7М01106 - Педагогика және психология (Ж.Баласағын атындағы Қырғыз Ұлттық университеті ҚДББ)
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45

7М01106 - Педагогика және психология (Ж.Баласағын атындағы Қырғыз Ұлттық университеті ҚДББ)

Институт

Педагогика және дәстүрлі өнер институты

Кафедра

Педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі

Білім беру бағдарламаларының тобы

М001 – Педагогика және психология

Атауы

7М01106 – «Педагогика және психология» (Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетімен бірлесіп жүзеге асырылатын қосдипломдық білім беру бағдарламасы)

Аккредиттеу

Сертификат

ББ түрі

Қосдипломдық білім беру бағдарламасы

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Педагогика және психология саласында терең ғылыми-теориялық білімі мен кәсіби құзыреттері бар, ұлттық және халықаралық білім беру ортасында оқытушылық, психодиагностикалық, консультациялық, ғылыми-зерттеу, жобалық және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті бәсекеге қабілетті магистрлерді даярлау.

Білім деңгейі

Магистратура (ғылыми-педагогикалық бағыт)

Берілетін дәреже

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті – 7М01106 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі; Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті – 530300 «Психология» бағыты бойынша психология магистрі

Лауазымдар тізбесі

Педагог-психолог; педагогикалық және психологиялық пәндердің оқытушысы; психолог-консультант; психологиялық қызмет маманы; ғылыми қызметкер; әдіскер; білім беру саласындағы сарапшы және жоба жетекшісі.

Кәсіби қызмет нысандары

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми-зерттеу институттары, орта және қосымша білім беру ұйымдары, психологиялық қызметтер мен орталықтар, білім беруді басқару органдары, біліктілікті арттыру институттары және әдістемелік кабинеттер.

Бағдарламаның ерекшеліктері

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің бірлесіп жүзеге асыруы; келісілген оқу жоспары бойынша білім алу; 3-семестрдегі академиялық ұтқырлық; пәндерді, кредиттерді және оқу нәтижелерін өзара тану; бірлескен ғылыми жетекшілік және екі университеттің талаптарын орындағаннан кейін екі диплом алу.

Оқу нысаны

Күндізгі

Оқу мерзімі

2 жыл. Оқу мерзімі 120 академиялық кредитті игеру кезеңімен айқындалады: әр семестрде 30 кредиттен және бір оқу жылында 60 кредит.

Оқыту тілі

Қазақ тілі; білім беру бағдарламасының жекелеген компоненттері орыс тілінде іске асырылуы мүмкін

Кредит/сағат көлемі

120 академиялық кредит / 3600 академиялық сағат

Оқуға түсушілерге қойылатын талаптар

Жоғары білімінің болуы және әріптес жоғары оқу орындарының қабылдау қағидаларына, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес түсу сынақтарынан табысты өту.

Түлек моделі 

Жүктеу

Білім беру бағдарламасын дамыту жоспары

Жүктеу

Бағдарлама менеджері

Бекжанова Бақытжамал Жорабекқызы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации