараттық қауіпсіздік қызметінің маманы
- Мәліметтер базасын талдаушы
- Ғылыми қызметкер
-Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қызметтер мен бөлімшелердің басшылары.
Білім беру бағдарламасының ерекшелігі -
Оқу түрі ҚББТ қолданусыз күндізгі
ҚББТ қолданумен күндізгі
Оқыту формасы Бүкіл оқу мерзіміне 240 академиялық кредитті және бір оқу жылы үшін қажетті академиялық кредитті игеру мерзімімен анықталады. Сәйкесінше оқу мерзімі 4 жыл. Студенттің оқу мерзімінің ұлғаюы немесе азаюы кезінде бір оқу жылында аз немесе көп академиялық кредиттер алуына рұқсат етіледі. Жоғары білімі немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалардың оқу мерзімі транскрипт (дипломға қосымша) негізінде айқындалатын білім алушының алғышарттары ескеріле отырып белгіленеді. Бұл ретте кредиттер қайта есептеледі және олардың көлемі жеткілікті және білім беру бағдарламасы үздіксіз болған жағдайда бұрын игерілген пәндер есепке алынады.
Оқыту тілі Қазақ; Орыс; Ағылшын
Кредит көлемі/сағат 240/7200
Білім алушыға қойылатын талаптар
Жоғары білім 
жоғары арнайы
білім жалпы орта білім
Бағдарлама менеджері Конырбаев Нурбек Беркимбаевич

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...