6В01603 – Тарих және қоғамтану (IP)
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45

6В01603 – Тарих және қоғамтану (IP)

Институт Гуманитарлық-педагогикалық 
Кафедра Тарих және археология
Білім беру бағдарламаларының тобы

В016-гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдерді даярлау

Атауы 6В01603 – Тарих және қоғамтану (IP) 
Аккредитация Сертификат
Білім беру бағдарламасының түрі Инновациялық
Білім беру бағдарламасының мақсаты Сапалы кәсіби білім беру, тарих пен қоғамтануды оқытудағы кәсіби құзыреттілікке, білім беру үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеуге, әлеуметтік ұтқырлыққа ықпал ететін әмбебап және пәндік-мамандандырылған құзыреттерге ие, бәсекеге қабілетті және еңбек нарығында сұранысқа ие тарихшы-қоғамтанушы педагогтарды дайындау.
Білім деңгей Бакалавриат (Жоғары білім)
Қызметтер тізбесі 6В01603 -Тарих және қоғамтану (ІР) білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврлары-негізгі және профильді мектептің, мамандандырылған мектептердің мұғалімдері, техникалық, кәсіптік оқу орындарының оқытушылары, мұражайлардағы, мұрағаттардағы ғылыми қызметкерлер қызметтерін атқара алады.
Кәсіби қызмет объектісі -меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық үлгідегі және түрдегі орта білім беру ұйымдары; 
- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;
- мемлекеттік мекемелер: мұражайлар, мұрағаттар және т. б. 
Білім беру бағдарламасының ерекшелігі «Тарих және қоғамтану» білім беру бағдарламасы «Орта білімді жаңғырту» жобасы аясында даярланған. Серіктес жоғары оқу орны- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе  өңірлік университеті.
«Тарих және қоғамтану» ББ – студенттердің сыни тарихи ойлауы мен санасын қалыптастыруға бағытталған пәндердің симбиозын қамтитын, жаңа біріктірілген бағдарлама. ББ мектептің құқық және дінтану негіздерін оқыту үшін қажетті құзыреттіліктері бар тарих пәні мұғалімдеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандырады. Бағдарлама орта мектептің де, оқушының да сұранысын ескере отырып жасалған. БББ әзірлеушілердің тәжірибесі болшақ мұғалімдердің қажеттіліктерін де, аймақтық ерекшеліктерді де ескеруге мүмкіндік берді. ББ дамыту пәнаралық, ғылыми интеграцияланған және проблемалық-бағдарланған тәсілдерге негізделген. Пәндік оқу курстарын таңдау тарих пен қоғамның өзекті мәселелеріне және халықаралық пәндік дескрипторларға сәйкес келеді.
Оқу түрі Күндізгі
Оқыту формасы Оқу мерзімі оқудың барлық кезеңіне 240 академиялық кредиттің және оқу жылына 60 академиялық кредиттің игеру мерзімімен анықталады. Тиісінше, оқу мерзімі 4 жылды құрайды. Оқу жылында студенттің академиялық кредиттердің неғұрлым аз немесе көп мөлшерін игеруіне рұқсат етіледі, ал оқу мерзімі көбейеді немесе қысқарады. Жоғары білімі бар немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар үшін оқу мерзімі, студенттің алғы шарттарын ескере отырып (дипломға қосымша) транскрипт негізінде  анықталады. Бұл жағдайда кредиттер беріледі және бұрын игерілген пәндер олардың көлемі мен білім беру бағдарламасының сабақтастығы жеткілікті болған жағдайда жүзеге асырылады.
Оқыту тілі Қазақ
Кредит көлемі/сағат 240/7200 
Білім алушыға қойылатын талаптар Жалпы орта білім беру
Түлек моделі Жүктеу
2024-2028 жылдарға арналған білім беру бағдарламасын дамыту жоспары Жүктеу
Бағдарлама менеджері Уткелбаев Кыдырбай Захманович

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...