Бүгін Мұқағали Мақатаевтың туған күні
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 09 ақпан 2024
  • 1033

Бүгін Мұқағали Мақатаевтың туған күні

Қазақ поэзиясына ерекше екпін әкелген ақиық ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына 93 жыл толды. Айтулы күн қарсаңында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері шығармашылық кеш ұйымдастырды. Ақынның өмірінен деректер келдіріп, поэзия оқыды, өлеңіне жазылған әндерді шырқады. Студенттер сарайында өткен іс-шараға жастар театрының директоры, айтыскер-ақын Н.Мансұров, «Халық» газетінің бас редакторы Н.Көбегенұлы, «Amanat» партиясы Қызылорда қалалық филиалының қызметкерлері мен оқытушы-ұстаздар қатысты.

P2633064.jpg

P2633029.jpg

P2633072.jpg

Жиырмасыншы ғасырдағы озық ақындарының бірі болған Мұқағали туған халқына өшпес мұра, сарқылмас қазына қалдырды. Өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы ұлттық мектеп пен ұлы дәстүрді жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан санаулы саңлақтардың бірі. Ақын поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры – туған елі, өске н жері, Отан тағдыры мен замандастарының арман-аңсары. Осының бәрін жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен өлмес туындылар әкелді. Университет студенттері ұйымдастырған кештің соңында қонақтар өз қошетін көрсетті. Қара өлеңді қадір тұтатын халқы барда, сыршыл поэзиясы мәңгі жасай беретіні анық.

P2633095.jpg

P2633133.jpg

P2633158.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...